Оқытушы туралы мәлімет



бет56/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau
соц
W=Hх сosα, (1)
мұнда, W-жолақтардың есептелеген ені, м;
H- жолақтардың базистік (ұсынылған) ені, м;
сosα - жолақтарға перпендикуляр мен эрозия жағынан
қауіпті жел бағытының арасындағы бұрыш.
Жел және су эрозиялары бірлесе көрініс тапқан жағдайларда, территорияны реттестірудің сызықтық элементтерін орналастыру мәселесі келесі реттілікте шешіледі. Еңістігі 0,003 аспайтын, тегістеу территорияларда сызықтық элементтер желдің бағытына қарай орналастырылады, ал одан құламалы еңістіктерде – горизонтальдардың бағыттары ескеріліп отырады. Егерде контурлық жолақтардың бағыты эрозия жағынан қауіпті жел бағытымен бірдей болса, пар жолақтарының орнына сұлы егіледі.
1.9 Алқаптық жол торабы әрбір учаскеге ыңғайлы және ең қысқа жолмен жетуді қамтамасыз етуге тиісті. Алқаптық жолдар горизонтальдарды бойлай қажетті еңістікті сақтап немесе жел бағытына көлденең орналастырылады. Жолды баурай бойымен жобалаған кезде оны горизонтальдарға перпендикулярлы орналастырады. Бұндай жағдайда жолды су шайып кетпеу үшін ағынды шашыратып жіберетін шараларды ескеру қажет.
1.10 Орман белдеулері бедер мен жел бағыты ескеріле отырып орналастырылады. Негізгі су реттегіш орман белдеулері горизонтальды бойлай, ал көлденеңдері – оларға перпендикулярлы жобаланады.
Жел қағатын орман белдеулері эрозия жағынан қауіпті желдің негізгі бағытына көлденең орналастырылады.
1.11 Қарапайым гидротехникалық құрылыстарды жобалау келесідей реттілікте және талаптарды орындай отырып жүзеге асырылады. Қарапайым гидротехникалық құрылыстардың ара қашықтықтары су ағынының шаю қабілеттілігімен себептеледі. Соңғысының жылдамдығы гидротехникалық құрылыстардың арасында белгіленген шамадан аспауға тиісті. Құрылыс трассасының еңістігі бір бағытта және 0,003-0,005 аралығында болуға тиісті. Параллельдікті қамтамасыз ету мақсатымен трассаның кейбір учаскелерінде бұл көрсеткіш 0,001-0,010 аралығында болуы мүмкін.
1.12 Қалдық шайылу шамасы бойынша танаптармен жұмысшы учаскелер бағаланады (кесте 5). Эрозияға қарсы шаралар кешені эрозия деңгейін қажетті көрсеткішке дейін төмендеуін қамтамасыз етуге тиісті (кесте 4).
Кесте 5 Топырақтардың шайылуына және типіне қарай жіберілген
шайылу деңгейін анықтау



Рет. №№

Топырақ типтері

Шайылмаған және шамалы шайылған

Орта
ша шайылған

Күшті шайыл ған

1

Шымды – күлді сұр және ашық сұр орман топырақтары

2,0

1,5

1,0

2

Күңгірт – сұр орман, қышқыл қара топырақ, күлденген және кәдімгі қара топырақ

2,5

2,0

1,5

3

Типті қалың қара топырақ

3,0

2,5

2,0

4

Оңтүстік қара топырақ, ашық қоңыр топырақ

2,0

1,5

1,0

5

Қоңыр және ашық қоңыр топырақ, шөлейт сұр топырақтары

1,5

1,0

0,5

Эрозияға қарсы әртүрлі шаралардың әсер ету коэффициенті және пардағы топырақтың шайылу белсенділігі пайдалана отырып, қалған шайылу шамасы анықталады (кесте 5).


Ауыспалы егістіктің әсер ету коэффициенті ауышаруашылық дақылдар бойынша төмендету коэффициенттердің орташа салмақталған шамасы және олардың ауыпалы егістіктердегі үлес салмағы ескеріле отырып есептеледі.
Топырақты терендетіп сыдыра жырту және саңлаулату шайылу белсендігін 0,7 шамасымен төмендетеді. Контурлық өндеудің әсерін ескеретін коэффициент 1-2° еңістікте 0,6, 3-8° - 0,5, ал сабан шашқанда 0,9 құрайды.
Топырақтың бір тонна қордасын қалпына келтіру үшін 19560 тенге қаржы қажет. Бұл көрсеткіштің жалы шамасын есептеу мақсатымен төменгі формула қолданылады:
РхQшх r х 19560
З = ----------------------- , (2)
100
мұнда, З – қорданы қалпына келтіруге қажетті қаржы көлемі, тенге;
Р – жер учаскесінің (танаптың) ауданы,га;
Qш –қалған шайылу деңгейі, тонна;
r– қорданың топырақтағы үлес салмағы, %.

Кесте 6 Жұмысшы учаскелерінің шеңберіндегі


эрозияға қарсы күресу кешені



Ауыспалы
егістіктердің №№

Танаптар мен жұмысшы учаске-лер №№

Танаптар мен жұмысшы учаскелер аудандары, га

Шайылудың есепетелген ең жоғары шамасы

Шайылудың есепетелген шамасын төмендететін коэффициенттер

Қалған шайылудың есепетелген шамасы, т/га

Қалған шайылудың салдарынан жойылған қорданы қалпына келтіруге кажетті қаржы көлемі, тг

ауыспалы егістікті еңгізу

топырақты контурлық өңдеу

ылғалды азайтатын агрошаралар

сабан шашу

1

1-1

120

2

0,44

0,6

-

-

0,53

49760,6




2-1

80

8

0,44

0,6

0,7

-

1,5

93888,0

1.13 Жыртылған жер территориясын реттестірудің нұсқалары эрозияға қарсы шараларды жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы көлемі мен сол шаралардың сусіңіргіш және топырақ қорғау тиімділігінің айырмашылығы бойынша да бағаланады.


Эрозияға қарсы шаралар кешенінің су сіңіру тиімділігі қосымша ылғал жиналу арқылы қосымша өнімнің көлеміне қарай бағаланады. Қосымша түсімділік көлемі контурлық өңдеуге 1,5 ц/га, дақылдарды жолақтап орналастырғанда 14%, сусіңіргіш агротәсілдер (саңылаулату, тереңдете сыдыра жыртып өңдеу) есебінен 3 ц/га құрайды.
Эрозияға қарсы шаралардың тиімділігі қалған шайылым шамасы арқылы аңықталады. Оны анықтау барысында әртүрлі шаралардың эрозияға қарсы әсері ескеріле отырып, түзетулер еңгізіледі.
Сонымен қатар эрозияға қарсы жүйенің тиімділігі топырақты қалпына келтіруге эрозияның салдарынан жоғалған қорда мөлшерін толықтыруға жұмсалатын шығындардің көлемі бойынша да бағаланады.
В.В.Докучаев атындағы топырақ институтының есептеулері бойынша жоғалған 100т қорданың орнын толтықтыру үшін (торфты – көңді жер өңдегіші) жалпы көлемі 1956 мың тенге қаржы жұмсау қажет екен.
Осымен қатар эрозияға қарсы шараларға керек қосымша шығындар да ескеріледі. Олардың арасында: контурлы қисықсызықты өңдеуге – 104 тг/га; дақылдарды жолақтап орналастыруға -780-1040 тг/га; су сіңіргіш агротәсілдерге (саңылаулату, тереңдете сыдыра жыртып өңдеу) - 378 тг/га.

Кесте 7 Жоба нұскаларының экономикалық тиімділігі




Көрсеткішттер

Өлшем бірлігі

Нұсқалар

1. Эрозияға қарсы шараларға кететін қосымша шығындар:
а) қисықсызықты контурлық өндеуге
б) дақылдарды жолақтап орналастыруға
в) су сіңіргіш агротәсілдерге
г) қорданы толықтыруға кететін шығын
Шығындар көлемі, барлығы:
2. Алынатын қосымша өнімнің көлемі
а)контурлық өңдеу арқылы
б)дақылдарды жолақтап орналастыру арқылы
в)су тартқыш агротәсілдер арқылы
Қосымша өнім көлемі, барлығы









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет