Қолжазба құқығында Бекишова Маржан Сагатовна



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі385,1 Kb.
#24028
түріДиссертация
  1   2


ӘОЖ 37.013.2:37.026.9:82 Қолжазба құқығында
Бекишова Маржан Сагатовна

Әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық шарттары (дамыта оқыту технологиясы негізінде)


6М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның



АВТОРЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2013

Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасында орындалды






Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты


М. Н. Қойшыбаев

Ресми оппонент: Абай атындағы қазақ ұлттық

педагогикалық университеті, магистратура

РҺ доктарантура институты жаратылыстану

кафедрасының профессоры

п.ғ.д. К.Ш.Бакирова


Диссертация 2013 жылдың «____» маусымында сағат _____Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің (мекен – жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би 36а, № 7 оқу ғимараты, № _____ (дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми – техникалық кітапханасында танысуға болады

:

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі: Жаңа технологияны оқыту процесінде пайдалану қажеттіліктен туындайды. Ғылыми – техникалық даму ғасырындағы жаңа қажетті талаптарының бірі – интеллектуалдық шығармашыл жас ұрпақты тәрбиелеу. Бүгінгі таңда оқытудың озық технологияларын қолдану – айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.

Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау үшін, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Бұл туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2008 жылы 6 ақпандағы өзінің Қазақстан халқына жолдауында Білім және ғылым министрлігінің алдына «үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау» міндетін қойды. Осының өзі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылып отырғанын айқындайды. Сөйтіп, білім парадигмасы өзгеріп, білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін - өзі тануы және өзін - өзі дамытуы алғашқы орынға шықты. Сондықтан әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.

Қазақтан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың басты міндеттері:

оқушылардың әдеби сауатын ашу, оларды көркем шығарманың мазмұнын түсінуге бағыттап, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби - эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеп, өмірге сезімдік - құндылық қатынасын қалыптастыру, оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру; қазақ және әлем әдебиетінің балаларға арналған озық шығармаларымен таныстыру; көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын ояту, сөйлеу және жазба тілдерін жетілдіру, шығармашылық әрекетке баулу, қалыптастыру болып табылады деп көрсеткен.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұынын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субьектісі, әр түрлі мәселелерде өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы «дамыта отырып оқыту идеясы» алынатындығы көрсетілген.

Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, еңгізілген жаңа буын оқулықтары көп деңгейлі, интеграцияланған, дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігімен ерекшеленеді. Демек, оқулықтың құрылымы өзгеше, философиясы жаңа. Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылық санасына сіңгенін және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп отырғанын байқау қиын емес.

Біздің пікірімізше, мұғалімнің қазіргі кезеңдегі дамыта оқыту жағдайындағы басты міндетін айқындау мәселесі шұғыл түрде күн тәртібіне қойылуға тиіс, өйткені «мұғалім» деген терминнің өзі оның қазіргі кезең талаптарына сәйкес қызметінің мән - мағынасын толығымен аша алмайтын сияқты. Бірінші кезекке оқушыны бұрынғыша пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оның оқу- танымдық іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыру және басқару болып табылады.

Қазіргі кезде көпшілік назарын өзіне аударып отырған идея - дамыта оқыту идеясы. Дамыта отырып оқыту идеясы тұрғысынан әр пән мазмұнының ерекшеліктері мен біртұтас білім жүйесіндегі орны ерекше.

Бастауыш саты – оқушы да, оның интелектісі дамуының іргетасы - оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылып отыр. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларының өздігінен шешін орыдауын ортақ тәсілдерін оқу әрекетін бақылап -бағалаудың нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді.

Бастауыш сынып оқушыларына дамыта оқудың теориялық негізін нақтылау; бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес төл оқытуларды тәжірибеден өткізуді іске асыру; сабақ және сыныптан тыс жұмыстарда дамыта оқыту тәжірибелік - эксперименттік түрде тексеріп, нәтижесін шығару - бұлар дамыта оқудың міндеттері болып табылады.

Оқыушыларды дамыта оқыту - қазіргі бастауыш мектептердің ең маңызды міндетерінің бірі. Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасының дамуы, қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Бастауыш сыныптарда білім берудегі дамыта оқу процесі - дамыта оқытуды терориялық жағынан негіздеп, мазмұны мен шарттарын анықтап, әдістемесімен қамтамасыз ету болып табылады.

1993 жылдан қазіргі күнге дейін Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі ресми түрде расталып, мүғалімдердің сабақты түрлі әдіс - тәсілмен өткізуі өз таңдаулары бойынша жүзеге асып келеді. Әлемдегі он бес елде Л. В. Занковтың жүйесі кеңінен қолданып келеді. Қазіргі кезде дамыта оқыту технологиясын өз пәндерінде тиімді етіп қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты болып отыр.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында көрсетілген «оқыту технологиясын жетілдіру» мәселесін ғылыми тұрғыдан сипаттап, іс жүзінде тәжірибеге енгізу және тарату қажет. Осы мәселенің шешімін табу мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық шарттары (дамыта оқыту технологиясы негізінде)» деп алуға негіз болды.



Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптың әдебиеттік оқу сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық тұрғыдан негіздеп, ғылыми – әдістемесінің жүйесін жасау.

Зерттеу нысаны: бастауыш мектептің оқу - тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу сабақтарында шығармашылық қабілетін арттыруда дамыта оқыту әдістемелік жүйесі.

Зерттеудің болжамы: егер бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін оқыту барысында дамыта оқыту технологиясы жүйелі түрде қолданылып отырса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, дамыта оқыту оқушыларды жан – жақты дамытып, өз ойын айтуға, өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге, сонымен қатар ой қорытындысын жасауға итермелейді.

Болжам дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, педагог қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін анықтаудан тұрады.



Зерттеу міндеттері:

Ғылыми жұмыстың алға қойған мақсаты, пәні және жұмыс болжамы бірқатар міндеттерді шешуді көздейді:

1.бастауыш сынып әдебиеттік оқу сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың теориялық негіздерін анықтау;

2.бастауыш сынып оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық шарттарын анықтау және ғылыми – әдістемелік жүйесін құру;

3.бастауыш сынып әдебиеттік оқу сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруды тәжірибелік – экспериментте дәлелдеп, ғылыми – әдістемелік нұсқаулар беру;

4.бастауыш мектептегі дамытушы сабақтарды ұштастыруға қойылатын талаптарды анықтау.



Зерттеудің жетекші идеясы: мектептің бастауыш сатысында дамыта оқыту технологиясын қолдану оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға негіз болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:

Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог – ғалымдардың назар аударып әр түрлі қырынан зерттелуде. Оқудың жаңа технологиясын бастапқы бір формасы болып табылатын бағдарламалар оқыту мәселелері А. И. Берг, В. П. Беспалько, Б. С. Блум, М. В. Кларин, И. Я. Лернер, В. Оконь, Б. Скинлер, Н. Ф. Талызина және тағы басқалардың еңбектерінде көрініп дамыды. Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занковтың зерттеулерінде, жеке бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш. А. Амонашвили, Е. В. Бондаревская еңбектерінде жекелеп, даралап, саралап оқыту технологиясы А. А. Бударный, Д. Б. Вендеровская, И. Э. Унт еңбектерінде жан – жақты зерттелген. Қазіргі кезде қай салада да маңызға ие болып отырған ақпараттың технологияның мәні, мазмұны, қолданылуы және оны оқу процесіне енгізу мәселесі Б. С. Гершунский, Ж. А. Қараев, Н. Шахмаев сынды ғалымдар еңбектерінің өзегіне айналып отыр.



Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері; ҚР Үкіметінің ресми матнериалдары; ҚР БҒМ орта мектепте білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқулықтары және оқу – әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.); білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері және т.б.

Зерттеудің әдістері: қарастырып отырған мәселелерге байланысты психологиялық, педагогикалық, философиялық және әдістемелік еңбектермен оқып танысу және оларға талдау жасау;

  • бастауыш сынып әдебиеттік оқу пәні бойынша жасалған оқу бағдарламаларын, оқулықтарды талдау;

  • дамыта оқыту технологиясы жөніндегі озат педагогикалық тәжірибелермен танысу;

  • оқушылардың даму үрдісін бақылау;

  • мектеп құжаттарымен танысу және оларды сараптау;

  • оқушылардың жұмыстарының нәтижесін талдау.

  • тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүргізу және қорытындылау.

Зерттеудің тәжірибелік - эксперименттік базасы: Қызылорда облысы,

Сырдария ауданы, О. Мәлібаев ауылы, №131 орта мектебі, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ.



Зерттеу жұмыстары: (2011 – 2013 жж. ) үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезеңде (2011 – 2012 жж.) – тәжірибелі – ізденіс жұмыстары,

зерттеу тақырыбы негізінде философиялық, психологиялық – педагогикалық әдебиеттерді ғылыми – теориялық зерттеу жүзеге асырылды; зерттеудің ғылыми аппараты даярланды; бастауыш мектептің оқу үрдісіндегі бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ерекшеліктері анықталды; анықтауыш тәжірибенің нәтижелері бойынша, қоғамдық өзгерістерді ескере келе, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері нақтыланды, анықтау экспериментінің нәтижелері өңделді.



Екінші кезеңде (2012 2013 ж.ж ) – теориялық - әдістемелік тұрғыдағы

жұмыстар; оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға байланысты әдебиеттік оқу сабағы бойынша оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары талданып, шығармашылық қабілетті арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері зерделенді.



Үшінші кезеңде (2012 2013 ж.ж ) – эксперименттерді – қорытындылау

– жұмыстары. Тәжірибелік – педагогикалық жұмыстардың зерттеу нәтижелері жүйеге келтірілді; пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді; тұтас зерттеу бойынша қорытынды жасалды.



Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

Дамыта оқыту мәселесі оқушылардың шығармашылық қабілетін негізге ала отырып талданды:

1.Бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық негіздері анықталды;

2.Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық шарттарын анықталып, ғылыми - әдістемелік жүйесі құрылды;

3.Бастауыш сынып әдебиеттік оқу сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың тәжірибелік – экспериментте дәлелденіп, ғылыми - әдістемелік нұсқаулар берілді;

4.Бастауыш мектептегі дамытушы сабақтарды ұштастыруға қойылатын талаптар анықталды.



Жұмыстың практикалық маңыздылығы: бастауыш сынып үрдісіндегі әдебиеттік оқу сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың әдістемесі дайындалып, бүгінгі күні әдебиеттік оқуды оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселені жүзеге асыруда нақты қадам жасалды. Зерттеу жұмысының материалдарын бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламаларын құру, оқулықтар мен құралдарды жетілдіру бойынша арнайы курс, семинарлар дайындау барысында қолдануға болады. Зерттеу нәтижелерін «Бастауыш мектеп педагогикасы», курстарының мазмұны тарау ретінде енгізуге болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  • бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыта оқыту технологиясы арқылы арттыру жөніндегі зерттеулердің тақырып тұрғысынан талданып, жіктелуі;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының жолдары мен бағыттары және әдістемелік жүйесі;

  • бастауыш әдебиеттік оқу сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға арналған әдістемелік құралдар пакеті және оларды қолдану әдістемесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар дәйектемелілік тұрғыда негізделумен, теориялық мәселені шешудің біртұтас жүйесімен, зерттеудің мақсатына, міндетіне, ізденіс логикасыа сай жалпы ғылыми және нақтылы әдістердің бірлігімен, педагогикалық тәжірибеден алынған оң нәтижелерінің дәлелдеуімен қамтамасыз етілді.

Жұмыстың жариялануы мен сарапталуы: зерттеудің негізгі тұжырымдары республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдарының жинағында жарияланды, эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты. Зерттеу тақырыбына орай «Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіснамасы: үдеріс, сапа, жетістік» атты ғылыми – практикалық конференция материалдары жинағында 27 сәуір 2012 жылы жарияланды. Мақаланың тақырыбы: «Тіл сабақтарында дамыта оқыту технологиясының маңызы»

Диссертацияның құрылымы: Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Қазіргі күнгі психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл – оқу. Білім алу деген сөз.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез – келген оқыту белгісі бір мөлшерде адамды дамытады. Даму ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту туралы теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұранысқа жауап берердей бейімделген. Дәл қазір адамның ақыл - ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Оқушылардың білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негізгі бастауышта қалатындығы баршаға белгілі.


Республикамыздың соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды «инновациялық процесс» немесе «педагогиалық жаңалықтарды енгізу» деп жүрміз. Мәселеге тереңдемей тұрып, алдымен «инноватика» ұғымының мәні, латынның «in-novus» деген сөзден шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын білдіретіндігіне тоқталған дұрыс. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады. Білім беру саласындағы жаңалықтар:1) ұйымдастырудағы; 2) технологиялардағы; 3) оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі, - деп үш топқа бөлінеді.

Француз ғалымы Э.Брансуик педагогикалық жаңалықтардың үш мүмкін түрін бөліп қарайды2.



  1. Жаңалық ретінде бұрын еш жерде, еш уақытта қолданылмаған білімдік идеялар мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе. Практикада ондай жаңалық өте сирек кездеседі.

  2. Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейтестілігімен ерекшеленген, қайта орын алынып отырған, жаңа жағдайға белгіленген идеялар. Бұл қазіргі педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды.

  3. Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану арқылы жаңа нәтижелер беретін жаңалық.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі мектептердегі жаңарту прцесін қызу қолдап, жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік танытуда.

Білім беру технологиясының ерекше белгілері:



  • оқыту үрдісін басқарушылығы;

  • қойылған мақсаттардың диагностикалығы, яғни мақсатқа жетендігін анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық құралдардың болуы;

  • мақсатқа жетуге жетелейтін тәсілдер жиынтығын, мұғалім мен оқушының әрекет бірізділігін анықтау нақтылығы;

  • қайта қалыпқа келуі.

Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту теориясын ерекше атауға болады. Дамыта оқыту жүйесін ерте кезден бастап - ақ ұлы педагогтар Я. А. Коменскийдің, И. Г. Песталоццидің, орыстың ұлы ағартушысы К. Д. Коменскийдің қосқан үлестері мол. Ал дамыта оқыту процесінің ғылыми негіздемесі Л. С. Выготский есімімен байланысты қалыптасты.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған Ж. Пиаженің еңбегінде ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн және басқада психиканың функциясын зерттеген Б. Г. Ананьев, А. А. Люблинская және басқада іс - әрекет теориясының психологиясын жасаған. А. Н. Леоньтев, П. Я. Гальперин еңбектерінде жан - жақты талданды. Осылардың негізінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін В. В. Давыдов, ал екіншісі Л. В. Занков басқарды.

Зерттеулердің мақсаты Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамның дұрыстығын тексеру, нақтылау.

Көрнекі психолог Л. С. Выготский айтқандай оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу аймағын» жасайды, баланы іздендіруге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму аймағы» одан әрі «актуальды даму аймағына» көшуі тиісті тапсырмаларды өз еркімен орындайды.

Дамыта отырып оқыту жүйесін жақтаушылар (А. А. Леонтьев) да жоғарыдағы пікірді қостай келіп, қазіргі заманғы мектептің мақсаты -оқушының тек қана «ең таяу даму аймағына» қол жеткізуін қамтамасыз ету және оның білімін арттыру ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретінде жан - жақты дамуын және бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау екендігін баса айтады.

Оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі мәселелердің шешілуі дамудың екі өрісіне байланысты. Бала меңгерген нәрсе оның кешегі күні, өткен кезеңі болып табылады. Дамудың аяқталған кезеңіне негізделген оқыту табыс әкелмейді немесе ол баланың дамуға деген қажеттерін қанағаттыра алмайды. Оқушыға өте жеңіл тиетін білім өзін ынталандырмайды, таным мен табыс қызықтырмайды. Л. С. Выготский ойынша, оқыту баланың ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс, яғни, бала өзінің пісіп - жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде емес, дамуға бейімделген бағыттар деңгейінде болуы тиіс. Оның ертеңгі күнін дәл осы бағыттар белгілейді. Бұл идеяны Л. С. Выготский одан әрі былайша сабақтайды; «Оқыту мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір - бірімен өте күрделі қарым - қатынастағы екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында ғана жүрсе жемісті болмақ. «Міне, осылайша Л. С. Выготскийдің оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі теориясы «Дамыта оқыту» деген атпен ХХ ғасырдың 50 - 60 жылдары пайда болды.

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1950 - 1960 жылдары қолға алған акадимик Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағаны мен, белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмайды. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Л. С. Выготскийдің теореясын Д. Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғастырылды. Баланың өзін - өзі өзгертуші субьект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс - тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға әрекеттенеді. Бұл технология бойынша сабақ төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:



  1. Оқу мақсаттарының қойылуы;

  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;

  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу – іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы ретінде, шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін ойлауға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптан барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту дегеніміз - бұл оқу үрдісінде оқушылардың ықтимал мүмкіндігінің толық іске асуына бағдарланған оқыту.


Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқта қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзетіліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденген. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады. Олармен байланысты рефлекция, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабілеттер дамиды.

Мектепте бұл қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі мол. Енді ол мұғалімнің басшылығымен әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды.

Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім оқушының қажеттілігіне айналады.

Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы – баланың жеке басын

дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:


  • Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап – тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;

  • Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

  • Өзін – өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы және оны әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын таңдай алуы керек. Өзінің философиялық ұстанымдарын қарағаны дұрыс.

Оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп – салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.

Бұлардан басқа оқу процесінде оқушылардың көптеген ақыл – ой қабілеттері жұмыс істейді. Олар болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі, құбылыстардың байқалуы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық т.б.

Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін қолданып отыруды көздейді. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады. Дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді.

Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез келген кезеңінде алдымен мұғалімнің шебер басшылығы қажет етіледі. Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіруі, қай жерде бақылауы, түзетуі керек екенін айқын білуі шарт. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болу үшін оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын – ала программалап қойған іс – әрекеттің қатысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларды тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеялы, мұраты болып саналады.

Дамыта оқыту технологиясындағы ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу болып табылады. Мұның өзі оқытудың эвристикалық және зерттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер мұғалімнің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің обьектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару», «қалыптасуы тиіс», «әрекеттің жалпы моделін құру», «аналогтарды пайдалану», «объектінің жаңа қызметін көру», т. б. сияқты оқушыларды шығармашылық ізденіске жетектейтін іс – әрекетке қосатын, оқушыны «өз қарасының авторы», «іс - әрекет біліктері мен дағдылардың шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл – ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс – әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Бұдан, бастауыш сынып оқушыларының қарқынды ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде ескеру қажет деген тұжырымға келеміз. Дәстүрлі педагогикада «қарапайымнан күрделіліге қарай», «нақтыдан абстрактіге қарай» деген прицип бар. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: «А» әрпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Екі жүйе арасындағы тағы да бір қарама – қайшылықтың мәні мынада. Дәстүрлі педагогикадағы «оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай жеңіл болғанда ғана, оқушылар білім, білік, дағдыны меңгереді» деген қағида төңірегінде. Л. В. Занков бұл анықтаманың көнергендігін, тіпті дұрыс еместігін дәлелдейді. Оқыту жұмысында баланың жас ерекшелігінің меңгерілуінің керек екенін жоққа шығармай, дегенмен әр даму кезеңіндегі жас ерекшелігі оқыту барысында өзгеріп, жаңа кескінге алмасып отыратындығы ақиқат екенін еске салады. Оқыту бұл жағдайда абстрактіден қарапайымға қарай түзіледі деген пікір айтады. Бұған соңғы уақытта көз жете бастаған сияқты. Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін - өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасын кесте 1 көруге болады.


Кесте - 1. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы.




Педагогикалық процестің компоненттері


Мазмұндағы басымдылық

Дәстүрлі иллюстрациялық - түсіндірме әдісі

Дамыта оқыту

Мақсат

Оқушыларға білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс - әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін – өзі бағалау, рефлекция

Каталог: Docs
Docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
Docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
Docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
Docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
Docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
Docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
Docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
Docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
Docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет