Оқытудың интерактивті әдістері



бет10/14
Дата12.12.2022
өлшемі3,49 Mb.
#162434
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ СЛАЙД
Әлия Молдағұлова

Ақылдың алты қалпағы


Толығырақ: http://en.wikipedia.org/wiki/Six_Thinking_Hats
Мақсаты:
Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс.
Ұйымдастыру: Арнайы еш нәрсе жоқ
Жұмыс алгоритмі : Алты қалпақтың әрқайсысы ойлаудың түрлі элементтерін, аспектілерін білдіреді. Оқушыларға қалпақ беріледі (рас қалпақ немесе ойдан шығарылған) де, олардан мәселені талқылау барысында барлық ой операцияларын (ойлану, талдау т.б.) осы қалпақтың түсіне сәйкес келетін шекте жүргізу сұралады. Бұл әдістің көздегені: осылайша мәселенің немесе ойдың барлық аспектілерін қамтитын карта жасау. Сынып топтарға бөлініп, бір топқа бір түсті қалпақ беріледі. Мұғалім әңгімені жүргізеді.
Мазмұнға оралу

Еркін әңгіме


Мақсаты:
Оқушының жауапкершілігін, көшбасшылығын ынталандырып, мұғалімнің материалды қайтадан пайдалануын болдырмауды көздейтін әдіс.
Ұйымдастыру:
Топтар немесе барлық сынып, шеңбер, үстел немесе орындықтар.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бұны шағын топта, сондай-ақ бүкіл сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай әңгіме барысында оқушыларға көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда жүрсе, мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Аталған мәселені шешудің тағы бір жолы: бір оқушыдан көмекші болуды сұрауға болады, бұл техника оқушылар үйлестірушінің өзін қалай ұстауы қажеттігі туралы тәжірибеден өткеннен кейін, олармен осы рөлдің негізгі аспектілерін талқылауға мүмкіндік береді.
(Ақпарат көзі http://www.at-ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)
Мазмұнға оралу

Тікелей радиоэфир


Мақсаты:
Оқушыларды белсенді тыңдау, көптеген талқылау дағдыларын дамытуға ықпал етуге бағытталған әдіс.
Ұйымдастыру:
Радио жүргізуші-мұғалім (немесе оқушы) төрт қонақты (оқушыны) және аудиторияны (қалған оқушылар) қарсы алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет