Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


Физиканы оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері мен оқыту әдістері және міндеттері



бет9/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі
Хасанова, Zanyatie 4 Rak legkikh Kamyshev E, 1513622105, Емтихан сұрақтары (3), 06.02 сын.сағ., АкушГине 220без ответа), Ағаш морфологиясы., Стандартизация ЛС природного происхождения методичка 3 курс тема 9 каз
1.2. Физиканы оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері мен оқыту әдістері және міндеттері.
«Физиканы оқыту әдістемесі» пәнінің міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру формаларын қарастыру және тағы басқалар кіреді.
Физиканы оқыту әдістемесінің зерттеу объектісі – физиканы оқыту процессі. Міне, осы тұрғыда орта мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім беру, оларды жан – жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.
Білім беру міндеті – барлық басқа пәндер сияқты физиканы оқыту әдістемесінің де негізгі міндеті. Соның нәтижесінде оқушылар физиканы негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.
Дамыту міндеті. Бұл міндет оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Сан алуан ақпараттар тасқынында дұрыс бағдарлай білуге, түрлі логикалық операцияларды меңгере алуға, сөйтіп, формальді – логикалық ойлау формасына диалектикалық және шығармашылық ойлау формасына көтерілуге жеткізеді.
Тәрбиелеу міндеті. Бұл міндет те, жоғарыдағы міндеттер тәрізді, жалпы оқыту кешенінің мұратына сәйкес – қоғам дамуының талаптарынан туындайды. Өйткені, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері – бәрі, сайып келгенде, өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы. Міне, сондықтан да мектепте мұғалім қызыметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту, негізінен алғанда, оқушылардың ғылыми көз қарасының қалыптасуына, ой – өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі – үлгілі болуға баулиды.
Физиканы оқыту әдістемесі мынадай мәселелерді шешеді:

  • физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру;

  • тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру;

  • мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру;

  • аса тиімді әдістермен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне өндіру.

«Физиканы оқыту әдістемесі» – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту процесінде тәрбиелейтін және дамытатын педагогикалық ғылым. Әрине физиканы оқыту әдістемесі өзге әдістемелік ғылыми пәндер тәрізді өзі енгізген әдісінің нәтижесін, білім беру дәрежесі мен үлгерімнің көрсеткішін график, өрнек түрінде бере алмайды. Түбінде мынадай заңдылық ашылуы тиіс. Бұл әдістеменің заңдылықтары–статикалық сипаттағы заңдылықтар. Сондықтан, әдістемелік зерттеулерде статика заңдылықтары қолданылады. Шынында оқыту және тәрбиелеу процестері өте күрделі жүйелер, олардың іске асырылуы кезеңінде толып жатқан факторлар өз ықпалын тигізеді, ал оларды қалт жібермей ескеріп алып отыру оңай емес.
«Физиканы оқыту әдістемесінің» мазмұны мынадай құраушы бөлімдерден тұрады:

  • физиканы оқыту әдістемесінің теориялық негізі немесе жалпы мәселелері;

  • физика оқыту әдістемесінің жеке түрі;

  • мектеп физика экспериментінің техникасы;

  • мектеп физика есептерінің шешу әдістемесі.

«Физиканы оқыту әдістемесінің» жалпы мәселелерге мыналар жатады: орта мектепте физиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқылатын курстын мазмұны мен құрымы, физиканы оқытудың әдістемелік және психологиялық негіздері, оны оқытудың өмірмен байланыстылығы, оқу процесінде политехникалық білім беру, физика курсындағы әр түрлі эксперименттерді қамту, физика материалдарын түсіндіру негізінде оқушылардың ойлау – танымдық қабілетін дамыту, материалистік-диалектикалық көзқарасты қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта түсу, оқыту әдістері және физикадан сабақ өткізуді ұйымдастыру және т.б.
«Физиканы оқыту әдістемесінің» ішінде жеке әдістемеге әрбір тарау мен тақырыптың мазмұны, материалдың берілудегі жүйелік, әр түрлі түсініктердің қалыптасу жолдары, заңдар мен теориялардың мағынасын ашу әдістері және тағы басқалар кіреді.
Мектепте физика экспериментінің техникасына физикалық оқу экспериментінің маңызы мен жүйесі, эксперименттерге қойылатын негізгі әдістемелік талаптар, қауіпсіздік техникасының талаптары және тағы басқалар кіреді.
Физикалық есептерді шығару әдістемесіне физикалық есептердің маңызы, классификациясы, түрлері және оларды шығару тәсілдері кіреді.
Физика оқыту әдістемесінің зерттеу әдістерін қарастырайық. Жалпы педагогика зерттеу әдістері тәрізді физиканы оқыту әдістерін де негізгі екі топқа бөлуге болады: мазмұндық және шарттық әдістер.
Мазмұндық әдістер деп фактілерге, бақылаулар мен тәжірибелер сүйенген, солардың негізінде абстракциялау, талдау, жинақтау жасалатын теориялық қорытындыны айтамыз.
Шарттық әдістер бұл педагогикалық құбылыстар мен процестің саңдық көрінісі, оқу материалдары мен оқушылар білімінің жүйелік құрылымдық талдануы. Бұл шарттық әдістерде абстракциялау мазмұндық әдіске қарағанда көбірек, әрі жаңа түсініктерді ескі түсініктер негізінде қисындау тәсілі басым.
Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:
1.Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының көлемін және мазмұнын анықтау.
2.Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі, оңайдан қиынға қарай бірте - бірте өсіп отыруы тиіс.
3.Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдерін және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. Мәселен, ауызша баяндау, әңгімелеу, эксперимент, талдау және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау(модельдеу) және тағы басқалар.
4.Бағдарламалық жадыхаттарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық - техникалық базасын (физика кабинеті, эксперименттік және көрекі құралдар және тағы басқаларді анықтау.
5.Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ( үйірме, экскурсия, олимпиада және тағы басқаларді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау.
6.Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін ғылыми материалистік, патриоттық, эстетикалық, этнопедагогикалық, тәлім-тәрбие жұмыстарға бағдар-бағыт беру.
7.Оқушылардың эксперименттік білімдері мен ебдейліктерін және дағдыларын қалыптастыру.
Физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеті – физиканы не үшін оқытамыз, физикада не нәрсеге үйретеміз, физиканы қалай оқытамыз деген сұрақтарға жауаптардың ізденісі. Әдіске деген қарым – қатынастың жеке түсінігінің әдістік деталі әдістемелік амал болып табылады. Осыдан байқайтынымыз әдістемелік амал және әдіс деген ұғымды бөліп қарау. Шығармашылықтың кейбір түрлері бір кезде оқыту әдісі ретінде болса, келесі жағдайда амал ретінде қолданылуы мүмкін.
Әдістемелік жүйенің құрамына кіреді: оқыту мақсаттары, мазмұны және оқытудың әдістері, формалары, тәсілдері.
Физика әдістемесінің ғылыми – теориялық негіздері ретінде теориялық талдау, нобайлау, эксперимент, дара тұлға мен қарекетті дамыту теориялары, таным мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинақтау, оқушылардың ойлауы мен еңбек ету ерекшеліктерін пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет