Ѕож ќолжазба ќђќыѓында


Зерттеу жұмысының құрылымы



бет10/22
Дата06.02.2022
өлшемі452,1 Kb.
#33040
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Диссертацияның кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, негізгі мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы анықталып, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар мен зерттеу жұмысының құрылымы туралы мағлұмат беріледі.
Бірінші тарау «Қазақ-ұйғыр халықтарының мәдени-тарихи қарым-қатынасының мақал-мәтелдердегі көрінісі» деп аталды. Ол төрт тараушадан тұрады. Оның «Тарихи кезеңдерге сәйкес қазақ-ұйғыр мақал–мәтелдерінің қалыптасу сипаты» деп аталатын бірінші тараушасында қос халықтың әрбір басынан кешкен тарихи кезеңдеріне сәйкес ММ-дердің қалыптасып отырғандығы сөз болады.
Тіл білімін зерттеуде бір ғылымның құзырында кейде бірнеше ғылымның тоғысу процесін зерттеу мәселесі туындайды. Солардың біріне ММ-дер категориясы жатады. Оның басты себебі қатар, туыс, көрші-қолаң өмір сүріп келе жатқан, мәдениеті, өмір-тіршілігі ұқсас, тілі ортақ этностардың болмысында міндетті түрде бір-біріне әсерін тигізу, өз ықпалын жасау процесі байқалып отырады. Қазақ халқы мен ұйғыр халқының бір топ ММ-дің мағыналас, тұлғалас, қалыптасу уәждерінің, бейнелілігінің ұқсас болуына негіз бола алатын көптеген себептерінің бірі –бұл екі тіл иесінің ұзақ замандардан бері географиялық жағынан бір-біріне жақын кеңістікте, Орталық Азия ауқымында, Қытай елі мен оның Солтүстік батысын жайлаған Ғұн империясымен қарым-қатынаста өмір сүргендігіне байланысты болса, соған сәйкес ұзақ замандардан бергі өмір-тіршілігінің жіті араласуына, әдет-ғұрып, танымдарындағы ұқсастығына да байланысты болса керек.
Туыстас тілдердің сатылай байланысуы, алыстауы мен жақындауы сол қауымдағы әрбір халықтың тарихына тікелей қатысты. Бұл жөніндегі ойымызды ғалым Ә.Қайдардың «Түркітануға кіріспе» атты еңбегінде: «Алғашқы ру, тайпалар одағының қосылуы тарихи қоғамдық процесс болса, әрбір ру мен тайпалардың қалыптасуы да сондай процесс. Кейбір тайпалар жеке рулардың бірлестігі негізінде құралады да, олардан бірте-бірте қол үзіп кетеді.Осыған орай, тайпалар одағы қолданған жалпы тілде жеке рулар тіліндегі ерекшеліктерді сақтауы да, сақтамауы да мүмкін», - деп жазғаны одан әрі дәлелдей түседі ( 1:65).
Осындай түркі тектес туыс тілдер ішінен заманның даму барысына орай, бертін келе қазақ, ұйғыр, қырғыз, түркімен, қарақалпақ және т.б. тілдер, сол тілдерді тұтынатын, сол тілде сөйлейтін қауымдар, этностар өз алдына бөлініп шыққандығы бәрімізге белгілі. Солардан бөлініп шыққан қазақ және ұйғыр халқы қатар тұрып, біте қайнасып жатқан этнос болғандықтан, олардың өзара қарым-қатынас негізі ертеден-ақ дамыған.
Қыпшақтар ХІІІ ғасырға дейін өз үстемдігін Кавказ етектеріндегі халықтарға, оңтүстігінде Хорезм мемлекетіне дейінгі, Шығысында Талас өзенінің бойларына дейінгі өлкеге жүргізіп тұрды. ХV ғасырда жеке халық болып бөлініп шыққан қазақ, қарақалпақ, құмық, ноғай, қарачай, малқар, татар, башқұрт, өзбек халықтарының этникалық құрамына енді. Халық ретінде қыпшақтар монғол шапқыншылығында Алтын Орда үстемдігін де, орыстардың қыспағында да, өз билеушілерінің тақ таласын да көрді. Бірақ өз ерекшелігін сақтап қалды.
Қараханидтер этникалық құрамы жағынан аралас түркі тайпаларынан құралса да, олардың ұйытқысы қарлұқ, шығыл, яғма, тухси тайпалары болғандығы анық. Ал бұл тайпалар Ұйғыр қағанатының да негізгі ұйытқысы болып саналған.
Ертеректе олардың, әсіресе, қазақ тайпаларының — үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, найман, керей, таңғұт, алшын, қоңырат т.б. тайпалары ғұн әулетіне қатынасы жоқ деп келген зерттеушілер кейінгі кездері, көне қытай жазба ескерткіштерінің кең түрде айқындалып, қазақ, ұйғыр, орыс тілдеріне аударыла бастауына байланысты, олардың көпшілігі ғұн империясымен тығыз байланысты, солардың құзырында өсіп-өніп, өз алдына мемлекет болып дамыған тайпалар екендігін мойындай бастады. Мәселен, “Ғұн тарихынының жылнамасы” атты басылымда (Түркістан, 2004) Ғұнның құзырына үйсін, қаңлы тайпаларының кіші хандықтары қарайтыны сөз болады. Демек, сол бірлестік құзырында жасайтын ұйғыр, қазақ тайпаларының өзара бір-бірімен жіті араласып, ортақ дүниелерді тілдеріне тиек ететін жағдай болғандығын аңғартады. Осы тұстарда қазақ халқында:

Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет