Оқырдың алдында Оқу кезінде


-топ Мақсатын анықтауға арналған оқылым



бет3/5
Дата20.09.2022
өлшемі256,62 Kb.
#150085
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҮМ топтық жұмыс
клин практика СД 2022 год каз, 1 СЫНЫП, nish-otvety-languages
3-топ
Мақсатын анықтауға арналған оқылым


Оқушыларға шағын топта əрбір мəтіннің мақсатын жəне мақсатты аудиториясын талқылау үшін үш мəтін беріледі: проспект (анықтамалық), саяси баяндама (біреудің көзін жеткізу) жəне қайырымдылық хат (үндеу). (Сынып жазбаның мақсатын, кімге арналып жазылғанын қалай анықтап, бұның мəтіннің стилі мен құрылымына қалай ықпал еткенін талқылайды).

  • Оқушылар сынып/топ ресурсын жасау үшін «Қармақ тілін» пайдаланады. Мысалы, оқушылардан, олардың ойынша, əртүрлі мақсатта/əртүрлі аудиторияға арнап жазылған кем дегенде үш мəтін табуды сұрайды. Кейін мəтіндерді ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастырады, айырмашылықтарын, мысалы, Венн диаграммасының көмегімен жазып алады. Бұл мəтіндерді курс барысында басқа жаттығу аясында ақпарат көзі ретінде пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

  • Оқушылар жұптасып оқырман мəтіннің қалай қатыстырылатынын, тілдік қолданыстардың қандай эмоция тудыратынын анықтайды.


4-топ


Белсенді оқылым тəсілдері
Бастапқы танысу
Құрылымы мен мазмұнын түсіну үшін тақырыбын, тараушаларын, фотосуреттер берілген жазбаларды жəне т.б. зерделеуді көздейді.
Мысалы:
Мəтінді оқырдың алдында оқушыларға тақырыбын беріңіздер де, олардан ассоциация жүргізуді сұраңыз, яғни тақырыпты оқыған кезде олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде мəтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.


Болжау
Мазмұны қандай болатынын жəне қандай сөздік қор қолданылатынын болжау үшін тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдері пайдаланылады.
Мысалы:
Оқушылар мəтіннің бір бөлігін оқып болғаннан кейін, олардың ойларынша əрі қарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мəтінде келтірілген, өз болжамдарына негіз болған ойларға сүйене отырып, өз болжамдарын дəлелдеулері тиіс.


Танысу үшін оқу жəне сканерлеу
Бұл тəсіл мəтіннің негізгі идеясын, стилі мен құрылымын анықтау үшін, мəтінді тез көз жүгіртіп оқып шығуды көздейді. Бұл тəсілді болжамдарды дəлелдеу үшін пайдалануға болады.
Мысалы:
Мəтінді оқырдың алдында оқушылар өздерінің қандай негізгі ақпарат іздейтіндерін анықтап алулары керек. Олар қандай тірек сөздердің мəтіндегі сол ақпаратты меңзейтініне назар аударуы тиіс. Оқушылар тірек сөздерді іздей отырып, мəтінді жылдам оқып шығады. Оларды тапқан жағдайда, өздерінің іздегені осы ақпарат па екенін тексеру үшін оқушылар тиісті бөлімді оқып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет