Оқытушы туралы мәлімет



бет22/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau
соц
Темірбетон құбырлар. Бұлар жол құрылысында кең тараған, олар бекем әрі төзімді, көбінде дөңгелек болып келеді, кей кезде тікбұрыш көлденең қиылысқан болып келеді. Оларды дайын темірбетон элементтерінен жинайды. Көбінесе дөңгелек темірбетон құбырларын пайдаланады оған бетон аз шығындалады, оның шығырланған түрінің артықшылығы, буындарының жиналуына және орын ауыстыруда, дөңгелектеуге ыңғайлы екендігінде(81с).
Дөңгелек құбырларының диаметрі 0,75 тен 1,5...2,0м дейін дайындалады. Жиналмалы құрылыстың дөңгелек құбыр буындарының ұзындығы 5,0 м-ден аспайды. Қабырға қалыңдығы 8-ден 15 см дейін өзгереді ол құбыр диаметрімен жер үйімінің биіктігіне байланысты. Құбыр тесігінің ауылшаруашылық жолдарындағы жер үйінділер астының ұзындығы 15 м болса тесігі 1,0 м болады, ал жер үйінділерінің түсетін жерінде - 0,5 м болады. Буындарды М:150 немесе М:200 бетоннан жасайды және бұралған немесе шығырланған қос арматурадан жасайды.
Спираль орамын, ағаш дуалын қатайтатын, тарату арматурамен қосады. Құбыр аяғына кіріс және шығыс ауыздықтарын қоныстатады.
Топырақты және сулы жағдайлардың қолайлылығынан құбырларды тікелей кескінтас пен құм қоспасын текшесінің үстінен қалауға болады, алайда, көп жағдайда буындарды ұйытқылы немесе құрама іргетасқа қоныстандыру керек.
Буындардың жоғарғы бетін екі рет ыстық битуммен жағып шығу керек. Қондырып болған соң пайда болған тігістерді (қалыңдығы 1см) серпінді гидрооқшауланған құралмен толтырады (битум сіңген қалдықтармен). Сыртынан екі қабат рубероидпен оқшаулайды, оны битумдаған жерге жабыстырады, ішкі жағын цемент ерітіндісімен бітейді. Іргетассыз құбырлар ережеге сай 0,5 - 0,75 және 1,0 м диаметрлі болады. Кейде өте жақсы инженерлік-геологиялық жағдайда (тығыз құм, қатты саз) және техникалық-экономикалық негіздеуіне сәйкес 1,25 және 1,5 м диаметрлі іргетассыз құбыр жабдығы жіберіледі, бұл жерде жер үйімінің биіктігі 4 м болу керек.
Негіз топырағының сапасына және құбырдың талап етілетін тетігіне қарап, буындарды негіздің өзіне жайылатын ұсақ тас пен құмды және кескінді тас пен құмды жастықшалардан тұрады. Іргетассыз құбырлар бір және көп ұпайлық болады. Көп ұпайлық (екі, үш) құбырларды топырағы жақсы негіздерде және үлкен диаметрлі құбырды пайдалануға болмайтын, жер үйімі биік емес жерлерде пайдаланады, ал есептелген су шығынын өткізуде бір ұпайлық диаметрлі құбыр жеткіліксіз. Іргетассыз құбырларға тек жұмыстың арынсыз кестесі ғана жіберіледі.
Тікбұрышты темірбетонды құбырлар 1,5...4 м жарықта тетігі бар, 20 м/с3 көп су өткізуге есептелген. Тікшіл қабырғалар (темірбетоннан бөлек) кейде бетоннан, тастан жасалынады, ал жоғарғы тақталар темірбетоннан жасалады. Тақталарды бостау етіп бағаналар үстіне орналастырады немесе оны бағаналардың жоғарғы бетіне сөккіш ретінде пайдаланады. Бұл жағдайда бағана мен оның іргетасын кішілеу етіп жасаған дұрыс.
Тас құбырлар . Бұл құбырлар төсенді тас тосқауылдары жақын жерде орналасқан аудандарда кездеседі және көлік тасымалы оған көп шығындалмайды. Олар дөңгелек емес тәрізді тасты жиынтығын құрайды оның пролеті 4...5м дейін барады, олар қабырғаға қарай сүйене келеді.
Іргетастың, қабырғалардың, жиынтықтар және ауыздықтар материалы бұттық тас қаландысы, оның уақытша нығыздау қарсылығы 35 МПа-дан кем емес. Жиынтықтар шеңберлі болып келеді және пролеттің 1/3-не тең, көтерілу жебесіне ие. Жиынтықтың ең аз мөлшердегі қалыңдығы 30 см, бетоннан жасалғаны 20 см.
Әлсіз топырақтарда ортақ іргетасын кондырады, ал бекем топырақтарда бөлек болады ол әрбір қабырға асты үшін жасалады. Іргетас тереңдігі қатқан топырақ тереңдігіне сай болуы тиіс. Ұзындығына байланысты құбырды іргетаспен қоса тігіспен 3...6 м буындарға бөледі. Буын арасындағы тігістерді су өткізбейтін тығыз материалдармен толтырады (битум сіңген смолалы тақтайшалардан немесе қалдықтардан). Тас құбырларының жалпы кемшілігі оны құрудағы машақаттығының көптігі сондықтанда оны аз пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет