Оқытушы туралы мәлімет



бет57/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau
соц
2. Өзіндік жұмыстар

Өзіндік жұмыстар шеңберінде студент лабораториялық жұмыстарды орындау бөлімінде айтылған әдістемеге сәйкес лабораториялық жұмысты орындауды жалғастыруы тиіс.


Өңдеу бағыты әртүрлі немесе ауыспалы егістің әртүрлі типіне жататын жұмысшы учаскелерді жобалау қажет. Өңдеу загондарының схемасын әзірлеу кезінде өңделетін жердің еңісі мен еңістік кесінділердің ұзындығын бақылау керек. Сызбада өңдеудің еңістік кесіндісінің бойымен еңіспен кесінді ұзындығы қызыл түспен көрсетіледі.
Бөлінген жұмысшы учаскелердің көлемін анықтап, олардын танаптармен ауыспалы егістер жинақтау.
«Дақылдардың алмасуы бойынша ауыспалы егістердің сипаттамасы», «Танаптардың тең аудандылығы бойынша сипаттамасы», «Ауыспалы егісте жыртылған жерді пайдалану», «Жұмысшы учаскесіндегі эрозияға қарсы қорғау кешені» кестелерінің орындалуын аяқтау.
Жобаның графикалық бөлімін рәсімдеу. Сызбаға «Жыртылған жер территориясын эрозияға қарсы ұйымдастыру жобасы, (II нұсқа)» деп жазу. Ауыспалы егістің әртүрлі типін, әртүрлі түспен көрсету: аймақтық алқаптық ауыспалы егіс – ашық қоңыр түспен; топырақ қорғайтын жолақты типті ауыспалы егіс – сары түспен; өңдеу загондарының схемасы қызыл түспен сызылады.
Ауыспалы егістердің межелері қызыл түсті тұтас жуан (1 мм) сызықпен, танаптардың межелері тұтас жіңішке (0,1 мм) сызықпен көрсетіледі. Бұрыннан бар жолдар қара түспен, жобаланған жолдар қызыл түспен сызылады. Шалғандау жолақтары аралары 2 мм параллельді екі жасыл сызықпен және арасы штрихталып көрсетіледі.
Жер пайдаланушылық атауы мен массивімен қатар сызбада жер экспликациясы, шартты белгілері, масштабы, горизонтальдармен кескінделген жер бедері, штамп көрсетіледі.
Түсініктеме қағазы мына схема бойынша рәсімделеді:
Тақырыбы: «Жыртылған жер территориясын эрозияға қарсы ұйымдастыру жобасы»
Кіріспе. Эрозиялық қауіпті жерлерді пайдалану тұрғысынан алғанда ішкішаруашылық жерге орналастырудың мәні. Лабораториялық жұмыстың объектісі, мақсаты және мазмұны, қолданылған материалдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет