Оқытушы туралы мәлімет



бет55/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau
соц
Жұмысты орындау тәртібі
1. Ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру және олардың территориясын реттестіру
1.1 Лабораториялық сабақтар
Ауыспалы егіс типін, түрін, санын, өлшемдерін анықтау; оларды жер массивіне орналастыру, әрбір ауыспалы егістің территориясын орналастыру; қабылданған шешімдерді негіздеу.
Тапсырманы орындау тәртібі.

  1. 1.1 Ауыспалы егістіктер жүйесі мынадай талапарға сәйкес болуға тиісті: егіншіліктің жоспарланған жалпы және тауарлы өнімінің жалпы шығым көлемін қамтамасыз ету; жыртылған жердің әрбір учаскесін оның табиғи қасиеттері мен ауылшаруашылық дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып пайдалану; топырақ эрозиясымен және басқа келеңсіз табиғи құбылыстармен күресу шараларын жүзеге асыру; жұмысшы күшін, ауылшаруашылық техниканы, көлік және басқа құралдарды толық және тиімді пайдалануға жағдай жасау.

1.2 Жыртылған жердің территориясы зерттеледі. Жел және су эрозиясына ұшыраған жыртылған жерлер және топырақ қорғайтын ауыспалы егістер жүргізуге ұсынылған учаскелер белгіленеді.
1.3 Жобалау ауданы мен орналасуы, жыртылған жер алқаптарының ерекшеліктеріне қарай анықталатын ауыспалы егістіктерден басталады.
1.3.1 Жел және су эрозиясының қауіптілігі бойынша жер категориясы картасының негізінде, алдын ала әзірленген эрозияға қарсы шаралар кешенін ескере отырып, ауыспалы егістің типі, түрі олардың саны, дақылдардың кезектелу схемасы анықталып, ауыспалы егіс массивінің межелері белгіленеді.
Дефляция жағынан қауіпті екінші категорияға жататын топырақтарда жолақтап орналасқан көпжылдық шөптері бар ауыспалы егістіктер жобаланады. Дефляция жағынан қауіпті үшінші категориядағы топтақтар шабындықты - жайылымдық ауыспалы егістіктерге пайдаланылады. Жел эрозиясы жағынан қауіпті бірінші категориядағы топырақтарға пар жолақталып орналасқан алқаптық ауыспалы егістіктер жобаланады. Су эрозиясынан сақтану мақсатымен де ауыспалы егістіктердің осы типтері қолданылады.
Шайылу белсенділігі бойынша бөлінген 1 және 2 категориялардағы топырақтар алқаптық ауыспалы егістітердің астына пайдаланылады.
Шайылу белсенділігі үшінші категорияға жататын топырақтар жолақты типті топырақ қорғау ауспалы егістіктердің құрамында пайдаланылады.
Төртінші категориядағы су эрозия жағынан қауіпті топырақтарда шабындықты - мелиоративтік типтегі ауыспалы егістіктер жобаланады немесе егіншіліктің контурлық- мелиоративті жүйесі қолданылады.
Жел және су эрозиялары бірлесе көрініс табатын жерлерде арнайы дефляцияға карсы шараларды (дақылдарды жолақтап орналастыру, көпжылдық шөппен шалғындау) талап ететін территориялар белгіленіп, қажетті ауыспалы егістіктер схемасы таңдалады. Бірінші категориядағы дефляция жағынан қауіпті топырақтарда ауыспалы егістіктердің типтері бұл топырақтардың су эрозиясы жағынан қауіптілігіне қарай белгіленеді.
1.4 Шаруашылық орталықтары мен мал азықтық алаптардан орналасу қашықтығын ескере отырып, көп еңбек сіңіруді қажетсінетін және ауыр салмақты дақылдар егістігіне жарамды жыртылған жер алқаптары таңдалады. Шырынды мал азықтарын фермаларға жақындату қажеттілігіне байланысты, қажет болған жағдайда оларды көпжылдық шөптер жолақтарымен кезектестіріп, ауыспалы егістерден тыс учаскелерде орналастыруға болады.
1.5 Егістік ауданының өлшемдері, ауылшаруашылық дақылдарының құрамы, олардың орналасуы ескеріле отырып, ауыспалы егіс алқаптарының межелері белгіленеді. Әрбір ауыспалы егістегі танаптардың саны анықталып, дақылдардың кезектелу схемасы жасалады (кесте 1). Ауыспалы егістер схемасы А қосымшасында келтірілген.
Кесте 1 Ауыспалы егістіктердің сипатамасы



Танаптардың №№

Егістіктердің алмасуы

1

2

3

1

жүгері

пар

пар

2

бидай

бидай

бидай

3

арпа

бидай

бидай

4

көп.жыл.шөп

арпа

бидай

5







арпа

6










7










8










Ауыспалы егістіктің ауданы, га

800

1600

1750

Танаптардың орташа ауданы, га

200

400

350

Шаруашылық орталығынан орташа қашықтығы, км

1,5

3,5

4,5

1.6 Ауыспалы егістердегі танаптардың орташа өлшемдері және дақылдардың кезектелу схемалары ескеріле отырып, жыртылған жерді пайдалану құрылымы анықталады (кесте 3).


1.7 Әрбір массивте ауыспалы егіс танаптары жер бедерін, топырақ қыртысын, бағалау балын, қайталап соғатын зиянды жел бағытын, ішкішаруашылық жолдардың орналасуын, жұмысшы айдау ұзындығын ескере отырып орналастырылады. Оптимальды айдау ұзындығы далалық аймақта 2000-3000м, орманды далада 1500-2000, жыртылған жер массиві едәуір бөлшектенген шаруашылықтарда 800-1500м. Ауыспалы егістердің танаптары тең аудандылығы бойынша сипатталады (кесте 2).

Кесте 2 Танаптардың тең аудандығы





Ауыспалы егістіктердің №№

Танаптар
дың №№

Танаптардың аудандары, га

Танаптың орташа ауданнан ауытқуы

га

%

1


1

205

+5

2,5

2

195

-5

2,5

3

207

+7

3,5

4

193

-7

3,5

А/е бойынша орташа




200

6

3

Кесте 3 Жыртылған жердің ауыспалы егістіктерде пайдаланылуы





Ауылшаруашылық дақылдарының атаулары

Ауыспалы егістер бойынша егістік аудандары

Егістік ауданы, барлығы

1

2

3

4

5

га

%

1. Дәнді дақылдар, барлығы с.іш.
бидай
арпа

400

200
200



1200

800
400



1400

1050
350









3000

2050
950



72,3

2. Мал азықтық, барлығы с.іш.
жүгері сүрлемге
көп жылдық шөп

400

200
200















400

200
200



9,6

3. Пар




400

350







750

18,1

Барлығы

800

1600

1750







4150

100,0

1.8 Топырақ эрозиясы жағдайларына байланысты ауыспалы егістердің территориясын реттестіру, жұмысшы учаскелерді жобалаудан басталады. Жұмысшы учаскелер топырағы, эрозияланғандығы және эрозиялық қауіптілігі бойынша біркелкі, ауылшаруашылық техникаларын қолдануға қолайлы болуы тиісті.


Су эрозиясы орын алған жағдайда жұмысшы учаскелердің межелері, су реттегіш шептер мен өңдеу бағыттарын белгілейтін сызықтар ретінде пайдалану үшін, су ағарға көлденең орналастырылады. Жұмысшы учаскелердің ені су реттегіш элементтердің аралықтарына сәйкес белгіленеді. Олардың межелері жыртылатын сайлармен жүргізілмеуге, жыра – сайлардың басталатын жанына шықпауға тиісті.
Жұмысшы учаскелердің межелері негізінен тік сызықты және еңістікке көлденең жобаланады. Осымен бірге қайтара еңістіктерде өңдеу бағыты горизонтальдардан біршама ауытқуы мүмкін. Соңдықтан еңістіктің құламалығы мен еңістік сызықтарының ұзындығы анықталып, олардың белгіленген параметрлерге сәйкестігі тексеріледі (4-кесте). Егерде еңістік сызықтарының үзындығы белгіленген параметрлерге сәйкес келмесе, өңдеу бағыты горизонтальдарға жақындатылуға тиісті немесе қисық сызықтарға көшу қажет.
Күрделі бедер жағдайында эрозиядан қорғау мен техниканы жоғары тиімді пайдалану талаптарын қамтамасыз ететін территорияны реттестірудың контурлық-параллельдік әдісі қолданылады.
Жұмысшы учаскелермен бірге және өзара байланысты түрде территорияны реттестірудың сызықтық элементтері (жолдар, орман белдеулері, гидротехникалық құрылыстар) жобаланады. Шамалап баурайда сызықтық элементтердің орналасуы белгіленеді. Ол үшін баурайдың эрозия жағынан ең қауіпті жерінен (етегінен немесе еңістігі құламалы) базалық горизонталь (баурайға тән) таңдалады. Планға осы бағытқа параллельді әрбір 0,5см загондардың межелері белгіленіп, олардың схемалары сызылады. Загондардың схемалары пайдалана отырып, жұмысшы еңістіктер мен өңдеу бағыттары қисықтығының радиустары талданады. Өңдеу бағытарының горизонтальдардан ауытқуы ағындардың шаю жылдамдықтарының қажетті шамасын қамтамасыз етуге тиісті.

Кесте 4 Баурайларда сызықтық элементтерді жобалаудың шкаласы,


жіберілетін параметрлері

Сызықтардың еңістіктері

Сызықтардың ұзындығы, м

Таза пар

Дәнді дақылдардың қалдықтары

0,004
0,005
0,006
0,010
0,015
0,020
0,025
0,030
0,040
0,050
0,060
0,070

937
862
766
594
485
420
375
343
297
265
242
224

2108
1940
1724
1335
1090
944
845
771
668
597
545
505

Өндеу бағытының қисықтық радиусы ең кемінде 60 м болу қажет. Егерде осы екі талап орындалса, сызықтық элементтерін орналастыру жөніндегі жобалық шешімді қабылдауға болады.


Қисық сызықты межелер жобаланғанда және олардың қисықтық радиусы ескерілгенде М.И.Лопыревтің палеткасы қолданылады. Бұл палетканың негізіне центрлес қисықтар принципі алынған Палетка доғаларының ара қашықтықтары әр түрлі болуы мүмкін (теңестіріп 0,5 см алуға болады). Центрлес қисықтардың ортасына қарай бұл қашықтықтарды азайтқан жөн, өйткені бұл ең қысқа радиусты анықтауды едәуір женілдеге түседі.
Аталған сызықтық элементтерді гидрографиялық тораптың элементтері және сайлармен жүргізбеуге тырысу керек, өйткені меженің қасындағы техниканың бұрылыс орнында бороздалар еңістікті бойлай түседі, ал бұл өз кезегінде, эрозияның өршуіне себепші болады.
Территорияны реттестірудің сызықтық элементтерін орналастыру кезінде аса маңызды баурайдын көлденең профилі назарға алынған. Көлденең- тура профильді баурайларда тура сызықты жұмысшы учаскелері жобаланады. Бір қатар жағдайларда, егерде бұл еңістіктер сайлардың арасында болса, соңғыларының шегінде қайтара еңістіктер пайда болуы мүмкін. Жұмысшы учаскенің еңістік бөлігінде ағыстың шаю жылдамдығы тисті мөлшерден аспаса, қайтара еңістіктерде де тура сызықты өндеу бағыты қала береді.
Көлденең - дөңес және көлденең - ойыс профильді баурайларда территорияны қисықсызықты реттестіру қажет.
Сызықты элементтерді көлденең - дөңес профильді баурайларда орналастыру. Бұндай баурайларда өңдеу бағытының қисықтық радиусы баурайдың жоғары жағына қарай қысқарады. Загондарды орналастыру баурайдың етегінен басталады және горизонтальдарды, бірінші кезекте, эрозия жағынан қауіпті-баурайдың төменгі жағында ескеріп отырған жөн. Горизонтальдардың параллельді болмауына себепті оларды толық ескеріп отыру өте қиын. Бұндай сәйкессіздіктерді су айырық маңына қалдырған дұрыс. Өңдеу бағыты мен сызықтық элементтердің орналасуын баурайдың етегінен жоғары қарай талдай отырып, баурайды бөлшектемеу үшін, оның біртұтас қылып өңдеуге келетін учаскелерін белгілеу қажет. Бұндай учаскелердің жоғарғы шебі болып, өндеу бағытының қисықтық радиусының ең қысқа шамасының сызығы болып табылады. Бұдан жоғарыда су айрықты бойлай жол өтуге тиісті.
Сызықты элементтерді көлденең - ойыс профильді баурайларда орналастыру. Өңдеу бағытының қисықтық радиусы баурайдың жоғары жағына қарай ұзара бастайды. Сайдың баурайларында, олардың төменгі жағында радиустың қысқаруына байланысты, баурайларды бірнеше учаскелерге бөлшектеу қажеттілігі туады. Бұл сайдың түбін шалғындау арқылы жүзеге асырылады. Шалғындалған учаскелерде топырақ өңдеу агрегаттары көтеріліп өтеді. Көлденең-ойыс баурайлар ағын суды жинағыш болып табылады. Сондықтан олар эрозия жағынан аса қауіпті. Осы себепті бұндай жерлерде көлденең өңделетін учаскелерді барынша бөлшектеуге тырысу керек.
Сайдың баурайларының территориясын реттестіру.
Бедердің сайлы формаларында көлденең бағытта тура сызықты өңдеуді қолданған жөн. Осымен бірге бұндай жерлерде толық эрозияға қарсы агротехникалақ кешен мен қарапайым гидротехникалық шаралар пайдаланылады. Микросайларда агрегаттардың жүру бағытын бойлай шағын бөгеттер салынып, шалғындау жүргізіледі.
Контурлық жолақтардың межелері ретінде жол бір қатарлық орман белдеулері, ағындарды бағыттауыш үйінділер немесе шалғындалған жолақтар пайдаланылады. Контурлық жолақтардың ұзындығы 1,5-2,0 км болуы мүмкін, ал ені су реттегіш орман белдеулері немесе су бағыттауыш үйінділер мен сайлардың ара қашықтарына қарай белгіленеді.
Ауыпалы егістіктің танаптары жеке жұмысшы учаскелерінен құрастырылады. Бұны жүзеге асыру барысында олардың тең ауданды және біртұтас болуы ескеріледі. Бір танаптың құрамына эрозиядан қорғау шаралары бірдей учаскелер еңгізіледі. Егерде ондай мүмкіндік болмаса, эрозия шаралар кешені әр түрлі, бірақта ауылшаруашылық дақылдардың құрамына қайта келмейтін учаскелерді кіргізуге болады.
Жел эрозиясы жағдайында танаптар ұзын жағымен негізгі жел бағытына қөлденең жобаланады, өйткені орман белдеулері мен егістік жолақтары да оларға параллельді орналастырылады. Егерде оптималды бағыттан ауытқу қажеттілігі туса, эрозия жағынан қауіпті бұрыш ескеріле отырып, егістік жолақтарының ені азайтылады. Соңғыларының шамасы келесі формула арқылы есептеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет