Оқытушы туралы мәлімет


Жоғарғы беттегі суды бұру



бет19/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau
соц

1.6 Жоғарғы беттегі суды бұру


Жолдан жоғары беттегі суды бұру үшін келесі шараларды өткізеді: жол киімі мен жер төсемінің көлденең қапталына дөңес келбет береді, бұл жолдың жоғары жағынан суды ағызып жіберу шарасы, қабырға және су бұратын орлар немесе су бұру қорларын, булану алабын қондырады, тау орларын қоныстандырады. Біркелкі және кезеңдік су ағысы үшін әртүрлі суөткізу құрылысын салады, сонымен қатар жер төсемінен алшақ етіп қабырға ойықтарынан суды бұрып әкететін құрылыс салынады. Жабынның түріне сай жол киімнің еңісін 15 – 40% дейін қабылдайды. Неғұрлым жабынның беті жазық болса, оның көлденең еңісі соғұрлым үлкен болуы тиіс, су жүретін жерде қалмау керек.


Бұл еңістерді тағайындау көлік жүрісін қауіпсіздендіру жағдайымен шектеледі. Жабыннан қарағанда қиялардың ағысын жақсарту үшін 20% көп көлденең еңіс жасалады.
Жол жиегінің орын жол бетінен және оған жақын жерден ағатын суды бұру үшін қоныстатады. Оларды (5% кем емес) тік еңіс етіп жобалау керек. Бұл жағдайда қабырға оларды судың жер төсемінің бетін құрғатады.
Суды бұрумен қамтамасыз етпей және судың көп тұрып қалуы қабырға орлары судың жер төсеміне өтуінің көзі болып оны ылғалдандырады.
Қиғаш таулардан жолға ағатын суды ұстап қалу және оны жақын жерден төмендету, орналасқан рельеф жеріне немесе су бұру құрылысына бұру үшін трапециялды көлденең қиылысқан таулы ор қондырады.
Таулы ордың көлденең қиылысу мөлшерін (шектен тыс шамада) гидравликалық есеппен негіздейді.
Едәуір тік еңісті орды жобалауда мынаны ескеру керек, су ағысының жылдамдығы ұлғайса, орды шайып кетуі ықтимал. Бұған тосқауыл қою үшін ордың түбі мен бөктерін әртүрлі тәсілмен бекітеді: шымдау, ұсақ тастау, топырақты органикалық орамды материалмен өңдеу, таспен қарымдау.
Жер төсемін жер асты суының зиянды ықпалынан сақтап қалуда келесі шараларды қолданады:

  1. Жол киімі негіздерін жер асты суынан тым жоғары биіктікте орналастыру.

  2. Жер төсемі дөңесінде капиллярды, қабыршық және бу тәрізді ылғалдық өтпеу үшін бір қабат қондыру.

  3. Жер асты су деңгейінен төмен етіп құрылыс қондыру.

Жер төсемінің жер асты су денгейінен жоғары көтеру мөлшері немесе жер беті суы ұзақ тұру деңгейін жер төсемінің топырағына және ауа - райы жағына қарап қабылдайды.
Жер үйімін жоғарлатуға жер төсемін салуға мүмкіншілігі болмаса, төсем ішіне оқшауланған немесе ылғалды өткізбейтін қабаттарды қарастырады. Оларды жабын бетінен 0,5-0,8 м тереңдікте барлық төсем енімен қондырады (топырақ түріне және ауа – райына байланысты) бірақ жер асты суы деңгейінен 20 см кем емес жоғары болу керек.
Төсемдегі оқшаулағыш қабаттарды су өткізбейтін материалдан қондырады (жұқалығы 5 см дейін топырақ, битум, қара маймен өңделген) бұл жер асты суы ықпалына қарсы тұруға бекем болу керек.
Капиллярды өткізбейтін қабаттарға жақсы фильтрлі материал қолданады (кескінтас, құм ) оны 12-20 см етіп салады.
Асты – үстінен лайланбайтын фильтрлі материалды жер төсемі топырағын өткізбейтін жергілікті материалдан қабат қондырады.
Жер асты суы деңгейін жай жағдайда төмендету топырақтың сулы қабатына тереңдетілген ашық құрғақтатқыш ор көмегімен жасауға болады. Құрғақтатқыш орларын 1 м дейін қондырады олар темір бетоннан жасалған. Сөгілетін кесекті тігінен қойып, қатайтылған дуалдармен жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет