«Ойын технологиясы – оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі» Кіріспе



бет7/9
Дата08.02.2022
өлшемі51,18 Kb.
#121741
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Ойын технологиясы – о ушыларды математикалы біліктілігін дамы
2-апта Саида, 2-апта Саида, Камила Мидтерм, әдебиет сыны, 3кл қазақ тілі12апта
2.2. Дидактикалық ойындар
Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне де нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылық дербес қызметтерін алмастыратын, балалардың ұжыммен қарым - қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым - қатынаста педагог басты назарды достыққа, жолдастық қарым - қатынас, өзара түсіністікке көңіл аударады. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын рөлінен туындайтын мазмұнмен сипатталады.
Ойын оқушылардың қарым - қатынасын орнықтырады, бір - біріне сенімін, түсінігін арттырады. Ойын мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, сабақтың барысын өзгертіп жаңалықтар енгізіп отырсақ, оқушылардың білімге деген құштарлығы артары сөзсіз.
Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинскийдің «егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейде көтеріле алмас едім, шәкіртімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді» деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды.Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оны дұрыс түсіне алмай жүргенін, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да бар. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.

Математикалық ойындар сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болмасын, балаларды өзіне тартады. Мұның өзі мұғалім үшін өте қажетті жағдай.


Мұғалімде әрбір ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс. Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа, түсінікті болуы шарт. Ойын процесінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрін кезектестіріп отыруы керек, әйтседе бізде көбіне бағдарламаға байланысты бір сарынды оқыту әдетке айналған.
Мысалы; үлестірме екі бөлініп, біреуінде сұрақ, екіншісінде басқа сұрақтың жауабы жазылады.
Оқушылардың міндетті сұраққа жауапты дұрыс тауып, үлестірме қағазын дұрыс құрастыру. Егер тапсырма орындалса, үлестірме қағаздың екінші жағынан белгілі бір сурет немесе мақал - мәтел шығуы керек.
Қорыта айтқанда, дидактикалық ойындардың математика сабақтарында атқаратын рөлі ерекше. Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептеулерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы зор. Сондықтан математика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтер еді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

  • Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

  • Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

  • Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

  • Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

  • Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Өз іс-тәжірибемде өтетін сабақтарым көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын тиімді көрнекілік, ойынды ойластырып, алдын ала дайындалуға тырысамын. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген жаңа технологиялар «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының кейбір элементтерін сабақта қолданып жүрмін және «Ойын арқылы оқыту» технологиясында қолдануды дұрыс көремін. Бірінші сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның – ойлауын тыйғаның» деген қағида бекер айтылмаған. Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға қызығушылығы артып тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады

Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру міндеттерін шешеді. Қазіргі білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы оқытудың негізгі мақсаты ретінде пәндік білім-білік дағдыларды қалыптастырудың жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға ден қою. Өзіндік оқу әрекеттерін дамыту бағалау жүйесінде өзгерістердің енгізілуін көздейді. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. Бұл жастағы балалардың ойынға қызығушылығы басым, мінез- құлқында еріктілік жеткіліксіз, алдында кездескен мысалдарды шешуге практикалық тұрғыдан қарайды. Сондықтан да біз өз сабақтарымызда ойын әдістерін көптеп қолданамыз.
Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Ойын түрлерінің материалдары сабактың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз.
Ізденімдік ойындар – оқушыларды ізденімпаздыққа белгісізді табуға құштарлыққа үйрететін дидактикалық ойындардың бір түрі. Сабақ барысында ойындарды кірістіре оқыту сабаққа белсенділігін арттырады. Оқушыларға қазақ тілі дыбыс жүйесінің өзіндік белгілерін саралап танытуда, олардың фонетикалық біліктері мен білімдерін тәжірибеде қолдануда Ізденімдік ойындардың қызметі ерекше. Мысалы: «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбын өткенде төмендегідей ізденімдік ойындарды өткізу оң нәтижеге қол жеткізеді.«Сөзді тап» ойыны. Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетінжетілдіру. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық, адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады. Мысалы: сабақта жұмбақ ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді, олар оқушының ой -өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына баламасына қарай олардың атын табуға, сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.
Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуге тиіс. Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Оқушылардың кейбір әріптерге, әсіресе « Р», «Л», «С», «Ң» дыбыстарына тілдері еркін келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш ойындарын пайдаланудың мәні зор. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын-бірден- бір таптырмайтын құрал. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, білім алады, нашар оқитын оқушылардың өздері де ойынға араласып сабаққа ынтасы артады. Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой өрісін, дүниетанымын жетілдіруде сюжетті рөлді ойындар тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушының рөлдік ойындарды ойнау барысында іс -әрекеті әлеуметтік сипат алады. Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұрған оқушы өзін шешенге, батырға теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мысалы : «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалы бойынша рөлдік ойын ойнаттым. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлдім. Қай топтың оқушылары рөлін жақсы ойнап, топқа берілген тапсырманы дұрыс орындаса, сол топ жеңіске жетеді.Алғашқы болып 2-ші топ оқушылары шықты. Бір оқушы автор сөзін оқып тұрды. Тоқылдақ рөлін ойнап шыққан бір оқушы тоқылдақ секілді тоқылдатып келеді. Ойынның ережесі бойынша рөлде ойнап тұрған оқушының ненің рөлінде ойнап тұрғанын табу қажет. Осылайша барлық құстардың қимыл қозғалысын айнытпай салып шықты. Бұндай ойындарға математика сабағында «Сатушы», «Кітапханада» т.б ойындарды ойнатуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойынның бір түрі ойын жаттығулар. Ол оқушылардың белгілі бір қабілетін жетілдіруге бағытталған. «Сөзжұмбақ», «Ребус», «Ұйқасын тап» ойындары арқылы балалардың білсем деген ұғымы артады. Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Сабақ үстінде ребустарды үнемі пайдаланып отырамын, сонымен бірге үйге ойдан ребустар, сөзжұмбақтар құрастырып келуді тапсырамын. Оқушының ізденушілік қабілетімен бірге белсенділігі артады. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдаланып отырамын. Сабақта жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады. Сондай ақ жатқа жазуда есте сақтау қабілетін дамытады. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.
«Қимыл –қозғалыс» ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын оқушының өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Мысалы: « Кім керек?»,»Көңілді поезд», «Мысық пен тышқан», « Өз орныңды тап», математика сабағында көп пайдаланатын, әсіресе көбейту кестесін еске түсіру мақсатында қолданылатын ойынның түрі « Қалт етпе қағып ал, жауабын тауып ал!» бұл ойын балаларды тез ойлауға, көбейту кестесін жылдам жаттауға септігін тигізеді.
Дидактикалық ойындарға сабақ материалын тереңдетуге және бекітуге арналған ойындар жатады. Оқушылар дидактикалық ойын кезінде сабақ мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Дидактикалық ойындарда баланың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды. Бұл ойындардың ережесі балалардың түсінуіне оңай қарапайым, әрі қысқа болу керек. Сабақта ойын түрлерін ретсіз, әрі жиі қолдану оқушыларды жалықтырады. Дидактикалық ойындардың ырғағын сақтау мұғалімнің шеберлігін танытады. Бұндай ойындарды сабақта түрлі әдіс–тәсілдермен қызықты, әрі мазмұнды өткізу үшін әсіресе балалардың ерекшелігіне баса зейін аударып, сабақ кезеңдерін бір –бірімен логикалық байланысқа құрып, өзара бірін-бірі дамытып, толықтырып отыратындай етіп ұйымдастырып байланыстырып сөйлеуге мынандай ойындар пайдалануға болады. Мысалы: «Балық аулау», «Кірпіге көмек», «Бәйге», «Қарлығаштың тапсырмасы», «Қайда өседі?», «Жемістер жинау» ойындары. Сонымен қатар математика сабағында ойынды пайдалану мүмкіндігі өте көп. Оларды қолдану ретіне қарай түрлендіріп өткізуге болады. Сан аралас мақал мәтелдерді оқытамын. Бұл әдіс оқушыларды қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Мен, сабақта үнемі ойын түрлерін пайдалану тиімді де, жақсы нәтижеге жеткізетінін байқадым. Ойын – балалар үшін оқу да еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа,ізгілікке әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Осындай ойындарға белсенді қатынасып, қазір жетістіктерімен танылып жүрген шәкірттерім №№№№№№
Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын белсенділігін арттырып сапасын көтеру болып табылады. Өзімнің оқытып отырған сыныбымда 2012 жылы 61%, 2013 жылы 68%, 2014 жылы 71%, 2015 жылы %, 2017 жылы % оқу сапасын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет