Оқыту процесі-тұтас жүйе


Оқытудың дамытушылық функциясы



бет3/4
Дата13.12.2021
өлшемі0,94 Mb.
#125167
1   2   3   4
Байланысты:
Оқыту процесі-тұтас жүйе
Оқыту процесі-тұтас жүйе
3. Оқытудың дамытушылық функциясы. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттері дамиды. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды. Дамудың ерекшелігі – ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, ол оқытудың, білім беру және тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Тәрбие мен білім беру дамуды артына салып отырады.

Оқыту процесі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Білім беру саласында оқыту процесінің мәні зор, өйткені оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік, тұлғалық қасиеттері, эстетикалық талғамы қалыптасып дамиды. Сол сияқты, ақыл-ойы, танымы, іскерлігі мен дағдысы қалыптасады.

Оқыту процесі – мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім, іскерлік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.

Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және компоненттерімен сипатталады. Олар:

2) мұғалім оқушының өмірге, ғылымға көзқарасын және қарым-қатынасын қалыптастыруы (сабақ беру) ;

1) ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны);

4) оқыту әдістері;

3) оқушылар ұжымы (оқу);

5) оқыту құралдары: дидактикалық және техникалық құралдары;

6) оқыту нәтижелері.



Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, салыстыру, жіктеу, жинақтау арқылы терең ұғыну қажет (оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.)

Іскерлік – алған білім негізінде оқушының практикалық әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес (мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу керек , т.с.с.)

Дағды  бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекеттерге машықтандыру (мысалы, тез оқу дағдысы – жүйелі түрде жаттығу нәтижесі т.с.с.).

Оқытудың педагогикалық, психологиялық ерекшеліктері:

1)    оқыту – мақсатты процесс;

2)    оқыту – таным процесі;

3)    оқыту -  даму негізі

4)    оқыту – екі жақты процесс;

5)    оқыту -  жоспарлы процесс;

6)    оқыту – бұл күрделі процесс.



Оқыту – күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен шығармашылық қаблетін, біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.

Оқыту – екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, ал оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық іс-әрекеті.

Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп отырады. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын түп қазық – мақсаттың жүзеге асуы.

Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет