Оқытушы туралы мәлімет


Жер төсемінің сулы жылу тәртібі



бет15/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau
соц
Жер төсемінің сулы жылу тәртібі. Жер төсемінің сулы жылу тәртібі деп жылдың әр мезгіліндегі жер төсемінің әр нүктесіндегі температура мен ылғалдықтың заңды түрде өзгеруін айтады. Бұл өзгерістерді білу және есепке алып отыру жолды жобалау кезіндегі мәселе. Жер төсемін құрастырып тұрған топырақ беріктігі аса маңызды дәрежеде оның ылғалдығына байланысты. Жер төсеміндегі W – ылғалдық мөлшері, мына теңдеуге сәйкес бір жыл бойы өзгеріп отырады:
+▲W = q – p
бұл жерде ▲W – топырақ ылғалдығының өзгеруі;
q – мерзімдегі судың келуі;
p – осы мерзімдегі судың шығыны.
Жер төсемінің топырағына қарай мынадай белгілі себептермен су келуі мүмкін:

  • жер төсемінің шетіне түсетін атмосфералық жауын-шашын, судың сіңуі және жанама жатқан жерге ағып келуі;

  • қабырға орнында қорлар жер төсемінің бөктеріндегі жерлердің бетіндегі судың капилляр тетігінен өтіп кетуі;

  • капилляр тетіктері мен маусымды жер асты суының немесе топырақты судың көтерілуі;

  • жер төсемінің капилляр ылғалдығы бөлшектерден жай ғана бөлшектерге ауысуы;

  • молекулярды күш ықпалынан ұштастырылған қабыршықты судың ауысуы.

Температура төмендеген жағдайда тетіктердегі судың бу конденсациясы.
Берілген жер төсемінің бөлігіндегі судың жоғалуы оның жер төсемі тереңдігіне өтіп кетуінен болады, жер төсемінің құрғақ бөлігіне капилляр және қабыршықты судың ауысуынан, сонымен қатар топырақ тетіктеріндегі судың булануы және бу басқа жер төсемінің бөлігіне (жер төсемінің қабатына) ауа-райына айналуы мүмкін.
Жер төсемінің түрлі қабатының ылғалдық мөлшеріне су балансының теңдеуіне кіретін себепкер шарттарын басқа топырақты жылыту температурасының ауытқуы да әсер етеді. Жол киімдері ылдиының және қиялардың жағдайы түрлі болуы және булануы топырақпен жол киімдерінің жылу өткізгіш материялының әртүрлі болу әсерінен, олар жер төсемінің дене температурасының төмендеуін тудырады.
Температураның түсуі жылудың ауысуына әкеп соқтырады және жер төсемінің бөлігіндегі температурасы 00С жақын болса, судың ауысуына немесе күшеюіне әкеледі. Қыс түсумен топырақтың қатуына байланысты және жер төсемі қабатындағы температура айырма әсерінен ылғал төмен жатқан жоғары температурасы бар қатардан жоғарыдағы мұзды қабатына ауысады.
Шаңды топырақта судың төмендеу орналасуында мұндай жүріс қарқынды өтеді. Мұның салдарынан көктемде жер төсемі жібіген соң жол киімі негіз астындағы топырақ ылғалданып кетуі мүмкін. Жаз жақындаған сайын жер төсемінің ылғалдығы төмендейді, ал топырақ беріктігі ұлғаяды. Су балансының теңдеуіне кіретін себепкер шарттың әсер етуін ескере отырып, бұл әсер ауа-райының түрлі жағдайында байқалады, су тәртібінің өзгеру сипаты белгілі дәрежеде сол жергілікті ауа-райына байланысты. Әдеттегідей, жолды салу құрылысы неғұрлым оңтүстікке жақын орналасса, соғұрлым жер төсемінің су тәртібі қолайлы болады. Бұл қарқынды ылғалданудың төмендеуіне түсінік: топырақты судың терең түсуіне, жауын-шашынның азаюына және буланудың көбеюіне байланысты.
Осыған байланысты оңтүстіктің құрғақ аймақтарында топырақты судың жер төсемі су балансының өзгеруіне әсері төмендейді, сонымен қатар ылғалдың бу тәрізді ауысуының рольі өседі.
Топырақ ылғалдығының өзгеруі жер төсемінің пішіні мен жол киімінің жылу өткізгіштігі және су өткізгіштігіне байланысты.
Топырақ ылғалдығына аса маңызды әсер тигізетін жергілікті рельеф және жер төсемінен суды бұру тәсілі, әсіресе төмен жерлерде бұру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет