Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер


Ұқсас ерекшеліктер арқылы топқа бөліну



бет4/20
Дата18.12.2023
өлшемі175,07 Kb.
#197540
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер-emirsaba.org
Тарих, Тест Аннотация
Ұқсас ерекшеліктер арқылы топқа бөліну
Мұғалім оқушыларға қандай да болмасын бір ерекшелікті айтып (мысалы; туған айы,жұлдызнамалық белгісі,шашының түсі,киімінің өлшемі,есімінің бас әрібі т.б) сол бойынша топқа бөлуіне болады.

Сандар арқылы топқа бөліну
Жұп сандар және тақ сандар арқылы екі топқа бөлінуге болады.Бірліктер,ондықтар,жүздіктерді парақшаларға жазып,оқушыларға таратып үш топ құрауға немесе 1,2,3,4,5 деп ауызша оқушыларға айтып,сол сандарды есте сақтап тұруларын ескертіп,бірлер бір топ,екілер бір топ,үштер бір топқа,төрттер бір топ,бестер бір топ құрауларына (сандарды тағы басқаша түрлендірулеріне) болады.

Ән шумақтары бойыншатопқа бөліну
Мұғалім оқушыларға ел арасында көп тараған немесе оқушылардың сүйіп орындап жүретін әндерінің шумақтары мен қайырмасы(немесе бір тобы құралатындай ән қатарлары) жазылған карточкалар таратып беріледі.Оқушылар сол әнді құрастырып,топқа бөлінеді және бірлесіп осы әнді айтуларына болады.

Суреттер арқылы топқа бөліну
Оқушыларға түрлі суреттер таратылып (мысалы; гүл түрлері,жануарлар,құстар,жеміс-жидектер т.б) суреттердің біркелкілігіне қарап үш-төрт адамнан бірігіп,топ құрауларына болады.

4-билет


  1. Интерактивті және инклюзивті оқыту ерекшеліктері


Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге мектеп қабырғасынан бастап үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті оқушының сабақ барысындағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Және оқушының белсенділігін арттыру үшін мұғалім көшбасшы ретінде жан-жақты жағдай жасай білуі қажет. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.


Интерактивті әдіс кезінде:
- сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды , бұл жағдайды орнату тікелей пән мұғаліміне қатысты;
- ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;
- онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.
Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда оқушылардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мынадай қарым-қатынасқа түседі:
1)мұғаліммен – оқушы;
2)жұппен жұмыс жасағанда;
3)шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);

4)белгілі бір топпен,аудиториямен ;


5)кейбір техника түрлерімен; (компьютермен, интербелсенді тақтамен немесе ғаламторға шыққанда т.б.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет