Оқыту бағдарламасы (силлабус)



бет3/6
Дата28.04.2020
өлшемі56,24 Kb.
#64938
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Силлабус стилистика
КТП с изменениями на 2020-2021 уч год (1)
Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, Қазақ тілінің оқыту әдістемесі, Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.

4.Курстың қысқаша мазмұны. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні студенттердің тіл мәдениеті мен стилистика туралы жүйелі теориялық білім алуына, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруына негізделеді. Бұл пән – филология мамандығында оқытылатын курстарды жинақтайтын, теория мен практиканы ұштастыра пайдалануды үйрететін басты пәндердің бірі.

Курс мақсаты: - студенттерге лингвистикалық стилистиканың бағыттары және негізгі ұғымдары туралы, әсіресе функционалдық стильдер мен тіл ярустарының стилистикалық мүмкіндіктері туралы білім беру, кез келген мәтіннің қай стильге жататынын ажырата білуге; тіл бірліктерін өз орнына, өзінің қолданылу аясына қарай дұрыс жұмсай білуге, тіл мәдениетін арттыруға үйрету.

Курс міндеті:

  1. Болашақ тіл мамандарын стилистика және тіл мәдениеті курсының теориялық негіздерімен таныстыру;

  2. Мәтіндегі стилистикалық қателерді, тілдік нормадан ауытқуды болдырмаудың жолдарын көрсете білуге үйрету;

  3. Ауызша және жазбаша жұмыстарды орындау үстінде тіл тазалығын, анықтығын, дәлдігін сақтауға баулу;

  4. Практикалық, лабораториялық сабақтар мен СОӨЖ, СӨЖ арқылы студенттердің бағдарламалық материалдарды меңгеретіндей шеберліктерін қалыптастыру.

  5. Студенттердің стилистикаға, тіл мәдениетіне қатысты ғылыми еңбектерді ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту.

  • әдеби тіл нормаларын қатаң сақтауға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет