«Өлке тарихын мектепте оқыту әдістемесі»


Шығыс Қазақстанда қолөнердің дамуы



бет8/9
Дата01.05.2018
өлшемі5,34 Mb.
#40345
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3. Шығыс Қазақстанда қолөнердің дамуы. Кәсіпшілікке қарағанда қолөнер Семей облысынды ХІХ ғ. соңы- ХХ ғ. басында баяу дамыды, өйткені қолөнер ауыл шаруашылығынан түпкілікті бөлініп шықпады.

1888 жылы Семей облысындағы қолөнер - шеберлерін, олардың қарамағындағы оқушылар мен жұмысшыларды қоса есептегенде 1864 адам қолөнерші болды, ол облыстың қала халқынан 5% жетті. Олардың қатарында: нан, тоқаш пісірушілер, ет сататындар, кондитерлер, тігіншілер, бөшкешілер, етікшілер, сән шеберлері, пима басушылар, тас қалаушылар, пеш салушылар, ағаш шеберлері, балташылар, жезшілер, ұсталар, ершілер, тасымалдаушылар, мал емдейтіндер, сағатшылар, күймешілер, ат әбзелдерін жасаушылар, слесарлар, тігіншілер, тер илеушілер, зергерлер және т.б. болды. Облыстағы қазақтардың 5771 қолөнерші болды.

Осы 1888 жылы казак поселкілерінде қолөнершілердің жалпы саны 621 адамға жетті.

Қазақ – ағаш ұсталарында шеберхана, арнайы құралдар болмады. Қазақ ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегін, жүк аяқтар, асадалдар, ілгіштер, екі немесе төрт дөңгелекті арбалар және т.б. көптеген заттарды жасады. Көбінесе бұл бұйымдар безендірілетін. Көптеген қазақтар орыс көшіп келушілерден ағаш өндеудің шеберліктерін үйренді. Кейбірі Семей және Өскемен қалаларында орыс ұсталарына немесе үй салушыларына оқушы болды. Мысалы, ХІХ ғ. соңында Өскеменде бастапқыда орыс шеберлерінде оқушы болған Рақымбай Кегенбаев, кейін өзі қазақ байларына ағаштан үй тұрғызып, орыс үлгісіндегі тұрмыстық бұйымдар жасады. Ол толық фабрикалық ағаш өндейтін құралдарға ие болды, тіпті токарь станогі де болды. Бірақ мұндай шеберлер көп емес еді.

Жергілікті отырықшылық орыс шаруаларымен қазақтарда ағаш өндеу қолөнері дамыды. Балшық илеумен облыстың бүкіл тұрғындары шұғылданды.

Көшіп келушілер қолөнерге бір шама өзгешіліктер әкелі. Көптеген қазақтар орыс тері илеушілерінде жұмыс жасады, теріні таза орыс тәсілімен илеп үйренді. Дөңгелекті көліктің дамуына байланысты қазақтарда орыс ат әбзелдеріне сұраныс көбейді. Ол осы саладағы істің дамуына әер етті. Ат әбзелдерін жасау ісінде бастапқыда қазақтар орыстарға жалданып жұмыс жасады, ал кейін олардың тәжәрибесін өздері үйреніп пайдаланды.

Кейбір қазақтар пима басуды орыстан үйренді. Кейіннен өздері қазақтардың және орыстардың тапсырыстарын орындады.

Өзгерістер ұсталық қолөнерде де болды. Қазақ ұсталары орыс көршілерінен орыс үлгісіндегі кейбір тұрмыстық заттарды жасап үйренді. Олар таға, орақ соқты, атты орысша тағалауды, арбаның дөңгелегіне шен темірді тартуды, бороналарға темір тіс, ағаш соқаларға темірден түрен салуды үйренді.

Қазақ қолөнершілері өз өнімдерін отырықшы қоныстардың базарларына немесе жәрмеңкелерге сатылымға мүлде аз шығарды, онда да бұлар осы елді мекендерге жақын тұратындар. Қаладан алыс тұратын қолөнершілер тек тапсырыс бойынша жұмыс жасады, тапсырысты тапсырыс берушінің үйінде тұрып, ауылында орындады.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

1.ХІХ ғ. Шығыс Қазақстанда қандай жаңа кәсіптер мен қолөнер дамыды?



  1. Ол немен байланысты болды?

  2. Көшіп келушілердің қазақ кәсібіне тигізген ықпалы қандай?

Әдебиеттер:

  1. Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - 93 с.

  2. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. Шығыс Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің 8-9 сыныптарына арналған бағдарлама. – Семей, 2014. - 23 б.

  3. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. История Восточного Казахстана с древнейших времен до современности. Программа для 8-9 классов общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2014. – 23 с.

  4. Зарифова М.А., Бралинова Д.И. Изучение истории Восточного Казахстана с древнейших времен до современности: Методическое пособие в помощь учителю истории. – Семей, 2014. - 226 с.

  5. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XIX ғ. соңына дейін. 8 с. арналған оқу құралы. – Семей, 2012. - 84 б.

  6. История Восточного Казахстана. Ч. I. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Учебное пособие для 8-х кл. – Семей, 2012. - 94 с.

  7. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XX ғ. соңына дейін. 8 с. aрналған жұмыс дәптері. – Семей, 2012. - 58 б.

  8. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Рабочая тетрадь для 8-х кл.– Семей, 2012. - 58 с.

  9. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Хрестоматия для 8-х кл. Семей, 2012. - 224 с.

  10. Броневский С. Б. Отрывки из записок // Исторический вестник. – Т. 38, № 12. – СПб., 1889. Имеется электронный ресурс

  11. Врангель А.Е. Из воспоминаний о Ф.М.Достоевском в Сибири. 1854– 1856 гг. - СПб, 1912. - 244 с. Имеется электронный ресурс.

  12. Географо-статистический словарь Российской империи. В 5 тт. – Спб.,1873 - 1885. Имеется электронный ресурс.

  13. Дорожник по Сибири и Азиатской России. Имеется электронный ресурс.


Тақырып 9.ХХ ғасыр басындағы өлкедегі қоғамдық саяси-экономикалық өмірі Тақырыпты оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Өлкенің қоғамдық саяси-экономикалық өмірі. Тақырыпты оқытудың әдістемесі.

  1. Шығыс Қазақстанға жер аударылғандар.

  2. Саяси жер аударылғандардың ғылыми және мәдени ағартушылық қызметтері.

  3. Шығыс Қазақстанның сауда орталықтары.




  1. Шығыс Қазақстанға жер аударылғандар. XIX ғасырда Шығыс Қазақстан өзінің шеткері орналасуына және қала халқының аздығына байланысты жер аударылғандар мен сенімсіздерді қоныстандыратын өлкеге айнала бастады. Алтайға «жолды» алғаш декабристер салды, олардың ізімен Ертіс бойына 1830 – 1831 жылдардағы поляк көтерілісіне қатысушылар келді, олардан кейін мұнда халықшылдар, социал-демократтар жер аударылды.

XIX ғасырдың басындағы саяси жер аударылғандардың алғашқы толқынының ішінде «Солтүстік қоғамының» мүшелері - С.М. Семенов, П.П. Коновницин, С.М. Палицин және «Оңтүстік құпия қоғамының» мүшесі М.И. Муравьев-Апостол болды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейдің орталық губернияларында революциялық қозғалыстар өршіген кезден бастап, облыс жері саяси жер аударылғандар өлкесіне айнала бастады. Патшалық Ресей соты революционер-демократтарды алыс өлкелерге жер аударып отырды.

1854 пен 1859 жылдары Семейде, бес жылға тарта уақыт, орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский айдауда болды. Мұнда ол өзінің мәңгі өлмес туындылары: «Записки из Мертвого дома», «Дядюшкин сон», «Село Степанчиково и его обитатели» шығармаларын жазды. Семейде Ф.М. Достоевский П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен және Шоқан Уәлихановпен кездесті.

XIX ғасырдың 70 жылдарының басында Шығыс Қазақстанға саяси жер аударылғандардың үлкен тобы орнықты, олар: поляк көтерілісіне қатысушылар, революциялық үйірме мүшелері болатын. Бұлар бойларында күш жігері бар, мәдениетті, әлеуметтік белсенділіктері жоғары жас адамдар болды. Көпшілігіне бұл өлке екінші отандарына айналды. Олардың арасында: Е. Михаэлис, П.П. Коншин, О. Костюрин және т.б. бар еді.

Саяси жер аударылғандардың материалдық жағдайы мейілінше нашар болды. Жер аударылғандардың бір бөлігі пәтерлерде, ал басқалары казармаларда тұрды. Жер аударылғандардың құқықтары тым шектеулі болды, дворяндық сословиядан шыққан айдаудағыларға күнделікті қаражат жағы да шектеулі болып, тәулігіне 15 тиын ғана жұмсай алатын болды. Жоғары сословиядан шыққан, құқықтарынан, қызметтерінен айырылған Сібірге айдалғандар, азықтануға тәулігіне 7 тиын алып отырды. Төменгі сословиядан шыққандарға жәрдем ақы берілмеді. Айдаудағылардың тұрғылықты жері болмауымен қатар, олардың паспорттарын да алып қойды, оның орнына олардың қайда тұратындығын белгілейтін құжат берілді. Олар бірінші шақыру бойынша полицейлік басқармаға келулері тиіс болды. Полицейлер айдаудағылардың пәтеріне немесе үйіне рұқсатсыз кіріп тінту жүргізуге құқылы болды. Айдаудағылар мемлекеттік және қоғамдық қызметтерге жаза мерзімі аяқталғаннан кейін ғана араласа алатын болды. Олар ішкі істер министрлігі рұқсат еткеннен кейін ғана қызметке тұра алатын. Бұл жайында американдық журналист әрі публицист Джордж Кеннан Сібірге және Алтайға жасаған саяхатына байланысты жазған «Сибирь и ссылка» кітабында саяси жер аударылғандармен Семейде, Үлбіде (С.Гросс, Я.Виторт) және Өскеменде кездескенде, айдаудағылардың Томскіге қарағанда жақсы өмір сүретіндіктерін атап өтеді.


  1. Саяси жер аударылғандардың ғылыми және мәдени ағартушылық қызметтері. Саяси жер аударылғандар өлкенің ғылыми және мәдени ағартушылық жұмысына үлкен үлес қосты, олар қазақ халқының тұрмысын, тарихын, қазақтардың құқықтық қатынастарын зерттеумен айналысып, қазақтарды орыс халқының мәдениетімен және оның әдебиетімен танысуға жәрдемдесті. Осындай ізденістердің нәтижесі өлкеде қоғамдық ғылыми және мәдени ұйымдарды құруға алып келді.

1871 жылы «Семипалатинские областные ведомости» апталық газетінің алғашқы саны шықты, газет губерния бағдарламаларының негізінде шыққанымен, газетке саяси жер аударылғандардың бастамасы айтарлықтай маңызды рөл атқарды, себебі олар өз айналасына кішігірім өлкетанушлар үйірмесін ұйымдастырған еді. «Семипалатинские областные ведомости» газеті 1902 жылға дейін басқа баспа органдарының аздығы себепті өлкедегі жаңалықты білдіруші бірден бір баспа болды. Оның мазмұны жан-жақты болды. Мәселен, газет өлкенің тарихы, әлеуметтік экономикалық дамуы, жергілікті халықтың тұрмысы мен мәдениеті сияқты және т.б. мәселелерді қамтыды.

«Семипалатинские областные ведомости» газетіның нөмірлерінде үнемі, Н.Я. Коншиннің «Очерки экономического быта киргиз Семипалатинской области», «По Усть-Каменогорскому уезду», Ф. Зоболиннің «Свадебные обряды и обычаи среди казачьего населения Усть-Каменогорского уезда», Г. Сопетовтың «Податное и хозяйственное устройство киргиз Семипалатинского уезда», Н. Золотовтың «Некоторые сведения о бывшей Западно-Сибирской военной границе в минувшем столетии», Н. Земляницынның «Построение г. Семипалатинска» сияқты зерттеу мақалалары жарық көрді. Өлкетанулық осы басылымдар оқырмандарын облыстың экономикалық және әлеуметтік жағдайымен таныстырып отырды.

Семейде 1878 жылы Ресейдің орталық қалаларындағыдай Облыстық статистикалық комитет құрылды, бұл өлкедегі алғашқы жергілікті мекеме болып табылады. Мұндағы жиналған әр түрлі статистикалық деректер өлке халқының тұрмысы мен мәдениетін зерттеушілерге аса құнды мәлімет болып табылады.

Семей статистика комитетінің бірінші хатшысы, әрі іс жүзіндегі жетекшісі Евгений Петрович Михаэлис болды. Осындай істерге пайдаланатын білімді адамдардың аздығынан Семей статистика комитетіне және де басқа мекемелерге еріксізден жер аударылған зиялылар қызметке алынды. Нәтижесінде, басқару мекемелерінің көбінде саяси жер аударылғандар қызмет істеді. Сондай-ақ, мұнда саяси жер аударылғандармен қатар жергілікті әкімшілік өкілдері де болғанын атап өткен жөн, олардың қатарына сол кездегі Семей соты қызметін атқарушы П.Е. Маковецкий болды. Ол өзінің көп уақытын қазақ халқының этнографиясын зерттеуге арнады. Оның бастамасымен тікелей қайраткерлігінің нәтижесінде және комитет мүшелерінің ат салысуымен 1881 жылы көптеген жазбалар мен құжаттар жинақталған «Степное положение о киргизах» деген заңнамалық жинақ басылып шықты.

Комитеттің алғашқы ірі іс шараларының бірі - Семей қаласы халқының бір күндік санағын ұйымдастыру болып табылады. Санақ Е.П. Михаэлистің бастамасымен, әрі үздіксіз жетекшілігімен 1882 жылы наурыз айында жүргізілді.

Е.П. Михаэлис санақ бағдарламасын және санақтың өтілу ережесін, санақ парақтарын санақтың өткізілу тәртібіне түсіндірме дайындады. Сынақтан өткен санақтың бұл түрін Сібірдің барлық қалаларында өткізу ұсынылды. Санақ деректерін 1886 жылы Е.П. Михаэлистің өзі өңдеп жариялады, санақ нәтижесі үлкен қоғамдық маңызға ие болды, ал өлке тарихын зерттеушілерге аса құнды жәдігер болып саналады.

Осының ізімен 1897 жылы бүкіл Ресей империясында да алғашқы жалпы халық санағы сәтті өткізілді.

Комитетке 1886 жылдан бастап қазақтың бас ақыны Абай мүше болды және белсенді қызмет атқарды. Оның «Заметки о происхождении родов Средней киргизской орды» мақаласы жарық көрді. Келесі бір «Материалы для родословной киргиз» атты мақаланың авторы В.И. Маевский өз мақаласын жариялауға, 1900 жылғы «Памятной книжкада» жарық көрген Абай Құнанбаевтың мақаласының себепші болғанын айтады, ал М.И. Абай мақаласы Н.Я. Коншинның атынан жариялған, кейіннен М.И.Фетисов Абайдың авторлығын дәлелдеді. Абайдың бұл мақаласы өзінің түпнұсқалығымен ерекшеленіп көпшілік қауымның қызығушылығын туғызды. Қазақтарға арналған этнографиялық еңбектердің авторы орыс антропологы әрі этнографы А.А. Ивановский осы мақаланың рецензиясында, оның мәлімдеулерінің жаңалығын ерекше атап өтеді.

Статистикалық комитет жыл сайын анықтамалық күнтізбе немесе «Ескертіш кітапша» («Памятная книжка») жариялап отырды. Осындай кітапшалар Семейде алты рет шықты. Алғашқысы 1897 жылы жарияланды. «Ескерткіш кітапшаларда» ғылыми жұмыстар, өлкенің маңызды экономикалық және тұрмыстық мәселелері жарияланды. Мысалы, Н.Я. Коншиннің «К вопросу о переходе киргиз Семипалатинской области в оседлое состояние», «Переселенческие поселки Усть-Каменогорского уезда», Ф. Зоболиннің «К вопросу о невольниках, рабах и тюленгутах», В. фон Герннің «Из запиской книжки. Этнографические заметки» және «Киргизские пословицы и поговорки» сияқты зерттеу мақалалар жарияланып тұрды. «Ескерткіш кітапшада» статистикалық куәландырулардан басқа В.П. Никитиннің «Исторический очерк Семипалатинской области» және В.И. Маевскидің «Ботовская ярмарка» атты зерттеулері де жарияланды. Авторлар өздері көтерген мәселелердің көпшілігін «Семипалатинские областные ведомости» газетінде де жариялаған.

Комитеттің ғылыми баспаларында жылдық есептер және түрлі отырыстардағы хаттамалар да жарияланып отырды. Мұнда әр түрлі мәселелер қарастырылды, аталған мәселелер болашақ бағдарламалардың жұмысы ретінде қарастырылып олармен өлкетанушылар жұмыс істеді.

Қаражаттың тапшылығына байланысты алтыншы кітапқа келгенде басылым тоқтатылды. 1897-1899 жылдары «Ескерткіш кітапшада» жарияланған материалдармен толықтырылып, 1899 жылы «Семей облысы бойынша мақалалар жинағы» жарық көрді.

Комитет қызметкерлері өздерінің тікелей қызметтерімен қоса өлкенің тарихын, табиғатын зерттеумен шұғылданды. Комитет мүшелері В.Н. Филиппов, М.И. Суворовцев, Н.В. Шмейсер, сондай-ақ комитетке арнайы мүше емес саяси жер аударылғандар А.А. Леонтьев, П.Д. Лобановский, Н.Я. Коншин және басқалары жедел түрде Семей мұражайын және қоғамдық кітапхананы жасақтауға кірісті. Оларды губернатор А.П. Проценко қолдады, алайда бастапқыда қажетті қаражат жетіспей мұражай ашылмайды. Тек 1883 жылы Семей мұражайын және қоғамдық кітапхананы ұйымдастыруға 1500 рубль қаражат бөлінеді. Сонымен 1883 жылдың 11 қыркүйегінде Семей облыстық статистика комитетінің ғимаратында Семей облыстық мұражайы мен қоғамдық кітапхананың ашыуы болды.

Ресей ғылым Академиясы өздерінің 283 том ғылыми еңбектерін, ал Петербург табиғаттану зерттеушілері қоғамы өздерінің жетекшілігімен басылған еңбектерін жолдады, бұл мұражайға көрсетілген баға жеткісіз көмек еді. Мұражайдың ашылуына А.А.Блэк, П.Е.Маковецкий, А.А.Леонтьев, Н.Я.Коншин сиякты азаматтар үлкен көмек көрсетті. Олар мұражайға жәдігерлерді жинақтауға белсені кірсіп, жиналған материалдарға ғылыми өңдеу жасады. Мұражайдың одан әрі дамуына ағайынды Белослюдовтар үлкен үлес қосты.

Абай Құнанбаев мұражайға қазақ қолданбалы өнерінің туындыларынан тұратын 60 экспонат тарту етті.

1887 жылы Екатеренбургта өткен Сібір-Орал ғылыми-өндірістіқ көрмесінде Статистикалық комитет қазақтың этнографиялық экспонаттары жинағын көрсетті. Мұнда әр жәдігердің қазақы атауы және олардың қолданылатыны жазылды.

1888 жылы Статистикалық комитеттің қаражатына археологиялық коллекциялардың каталогі жарияланды, онда 85 жәдігер көрсетілді.

1896 жылы мұражай өзінің жәдігерлерімен Нижный Новгородта өткен Бүкілресейлік өндіріс және көркемөнер көрмесіне қатысып өз бағасына сай марапатталды.

Қоғамдық кітапханы пайдалунышылардың алғашқыларының бірі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев болды. Абай кітапханада түнге дейін отыратын болған. Ол Крылов мысалдарын, М.Ю.Лермонтовтың «Кинжал», «Парус» өлендерін, А.С.Пушкинның «Евгений Онегин» поэмасының, «Татьянаның хаты» бөлімін аударды.

Кітапхана негізі қаланған жылдары оның қоры 274 дана кітаптан тұрды, ал оқырмандар саны 130 болды. Кітапхана ашылысымен жеке адамдар мында меншік кітаптарын бере бастады. 1885 жылы кітапханаға кіріп шыққан Д. Кеннан: «...Мен кітапханадан Спенсер, Бокль, Льюис, Милль, Лебок, Тейлор, Гексли, Дарвин, Стендаль, Альфред Рюссель Уэллес шығармаларын таңырқап тамашаладым... Кітаптарға деген құрметіме орай Семей қаласына деген тамаша көзқарасым қалыптасты» деп жазады.

Көп ұзамай кітапхана мен мұражай Семей қаласының алдыңғы қатарлы қоғамдық өкілдері бас қосатын орталыққа айнала бастады. Семей кітапханасы ашылғанына бір ай уақыт өткенде, оқу залында қазақ классикалық әдебиетінің негізін салушы Абай мен жераударылған революционер Е.П. Михаэлистің таныстығы басталды. Мұрағатта Абайдың Өскемен қаласына Михаэлиске қонаққа барғандығы туралы оқиға тіркелген.

Саяси жер аударылғандардың көпшілігі Өскеменнің қалалық басқармасының құрамына енді, ал О.Ф. Костюрин қала старостасы болып сайланды. «Семей облысының ескерткіш кітапшасында» Өскемен қаласы Думасының қызметіне мынандай сипаттама берген: «Семей қалаларының ішінде зиялы істерге бастамшы болып отырған өкілетті интеллегенция өкілдері кірген Өсемен қалалық басқармасынан белсендісі жоқ. Қалада «Бастауыш білім беруге қамқорлық туралы қоғам» құрылып, мұражай жұмысын құру туралы мәселелер көтерілді...».

О. Костюрин, Е. Михаэлис, И. Емельянцев, А. Федоров және т.б. кірген «Бастауыш білім беруге қамқорлық туралы қоғамының» бастамасымен 1896 жылы Өскеменде кітапхана ұйымдастырылды. Кітапхананың алғашқы қорын саяси жер аударылғандардың кітаптары құрады. А. Федоров кітап алуға 100 рубль, ал әскери дәрігер Г. Вистениус жеке кітапханасымен бірге 1500 рубль қаржысын берді. Кітапхана шығарған парақшаларда «Усть-Каменогорская народная платная библиотека с читальней» деген мөртабан басылған. 1897 жылғы «Обзор Семипалатинской области» мәліметтерінде: «...кітапханада 662 кітап, 480 адам оқырман болған». Мұнда да кітапхана қала зиялыларының бас қосатын орталығына айналды. Әсіресе түрлі мерекелерде және газет, журнал алатын күндері адам саны көп болды. Оқырмандар әр түрлі жаңалықтарды талқылап сұхбат жүргізіп отырды.

Семейде саяси жер аударылғандардың ағартушылық қызметі, өлкені зерттеудегі еңбектері тоқтап қалған жоқ. Олардың арасында сирек мамандық иелері: мұғалімдер, дәрігерлер және жай жоғары білімді адамдар халыққа ерекше қызмет етті. Олар саны аз, әрі әлеуметтік күші аз жергілікті интеллигенция қатарын толықтырып отырды. 1863 жылғы поляк көтерілісіне қатысқан, айдауда болған Цезарь Иосифович Тераэвич Семейде ұзақ жылдар бойы уездік дәрігер қызметін атқарып, жергілкті халық арасында ерекше құрметке ие болды. Қарқаралыда Ян Сигизмундович Домашневич науқастарды үйінде қабылдады. Мұнда народоволец, дәрігер А. Богомолец жұмыс істеді.

Өскеменге саяси жер аударылған Иньков қалада алғашқы дәріхананы ашты. Жоғары білімді адамдардың бірі, народоволец В.И. Дзюбинский болды. Белгілі қоғам қайраткері және жазушы ол Семейдегі білім құмарлардың ғана емес, халықтың да арасына кең танылмал тұлға болды. Мамандығы бойынша заңгер Северин Гросс өзінің заңгерлік білімін адвокаттық салада кеңінен қолдана білді.

Саяси жер аударылғандардың белсенді қызметінің нәтижесінде жергілікті жастардың білім алуға және ғылымға, қоғамдық өмірге деген құлшыныстары арта түсті. Саяси жер аударылғандардың ықпалымен көптеген жастар және қыздар, соның ішінде қазақтар Семейде гимназия немесе мектеп бітіріп, білімдерін Қазанда, Томскіде, Петербургте жалғастырды.

Жер аударылғандардың әр түрлі қызметтері өлкенің шаруашылық, қоғамдық және мәдени өміріне ерекше ықпал етті, ал саяси жер аударылғандар келген күндерінен бастап жерглікті тұрғындармен бейбіт әрі тығыз қарым-қатынасқа түсті, сонымен бірге екі мәдениеттің тығыз үндесуіне себепкер болды.


Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Шығыс Қазақстанға саяси жер аударылғандардың жағдайлары қалай болды?

  2. Саяси жер аударылғандардың өлкенің қоғамдық өміріне қандай ықпалы болды?

  3. Сіздің тұрғылықты мекеніңізде саяси жер аударылғандардың құрметімен аталатын көше барма?

Қосымша мәліметтерді пайдалана отырып біздің өлкедегі саяси жер аударылғандардың портреттері галереясын құрастырамыз

Әдебиеттер:

  1. Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - 93 с.

  2. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. Шығыс Қазақстан тарихы ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептерінің 8-9 сыныптарына арналған бағдарлама. – Семей, 2014. - 23 б.

  3. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. История Восточного Казахстана с древнейших времен до современности. Программа для 8-9 классов общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2014. – 23 с.

  4. Зарифова М.А., Бралинова Д.И. Изучение истории Восточного Казахстана с древнейших времен до современности: Методическое пособие в помощь учителю истории. – Семей, 2014. - 226 с.

  5. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XIX ғ. соңына дейін. 8 с. арналған оқу құралы. – Семей, 2012. - 84 б.

  6. История Восточного Казахстана. Ч. I. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Учебное пособие для 8-х кл. – Семей, 2012. - 94 с.

  7. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. Шығыс Қазақстан тарихы. I б. Шығыс Қазақстан ежелгі дәуірден XX ғ. соңына дейін. 8 с. aрналған жұмыс дәптері. – Семей, 2012. - 58 б.

  8. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Рабочая тетрадь для 8-х кл.– Семей, 2012. - 58 с.

  9. История Восточного Казахстана. Ч.1. История Восточного Казахстана с древнейших времен до конца XIX в. Хрестоматия для 8-х кл. – Семей, 2012. - 224 с.

  10. Броневский С. Б. Отрывки из записок // Исторический вестник. – Т. 38, № 12. – СПб., 1889. Имеется электронный ресурс

  11. Врангель А.Е. Из воспоминаний о Ф.М.Достоевском в Сибири. 1854– 1856 гг. - СПб, 1912. - 244 с. Имеется электронный ресурс.

  12. Географо-статистический словарь Российской империи. В 5 тт. – Спб.,1873 - 1885. Имеется электронный ресурс.

  13. Дорожник по Сибири и Азиатской России. Имеется электронный ресурс.


Тақырып 10.Семей облысы азаматтық қарсыластық жылдарында Тақырыпты оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Қазақстандағы Азаматтық соғыстың себептері мен салдарын анықтау. Тақырыпты оқытудың әдістемесі.

  1. Ақпан революциясынан кейін өлкедегі басқару органдары

  2. Кеңес өкіметінің Семейде орнауы

  3. Алашорда 1918 жыл

  4. Семей облысы азамат соғысы жылдарында

  5. Өлкедегі көтерілістер мен партизандық қозғалыстар

  6. Өлкедегі Кеңес өкіметінің түпкілікті жеңісі

1. Кеңес өкіметінің Семейде орнауы. Кеңес өкіметінің Семей облысында орнауы аса қиын жағдайда өтті.

Сібірдің ірі қалаларындағы Кеңес өкіметі жеңісінің және Ресейден өлкеге большевик-солдаттардың келуінің ықпалымен 1918 жылы 1 қаңтарда Семей большевиктері дербес ұйымға айналды. Олар қала мен облыста Жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің нақты билігі орнатылуы үшін күреске шықты.

Көпшіліктің көмегіне сүйеніп, 1918 жылы 27 қаңтарда большевиктер 300 адамнан тұратын Семейдегі митингте, Кеңес басшылығынан эсерлер мен меньшевиктерді шығаруды талап етті. 31 қаңтарда кәсіподақтардың жалпықалалық жиналысы саяси партиялардың өкілдерінің қатысуымен, дауыстың көпшілігімен жаңа Кеңестің таңдауы және бүкіл биліктің оған берілуі туралы қаулы шығарды. Сол күні кеште жұмысшылар, солдаттар, қызметкерлер өкілдерінің жалпықалалық жиналысында Кеңес қайта сайланды. Кеңестің атқару комитетінің құрамына И.Морозов, П.Салов, М.Трусов және т.б. кірді. Төраға болып большевик Кузьма Андреевич Шугаев сайланды.

16-нан 17 ақпанға дейін түнде қарулы төңкеріс жасап, Жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі қала мен облыста билікті қолына алды.

1918 жылы 17 ақпанда Жұмысшы және солдат депутаттары Семей облыстық кеңесінің атқарушы комитетінің пленумы Ресей Республикасының Семей облыстық Уақытша комиссариатын құрды. Семейдегі Кеңес өкіметінің құрылуы ақпанда облыстың барлық уездеріндегі Кеңес өкіметі үшін күрестің нәтижесін болжады.

Комиссариат, біріншіден, контрреволюциялық күштерді ығыстыруға бағытталған шараларды қолданды. Эсер-меньшевиктік «Свободная речь» және кадеттік «Дело» газеттерінің басып шығарылуына тиым салынды, Қалалық дума мен Қалалық басқарманы таратып жіберді, оның орнына Қалалық халық шаруашылығының кеңесі құрылды.

Кәсіподақтар бюросы, еңбек және өнеркәсіп комиссариаты, Халық мемлекеттік банкі құрылды, акционерлік капитал тәркіленді.

Уездерде, алғашында бір-бірінен бөлек болған Жұмысшы және солдат депутаттары кеңесін Шаруа депутаттары кеңесімен біріктіру жөнінде үлкен жұмыс өткізілді.

1918 жылы 10 наурызда Семейде өзекті мәселелер қатарын талқылаған жұмысшы, солдат, шаруа, қырғыз (қазақ), казак депуттары кеңесінің біріккен облыстық съезі ашылды. Съез Кеңес өкіметін мойындау, жерді, ірі өнеркәсіп пен банкттерді национализациялау, кәсіпорындарға жұмысшы бақылауын енгізу, қызыл армия бөлімдерін құру, земстволық басқарманы тарату, сот және шарушылық органдарын ұйымдастыру туралы сұрақтарды қарастырды.

Кеңес өкіметінің қарсыластыры билікті өз еркімен бермеді. Олардың қолдарында әлі де елеулі саяси және экономикалық күш болды. Эсерлер мен меньшевиктердің ықпалында ірі кәсіподақтар – кеме жасау жұмысшыларының, сауда қызметкерлерінің одақтары қалып қойды. Контрреволюциялық элементтер қала тұрғындары арасында «қызылдар қауіпі» туралы үрей тудыратын, Кеңес өкімдеріне қасақаналық жасайтын сөздерді таратты. Қалалар мен уездерде кеңес өкіметіне қарсы ұйымдастырылған бірнеше көтерілістер болып, олар күшпен басылды. Сондықтан, қала мен облыс әскери жағдайға көшірілді. Жұмысшы және қала кедейлерінен тұратын әскери жасақтар құрыла бастады. Осындай отрядтар өлкенің барлық ірі қалаларында құрыла бастады.

Өкіметтің толықтай халық қолына өту жоспарының дайындалған және оны іс жүзіне асыру орталығы Бостандық үйі (қазіргі өлкетану мұражайының ғимараты) болды.

1918 жылы наурыз-сәуір айларында өлкеде Кеңес өкіметі орнықты.

2. Алашорда 1918 жыл. Кеңес өкіметінің жариялауынан бастап, Алаш қозғалысы қайраткерлері жариялаған Қазақ автономиясының тағдыры туралы сұрақ күн тәртібіне шықты. 1918 жылы 31 қаңтарда Семейде облыстық земство жиналысы облыс тұрғындарын, ішіне Семей облысы да кіретін бүкіл қырғыз өлкесінің өзін-өзі басқару туралы 2-ші жалпықазақ съезінің шешімін қолдауға шақырды. Бірақ съездің бұл шешімін өлке тұрғындары бірдей қабылдаған жоқ. Пікірлер алшақтығы Алаш қаласына жеке статус беру туралы мәселені көтергенде байқалды. 2 ақпанда Алаш қаласында (бұрыңғы Заречная слобода) митинг өтті, онда орыс тұрғындары Алаш қалалық басқармасын, қазақ милициясын жоюды талап етті, ал қазақтардың пікірі керсінше болды. Қаладағы жағдайдың одан әрі ұшығуына, қала басшылығының осы қалыптасқан жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін білмеулері де әсер етті.

Кеңес өкіметіне қарсы соғыс қимылдарының басталуына байланысты Алаш қаласында қазақтың әскери ұйымы құрыла бастады. 1918 жылы 5 маусымда қалаға далалық өңірден офицер-нұсқаушысы бар 500 адамнан тұратын атты әскер қосыны келіп кірді. Олармен бірге Алашорданың төрағасы Ә.Н.Бөкейханов та бірге келді. Оған қала тұрғындарының өкілдері Никольск шіркеуінің жанында салтанатты қабылдау рәсімін жасады. Кездесуге әскери штабтың өкілдері де қатысты. Әскери өнерге үйретілген осы қосын жауынгерлерінің ұлттық мәнердегі былғары жағасы бар камзол түріндегі әскери киімдері болды. Қосын қалаға, ортасында «Қазақ» газетінің бетіндегідей, киіз үйдің бейнесі салынған ақ туды желбіретіп кірді.

Кеңес өкіметін мойындаудан бас тартқан Алашорда еріксізден өлкедегі бірден-бір әскери күш – генерал А.Н.Дутовтың казак армиясына сүйенуге мәжбүр болды. 1918 жылы 4 қарашада «Сібір үкіметінің» қазақ автономиясын қолдай алмайтындығы туралы ресми мәлімдемесі жағдайды бүтіндей өзгертіп жіберді.

1918 жылы желтоқсанның алғашқы күндерінде подполковник Хамит Тохтамышев екінші алаш полкін құруға кірісті. Содан кейін келешекте жаңа ашылып жатқан прапорщиктер мектебіне оқуға түседі деген оймен уездерден жастарды оқу командасында қызмет жасауға шақыруға болжамдалды.

3. Семей облысы азамат соғысы жылдарында. 1918 жылы контрреволюциялық күштердің жас Кеңес республикасына ашық шабуыл басталды. Кеңес өкіметінің қарсыластарының негізгі екпінді күші ақгвардия армиясы болды. Мамырда ақчехтар мен ақгвардияшылар Новониколаевскіні (Новосібірді), Петропавловскіні басып алды. Маусымның басына таман ақ гвардия ертіс өзені бойымен Алтайға қарай қозғалды – Ертіс бойына қауіп төнді.

Өлкені қорғаудың шұғыл шаралары жүзеге асырылды. Семей Бостандық үйінде еріктілер Қызыл Армияға жазылатын штаб ашылды. Өз ықтиярымен келген шаруалардан уездерде, болыстарда, ауылдарда Қызыл Армияның қосындары мен өзін-өзі қорғау жасақтары құрылды.

Ақгвардияшылар Сібірдің үлкен бөлігін басып алды, олардың отрядтары Ертіс бойын өрлей жылжыды. Олар Зайсанды, Үржарды, Бақтыны, Үлкеннарынды, Бұқтырманы, Бийскіні, Каменьді жаулап алып, Барнаулға қарай жылжи бастады. 1918 жылы 10 маусымның түнінде Өскеменде жоғары Ертіс казактарының көтерілісі болды, олар отряды қаланы басып алды.

1918 жылғы 10 маусым күні түстен кейін контрреволюцияшылар Семейді де алды. Ертіс бойында ақгвардияшылардың ашық әскери диктатурасы орнады.

Сібірдің барлық жерлеріндегідей, Семейде және уездерде Сібір Уақытша үкіметінің губерниялық, уездік комисссарлары тағайындалып, Қалалық дума, уездік және болыстық басқармалар қалпына келтірілді. Патша үкіметінің саясатын жалғастыра отырып, Сібірдің Уақытша үкіметі жергілікті тұрғындар қазақтардан және переселендерден Семей облысының переселен қорына жалпы көлемі 1 300 000 десятина болатын 300 жер телімдерін тартып алды. Семейден Жетісуға қарай шабуылға көшкен ақтар армиясын траспортпен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге және сол сияқты шаруалардың күш-көліктерінен тұратын арбалы керуен батальонын құруға бұйрық берілді. Жаңадан алым-салықтар және міндеткерлік түрлері енгізілді. Семейден Сергиопольге дейін тар табанды темір жол құрылысын жүргізуге 3 ай мерзімге 1000 астам қазақтар мобилизацияланды.

1918 жылы қарашада Антантаның билеуші топтарының тікелей араласыуымен Омбыдағы Сібір үкіметінің эсер-меньшевиктік билігі өзін Ресейдің «жоғарғы билеушісі» деп жариялаған адмирал А.В.Колчактың әскери-монархиялық диктатурысымен ауыстырылды.

Антантаның айтқандарын орындай отырып, адмирал Колчак жұмысшы және шаруа мемлекетіне қарсы кең көлемдегі қарулы күресін бастады. Ол Семей облысы сияқты, Сібір аймағының және Далалық өлкенің басқа да аудандарын армияға қажетті адам және материалдық ресурстарды беретін сенімді көзге айналдыруды көздеді. Верный мен Ташкентті алып, Закаспийдің контрреволюциялық күштерімен қосылу үшін Семей облысы Ақтар армиясының сенімді тылына айналуы қажет болды. Мұның өзі антибольшевиктік коалицияның ыдырауына әкелді. Алашорданың әдәуір бөлігі Қазақстанға кеңестік болса да автономия беруге уәде берген Москвамен қатынас орнатуды бастады.

Семей облысында «қатаң тәртіпті» орнату үшін Омбыдағы әскери билік аймаққа атаман Б.В.Анненковты жіберді. Алғашқы күннен бастап анненковшылар Кеңес өкіметінің жақтастарын, қызыләскерлерді, белсенді жұмысшыларды құрта бастады. Олардың кейбіреулерін тұтқындаған кезде өлтірсе, басқаларын собор жанындағы Жазғы бақта, Ертіс жағасында, қала сыртындағы құм шағылдарда атты, пристаньдағы темір жол тұйығында тұрған «өлім вагондарына»қамалды, артынан олар да өлтірілді. Құрбан болғандардың ішінде Семейдегі Кеңес өкіметінің жетекшілері К.Шугаев, комиссарлар П.П.Салов, Өскемен уездік Кеңесінің төрағасы Я.В.Ушанов, Павлодар уездік Кеңесінің төрағасы – В.Теплов және т.б. болды.

4. Өлкедегі көтерілістер мен партизандық қозғалыстар. Ақгвардиялық террордың алғашқы күндерінен-ақ жасырын большевиктік топтар құрыла бастады. Семейдегі сондай орталықтардың бірі қаланың жұмысшы ауданы – Затон болды. Бір уақытта қалада тағы екі жасырын топ жұмыс істеді. Жасырын топтар облыстың көптеген болыстарында құрылды.

Орнатылған тәртіпке қарсы ұйымдастырылған қимылдарға шаруалар да қосыла бастады. 1918 жылы тамызда Шемонаихада ірі көтеріліс болып өтті. Мұндай көтерілістер Шығыс Қазақстанның оншақты елді мекендерінде болды. Көтеріліс басында поселкілерде құрылған ревкомдар мен әскери штабтар болды. Көтерілісшілер 5 кавалерия, 5 жаяу әскер қосынын құрды. Олардың құрамында мыңға тарта жауынгер болды. Ақгвардия командованиесі көтерілісшілерге қарсы ірі әскери күштерді жіберді, олар көтерілісті аяусыз басты.

Азамат соғысы тарихының әйгілі беттерінің бірі болып Шеркеш (Черкасск) қорғанысы саналады. Шеркеш қорғанысы қорғаушыларының қатарында Үржар мен Сергиополь өңірлерінің қонысаударушылары мен шаруаларының партизан отрядтары ерлікпен күресті. Партизандар гарнизондарға шабуыл жасап, қару-жарақтармен арбалы керуендерді ұстап алып, байланыс құралдарын жоятын. 1919 жылы сәуірде жеке жасақтар «Тарбағатайдың қызыл тау қырандары» аталып, ірі қосынға бірікті. Қосын комиссары болып Е.С.Алексеев, ал, ол шайқаста қаза тапқаннан кейін А.Ф.Нестеренко сайланды. Тарбағатай тау жотасының баурайындағы елді мекендерде Кеңес өкіметі қайта орнады. Ақгвардияшылар өз қатарларын күшейтіп, партизандарға тірек база болған бірнеше елді мекендерді алды. Партизандар мен тұрғындардың үлкен бөлігі тауға шығып кетті. Бірақ қақаған қыстың қиын жағдайында «Тарбағатайдың қызыл тау қырандары» отряды күресін жалғастырып, Сергиополь-Үржар-Бақты трактын бақылауда ұстап тұрды.

Партизан қозғалысы Семей облысының Бұқтырма, Өскемен, Зайсан уездерінде өріс алды. Облыстағы партизан қозғалысы мен халық көтерілістері ақгвардияшыларді жеңуде маңызды рөл ойнады.

5. Өлкедегі Кеңес өкіметінің түпкілікті жеңісі. Қызыл Армияның колчакшыларға қарсы сәтті жүргізілген белсенді әскери әрекеттерінің нәтижесінде Павлодар қаласы, Рубцовск және Ауыл станцалары босатылды. Қызыл Армия мен партизандық құрамалар Семейге жақындай түсті.

Семей қаласының жасырын орталығы әскери жұмысшы жасақтары мен гарнизонның бірнеше бөлімшелерінің көмегіне сүйеніп, 1919 жылы 30 қарашада қарулы көтеріліс бастады. Анненковшылар, біршама қарсылықтан кейін, Семейді қалдырып, Ертістің сол жағалауына, кейіннен Сергиопольға шегінді.

1 желтоқсанда Семейде Кеңес өкіметі Әскери-Революциялық штаб түрінде қайтадан орнады. 16 желтоқсанда Семейге қызылармиялық бөлімдер кірді.

Қызыл Армияның негізгі күштерінің шабуылдаушы бөлімдері 1920 жылы 12 қаңтарда Сергиопольді, ал 22 қаңтарда Үржар станицасын босатып, партизандар отрядымен қосылды.

Біртіндеп барлық облыс ақгвардияшылардан босатылды, жаппай Кеңес өкіметі орнатылды.



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. 1918 жылы жергілікті халық пен Алашорда арасында қандай қайшылықтар туындады?

  2. Азамат соғысы жылдарындағы ұлттық келісім саясатының себептері қандай?

  3. Өлкедегі көтерілістер мен партизандық қозғалыстардың пайда болу себептері неде?

4.Азамат соғысы жылдарында өзіңіз тұратын жерде қандай оқиғалар орын алғандығын біліңіз.

Әдебиеттер:

  1. Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - 93 с.

  2. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. Шығыс Қазақстан тарихы II бөлім. Шығыс Қазақстан тарихы XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін 9 с. арналған эксперименттік оқу құралы. – Семей, 2013. - 194 б.

  3. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. История Восточного Казахстана. Ч.II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Экспериментальное учебное пособие для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2013. - 188 с.




  1. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. Шығыс Қазақстан тарихы. II бөлім. Шығыс Қазақстан тарихы XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептердің 9 с. оқушыларына арналған жұмыс дәптері. – Семей, 2013. - 72 б.

  2. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. История Восточного Казахстана. Ч.II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Рабочая тетрадь для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2013. - 72 с.

  3. История Восточного Казахстана. Ч. II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Хрестоматия для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО . – Семей, 2013. - 586 с.


Тақырып 11.20-40-шы жылдардағы Шығыс Қазақстан. Тақырыпты оқыту әдістемесі.
Мақсаты: келесі сұрақтарды ашу: Қазақстандағы индустрияландырудың қандай ерекшеліктерін ашу және Ұжымдық шаруашылықтардың түрлерін анықтап, Қазақстанда ұжымдастырудың жүргізілуі.Тақырыпты игерудің әдістемесі.

  1. Өлкенің әкімшілік-территориялық бөлінісі

  2. Өлкенің экономикалық жағдайы

  3. Өлкені индустрияландыру

  4. Өлкедегі ұжымдастыру және ашаршылық

1. Өлкенің әкімшілік-территориялық бөлінісі. Аймақтың әкімшілік-территориялық құрылымының негізі РКФСР ХКК-нің (СНК) «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару туралы революциялық комитетінің 10 шілде 1920 жылғы Ережесінде» белгіленді. Семей облысы Казревкомның басқаруына берілді. РКФСР БОАК (Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитететі) мен ХКК-нің 26 август 1920 жылғы «Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы» туралы декрет бойынша Семей облысы Зайсан, Қарқаралы, Семей, Өскемен уездерімен бірге Қырғыз (Қазақ) АКСР-інің құрамына енді. Жаңа құрылған үкіметке мұндай үлкен аумақты басқару алғашқы кезде қиынға түсті, сондықтан Семей облысы 1921жылдың сәуір айына дейін іс жүзінде Сібір ревкомының басқаруында болып, губернияға айналды.

Қырғыз ОАК-нің Декретімен 19 сәуір 1921 жылғы «Сібір казактары әскерінен өзенді бойлай оншақырымдық жерлерді жалға алып, бұрыннан бері тұрып келе жатқан еңбекші қырғыз халқына» мынадай жерлер: Семей губерниясының Өскемен, Семей, Павлодар уездеріндегі Ертіс өзенінің сол жағалауындағы жерлер берілді. Омбы губерниясынан Павлодар уезі, Алтай губерниясынан уезд құқымен Бұқтырма ауданы және Змейногорск уезінің бір бөлігі Семей облысына берілді.

1928 жылы республиканың губернияларға, уездер мен болыстарға бөлінуі жойылды да, округтар мен аудандарға бөліну енгізілді. Қайтадан құрылған Семей округінің құрамына 23 аудан енді. 1930 жылы Қазақстанда қайтадан облыстық бөлініс енгізілді. Семей қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы болды. 1938 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына бөлінді. Ал 1939 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Семей облысы бөлініп шықты.

2. Өлкенің экономикалық жағдайы. Соғыс жағдайынан бейбіт тұрмысқа оралу аса күрделі болды. Бірінші империалистік және Азамат соғысы өлке экономикасын қатты күйзелтті.

Ірі өнеркәсіп орындары істен шықты. 1919 жылдың екінші жартысында Риддердің бұрынғы иелері (ағылшын капиталистері – бұрынғы Риддер концессионерлері), Кеңес мемлекетіне ештеме қалдырмау мақсатында рудниктерін суға батырды, құрылғылардың біразын және геологиялық барлау жұмыстарының қорытындылары мен кен өндіру жобалары бар техникалық мұрағат құжаттарын өздерімен бірге алып кетті.

Семей губерниясында қайта қалпына келтіру басталғанға дейін 3233 өндіріс орнының 450-і қалаларда болды, олардың 387-і ғана жұмыс істеп тұрды. Бұлардың көпшілігі механикалық қондырғылары жоқ, жалдамалы азғантай адамдар жұмыс істейтін ұсақ кәсіпшіліктер еді.

Семейдегі 100 өндірістік мекеменің басым көпшілігі 1920 жылдың қарсаңында жабылып қалды немесе әзер жұмыс істеп тұрды. Электр станциялары, Затондағы кеме жөндеу шеберханалары жұмыс істемеді, жөнделмеген кемелерді тот басты. Өндірісте отын, шикізат, жұмысшылар,қаржы болмады.

Кеңес өкіметінің алғашқы шараларының бірі социалистік экономиканың негізі болып табылатын өндіріс орындарын мемлекет меншігіне алу болды. 1918 жылы Зырян, Риддер кеніштері кен байыту фабрикаларымен және Өскеменге дейінгі темір жол тармақтарымен, басқа да шет елдік концессионерлерге тиісті шаруашылықтар мемлекет қарамағына алынды.

Жаңа экономикалық саясатқа сәйкес ірі өнеркәсіптердің бөлімдері шаруашылық есепке көшірілді: диірмендер, Безымянный бұлағындағы хутордағы тері зауыты, механикалық зауыт және басқалары. Бұл өнеркәсіптер кожмехтрест бірлестігін құрады. Жеке адамдарға сыра қайнату зауыты, губерндік одаққа – тері зауыты, механикалық зауыт пен диірмендер берілді. Осы кезде қалада 950 ұсақ кәсіпшілердің шеберханалары жұмыс істеді: етік тігу, іс тігіу, ұстаханалар, слесарлық шеберханалар, былғары киімдер тігетін шеберханалар және басқалар. Олар халыққа ең алдымен қажет бұйымдарды дайындады.

Мемлекет меншігіне алынған өндіріс орындарын жұмысшы күшімен қамтамасыз ету үшін 1921 жылы қаңтарда жалпығаортақ еңбек ету міндеттілігі губерниялық комитеті құрылды. Мұндай комитеттер уездер мен болыстарда да құрылды. Қаңтарда комитет 18 бен 50 жас аралығындағы құрылысшы, кемежасаушы, ағаш шебері, токарь, механик, ұста, дәнекерлеуші және т.б. мамандығы бар барлық ер адамдарды 6 айға жұмысқа алу туралы шешімді жариялады. Міндетті жұмысқа инженерлік-техникалық мамандар, оның ішінде 18 бен 40 жас аралығындағы архитектор, техник, инженер, жер өлшеуші, бухгалтер, есепші, машинист мамандығы бар әйелдер де тартылды.

Өндіріс пен ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына халық шаруашылығы губерниялық кеңесі басшылық жасады. Работой по восстановлению промышленности и сельского хозяйства руководил губернский совет народного хозяйства. Қондырғылардың, құрал-саймандардың, шикізаттың, адамдардың жетіспеушілігіне қарамастан өлке тұрғындары өте ауыр жағдайда, жартылай аш, жалаңаш жүріп, адам айтқысыз ауқымды шаруаларды іске асырды.

Затонның кеме жасау щеберханаларында жөндеу жұмыстары қолға алынып, Ертістегі жүзу маусымы басталғанда семейліктер ашаршылық жайлаған аудандарға астық тиелген екі кемені шығарды. 1920 жылдың маусым айында Риддердегі кен өндіріле бастады, екі ағаш кесу өндірісі іске қосылды, бу-турбина станциясының құрылысы басталды, 1922 жылдың жазында алтын байыту фабрикасы жұмысқа қосылды. 1923 жылы шілдеде электролит тәжірибе зауыты пайдалануға берілді. 1924 жылы желтоқсан айында іске қосылған циан зауыты Риддердің ірі жеңісі болды. Алтын өндірісін қалпына келтіру өлкенің экономикалық жағдайын едәуір нығайтты.

1924 жылдың 1 қаңтарына дейін Семейде 800 адам жұмыс істейтін 16 ірі өнеркәсіп мекемелері қалпына келтірілді. 1925 жылдың қарсаңында Өскемен, Семей, Павлодар уездері біршама дамыған уездер қатарында болды. Өскемен уезінде Ақжал алтын кеніштер тобы, Риддер тау-кен мекемесі, Алтай алтын кеніштері тобы, жұмыс істеп тұрды. Азамат соғысынан кейінгі алғашқы бесжылдықта Затонда орналасқан кеме жасау зауыты металл өңдеу құрылғыларымен жабдықталды, флот бұрынғыдан қуатты кемелермен толықты.

1927 жылдың соңында Риддердің дамуына 10 млн. сом қаржы бөлінді. Осы уақыт аралығында кеніш қалпына келтіріліп, байыту фабрикасы жабдықталып іске қосылды. Тәжірибелік электролиттік қондырғы орнатылды, мұнда елімізде алғаш рет электоролиз әдісімен катодтық мырыш алынды. 1927 жылдың аяғында Риддерде қорғасын зауыты салынды, бірінші қазақстандық қорғасын алынды. Риддер теміржол тармағы қалпына келтірілді, Хайрюзов су электр станциясы салынды. Сондай-ақ сақтық үшін бу электр станциясы да салынды.

1927 жылдың аяғына қарай облыстағы өнеркәсіпті қалпына келтіру жұмыстары негізінен аяқталды.

3. Өлкені индустрияландыру. Өлкені индустрияландыру жағдайында жергілікті халықтың алдында техникалық-экономикалық артта қалушылықты жою үшін күрделі мәселелерді шешу керек болды.

КСРО халық шаруашылығының сұранымына және табиғи байлығына байланысты бұл жақта тамақ пен жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ түсті металлугия дамыды.

Өлкеде геологиялық барлау жұмыстары кеңінен жүргізілді. Кендерлік кендеріндегі көмірді, сланецті өнеркәсіптік мақсаттарға пайдалану, Известковое ауылы маңындағы извест тасты цемент өндірісіне пайдалану мүмкіндіктері жайлы зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1926-1927 жылдары Семей округінде ірі өндірістік құрылыстар салу кезеңі басталды. Өлкенің шаруашылығын кеңінен игеруде Түркістан-Сібір темір жолын салу маңызды рөл атқарды.

1927 жылы Сесейден Түркістан-Сібір теміржолын салу құрылысы басталды. К маю 1929 жылдың мамыры қарсаңында солтүстікте 562 км, ал оңтүстікте 350 км жол тартылды. 10 мамыр 1929 жылы тұрақты жүретін алғашқы жолаушылар пойызы Семейден Сергиопольге (Аягөз) Ертіс үстінен салынған алып көпір арқылы қатынады. Көпірді салуда 850 жұмысшы жұмыс істеді және оның құрылысына бір жарым мың тонна тас жұмсалды. Көпір құрылысы 1929 жылы наурызда аяқталды. Сол жылдың мамыр айында оның салтанатты ашылуы болды. Оған Коминтерннің өкілі жапон коммунисі Сен Катаяма қатысты. Оның ұсынысымен көпірге «Коминтерннің 10 жылдығы атындағы» аты берілді. Пойыз Аягөзге дейінгі жолды 1,5 сөткеде жүріп өтті. Аягөзде сол кездегі жалғыз локомотив депосы салынды.

Индустрализацияландыру мақсаттары түсті металлургияны қарқынды дамытуды қажет етті, сондықтан халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жөндеуге және жаңа өндіріс орындарын салу үшін бұл салаға көп қаржы қарастырылды. Түсті металлургияны дамытуда Қазақстанда ғана емес бүкіл еліміздегі Риддердің алатын орны ерекше болды.
Ертіс өзені арқылы өтетін теміржол көпірін салу

Соғысқа дейінгі бесжылдықтарда Риддерде кен өндіру 10 есе, қорғасын балқыту 15 есе өсті. Бұл – ілеспе өнімдерді қоса өңдейтін, өндіріс айналымы толық аяқталған полиметалл комбинаты болатын. 1931 жылдан бастап Зырянда кен өндіріліп, қорғасын комбинаты іске қосылды. Ертіс мыс қорыту зауыты салынды.

1935 жылдың қаңтарында Риддер электролит тәжірибе зауытында шығарылған алғашқы кеңестік кадмийді берді. 1939 жылдың қарашасында осы қаланың өнеркәсіп орындарымен студент кезінен таныс Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Риддер кенішінің директоры болып тағайындалды.

Тұтас алғанда Кенді Алтай КСРО экономикасында ерекше рөл атқарды. Өйткені, түсті металлдарсыз халық шаруашылығының басқа салаларының, әсіресе электр энергетикасы, машина жасау, байланыс жүйесі, стратегиялық маңызы бар қорғаныс өнеркәсіптерінің дамуы мүмкін емес еді. Сонымен бірге еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Риддер қорғасын зауытының кен байыту фабрикасы. 1939 г.

( «Шығыс Қазақстанда тау-кен жұмыстарының дамуы (XVIII- 30-шы жж.XX ғ»). Құж. жинағынан алынған фото. - Семей,2008).

Бұл кезеңде өндіріс мекемелерінің жалпы саны жағынан Семей қаласы алдыңғы орында болды, олардың көпшілігі жергілікті өнеркәсіптерге жататын. Солардың ішіндегі ең ірілері Семей қаласындағы механика зауыты мен бар-жоғы 30 адам ғана жұмыс істейтін Затондағы шеберхана болды. Уездерде ағаш дайындау, май, тері зауыттары, 5 диірмен мен екі мал соятын орын жұмыс жасады.

Өлке сол шикізат қорын беретін ірі мал шаруашылығы өңірінің орталығы болды.

Кеңес билігінің алғашқы күндерінен бастап өлкеде тері илеу өндірісі дамыту жұмыстары қолға алынды. 1920 жылы Озерки ауылында қой терісін өңдейтін зауыт ашылды. 1926-1928 жыл аралығында Семейде тері зауытының жаңа корпусы салынды. 1936 жылдың желтоқсанында Семей тері зауыттары тобы (сол кезде мекеме осылай аталған) «Тері-тон комбинаты» болып қайта құрылды. Өндіріс қой терісі зауыты мен тон тігетін фабрикамен толықтырылды.

1925 жылдың сәуірінде губерния атқару комитеті үкіметтен Семейде мал сойып-тоңазытатын кәсіпорын салуды сұраған болатын. Бірақ мәселенің шешілуі созылып кетті. 1929 жылы Москвадан келген арнайы комиссия мұқият зертеулер жүргізгеннен кейін, жайылымы мол, кеме қатынайтын су жолы мен Түркісіб теміржолы тармағы бойындағы Ертіс өзенінің сол жағалауы ет комбинатын салуға қолайлы орын деп шешті. 1931 жылдың мамыр айында Семейдің сол жағалауындағы алаңқайда құрылыс жұмыстары басталып кетті. 1932 жылдың жазында ет-май өндірістік корпустары, тоңазытқыш пен ТЭЦ салынып бітті. Москва, Ленинград, Баку, Киев, Минск және т.б. өндірістік қалалардан келгендер комбинат құрылысына қатысты. Комбинат құрылысын салушылардың жартысынан астамы жергілікті халық өкілдері болды. Олардың көпшілігі ауылдардан келді. 16 қараша 1934 жылы «Прииртышская правда» газеті КСРО тамақ өнеркәсібі халық комиссариаты Семей ет-консерві комбинатын қабылдады деп хабарлады. Ет комбинатымен қатар ірі ұн тарту комбинаты да салынып жатты. Жаңасемейдің шет жағында жылына 4 млн. кірпіш шығаратын механикаландырылған кірпіш зауытын салуға байланысты дайындық жұмыстары аяқталды.

Ұлы Отан соғысының алдында біздің аймақтың маңызды транспорттық артериясы – «Шығыс шеңбері» автомобиль жолы салына бастады.

Шығыс Қазақстанның Өскемен-Бұқтырма-Мало-Красноярка және Семей облысының Самар-Көкпекті-Георгиевка елдімекендерін байланыстыру үшін орталықтың қаржыландыруынсыз «халықтық құрылыс» әдісімен 444 шақырымдық жол салынды.

«Шығыс шеңбері» жолының құрылысында

(Көлік колледжі мұражайының қорынан алынған фото).


Жаңадан салынған ірі өндірістік ғимараттар өлке қалаларының архитектуралық келбетін қатты өзгертіп жіберді. Аймаққа жұмысқа келген мамандар үшін алғашқы көп қабатты тұрғын үйлер салынды. Қаланы безендіру мен көгалдандыру жұмыстары да назардан тыс қалмады.
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Шығыс Қазақстанның шекарасы 20-шы жылдары қалай өзгерді?

  2. Қайта қалпына келтіру кезінде өңірдің еңбекшілері қандай табыстарға қол жеткізді?

  3. Индустриализацияның негізгі бағыттары мен жетістіктері қандай?

  4. Шығыс қазақстандағы ұжымдастырудың салдарлары қандай?

  5. Сіз тұратын ауданда ұжымдастыру қалай болған?

Әдебиеттер:

  1. Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - 93 с.

  2. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. Шығыс Қазақстан тарихы II бөлім. Шығыс Қазақстан тарихы XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін 9 с. арналған эксперименттік оқу құралы. – Семей, 2013. - 194 б.

  3. Бралинова Д.И., Зарифова М.А., Каримов М.К., Мусабалина Г.Т. История Восточного Казахстана. Ч.II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Экспериментальное учебное пособие для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2013. - 188 с.

  4. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. Шығыс Қазақстан тарихы. II бөлім. Шығыс Қазақстан тарихы XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейін. ШҚО жалпы білім беретін мектептердің 9 с. оқушыларына арналған жұмыс дәптері. – Семей, 2013. - 72 б.

  5. Бралинова Д.И., Зарифова М.А. История Восточного Казахстана. Ч.II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Рабочая тетрадь для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО. – Семей, 2013. - 72 с.

  6. История Восточного Казахстана. Ч. II. История Восточного Казахстана с начала XX века до современности. Хрестоматия для 9-х кл. общеобразовательных школ ВКО . – Семей, 2013. - 586 с.


Тақырып 12.Біздің жерлестеріміз Ұлы Отан соғысы майдандарында және тыл еңбеккерлерінің ерлігі. Тақырыпты оқыту әдістемесі.

Мақсаты: келесі сұрақтарды ашуГитлершілер Қазақстанға қатысты жоспары. Ұлы Отан соғысы кезеңінде Қазақстан экономикасының өзгерістерге ұшырауы. Тақырыпты игерудің әдістемесі.

  1. Соғыс кезіндегі экстремальдық жағдайдағы өлке экономикасы.

  2. Біздің жерлестеріміз Ұлы Отан соғысы майдарында.

  3. Тыл - майданға.

4.Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін

1941 жылы тамызда Шығыс Қазақстан облысында Берлинге шабуылға қатысқан 375 танкіге қарсы артдивизион, 96 гвардиялық, 837, 237, 238 атқыштар полктері жасақталды.



Семей облысы аумағында екі атқыштар дивизиясы жасақталды, оның біреуі Алматы, Қарағанды, Семей облысынан тұтқындарынан жасақталып, 238-гвардиялық деген атқа ие болды. Дивизия штабы Семейде орналасты. Семейде жасақталған екінші дивизия – 8-ші атқыштар дивизиясы.



Москва іргесінде. 10 қазан 1941 жылы 238-ші атқыштар дивизиясының эшелоны Тула қаласына келді. Қарсыласқан, қиян-кескі ұрыстар жүріп жатты. Кеңес жауынгерлерінің жанқиярлық ерлігіне қарамастан Қызыл Армия елді мекендерді бірінен соң бірін тастап кетуге мәжбүр болды.

Оның командирі, полковник Г.П. Коротков: «Оканың батыс жағалауына шығып, жауға тойтарыс беру туралы бұйрықты алғаннан кейін, құйып тұраған жауынның астында өзеннен өтуге бет алдық. Су шайған жолдардың батпағына арбалар мен зеңбіректер батып, тарта алмай қиналған аттарға жауынгерлер көмектесті. Оқ-дәріні қызыләскерлер өзері тасыды. Командирден бастап, қатардағы жауынгерге дейін бұйрықтан кешігіп қалмауға, уақытында жетіп, жауды тоқтатуға ұмтылды» деп жазды.

238-шы атқыштар дивизиясының жауынгерлік жылнамасы осы сәттен басталады. Алғашқы шайқастарда қызыләскер П.В. Корнев көзге түсті. Ұрыстың қызған кезінде рота командирі лейтенант Стебельков оққа ұшты. Сабырлы қалпын сақтаған П.В.Корнев ротаның басшылығын батыл түрде өз қолына алып, шайқасты басқарды. Ерекше батылдығы мен тапқырлығы үшін қатардағы жауынгер П.В. Корнев дивизияда алғашқылардың бірі болып жоғары үкімет наградасы – Ленин орденімен марапатталды.

«Жақсы жарақтанған тың жауынгерлердің тосын соққысынан есеңгіреп қалған жау әскері шабуылын тоқтатты.... Жау алдында ірі әскери қосын тұрғандай әсерде қалды. Біздің дивизиямызды « Сібірдің жабайы дивизиясы» деп атайтын» деп жазады 238-ші атқыштар дивизиясының командирі Г.П. Коротков. Тула үшін шайқас Москваға ұмтылған неміс әскерлерінің оң қанаты топтарының қол-аяғын тұсады.

Семейлік жауынгерлердің ерліктері ұмытылған жоқ. 1941 жылы 238-ші атқыштар дивизиясының қорғаныс шебі тұрған Алексин - Железня тасжолының 10-шы шақырымында монумент орнатылған. Онда осы жерде неміс-фашист әскерлеріне тойтарыс беріліп, дивизияның батысқа қарай жеңісті жорық жолдары басталды деп алтын әріптермен жазылған.Белгісіз солдаттың да қабірі осында. Ал, орыстың ескі қаласы Алексинада 238-ші атқыштар дивизиясының Отан үшін қаза болған жауынгерлерінің құрметіне Мәңгілік даңқ қорғаны тұрғызылған. Қорғанның етегінде мынадай сөздер қашап жазылған:

«Даңқ Сендерге, батылдарға, қорықпайтын ерлерге.

Есте сақтап, туған халықың , ән арнайды Сендерге.

Айбынменен өмір сүріп, жеңе білген ажалды,

Ерліктерің мәңгілік, ел есінде қалады»

30 (238-шы) Қызыл Тулы Гвардиялық атқыштар дивизиясы даңқты жорық жолдарын бастарынан өткерді. Осы дивизияның жауынгерлері-семейліктер батырлық пен ерліктің нағыз кереметтерін көрсетті. Бұл – саяси жетекші Ковтун, дивизия комиссары Груданов, капитан Скрипников, қызыләскерлер: Лукин, Шиповалов, Саратов және басқалар. Қызыләскер Корнев өзінің нағыз ер екендігін көрсетті.

Атақты 238-ші дивизияның қатарында болған Ұлы Отан соғысының ардагері Машпиев Нұртаза: «Бұл отты жылдарда мен ротаның саяси жетекшісі болдым, коммунистер мен комсомолдар ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсетті. 6 желтоқсан 1941 жылы Москва түбінде фашист басқыншыларына шабуыл басталды. Он күннің ішінде Торбяево, Мызги, Недельный және басқа елді мекендер жаудан тазартылды. Осы қырғын соғыста семейлік М.Талипов, А.Сагындықов, В.Федоров және т.б. ерлікпен көзге түсті» деп есіне алады.

Соғыстың басынан аяғына дейін гвардияшылар мың шақырымға жуық жүріп, 1200 елді мекенді, 8 қаланы азат етіп, немістің 16 дивизиясының техникасы мен әскерін ауыр шығынға ұшыратты. Отанымыздың азаттығы, тәуелсіздігі мен абыройы үшін Ұлы Отан соғысы кезінде жүздеген қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер өз аттарын өшпестей етіп қалдырды. Көрсеткен ерліктері үшін дивизияның 13 мыңнан астам жауынгері үкімет марапаттарын алды.

Семейдің Ертіс бойында жасақталған атқыштар дивизиясының фашист басқыншыларын талқандауға қосқан үлесі мен жорық жолдары осындай.

Москва үшін шайқас. 1941 жылдың 5-6 желтоқсанында басталған Қызыл Армияның Москва түбіндегі қарсы шабуылына 238-ші дивизия да қатынасты. 49-шы Армияның (құрамына дивизия кіреді) Әскери Кеңесінің жауынгерлерге, командирлер мен саяси қызметкерлерге құттықтау телеграммасында: «1941 жылдың 14-17 желтоқсан аралығындағы шайқаста сіздер жаудың 131-ші, 31-ші жаяу әскер дивизиялары мен 52-ші жаяу әскер дивизиясының 163-ші полкін талқандадыңыздар...Ондаған елді мекендер мен Алексин қаласы азат етіліп, қайтадан кеңестік болды...Әскери Кеңес сіздерді ірі жеңістеріңізбен құттықтайды және біздің тамаша социалистік Отанымыздың даңқы жолында табыстарға жете берулеріңізге тілектестік білдіреді» делінді.

Бір аптадан соң, 25 желтоқсанда: «Батыс майданның бір бөлігінде қимыл жасап жатқан Коротковтың бөлімшесі немістің 206 жаяу әскер полкін талқандап, оқ-дәрі сақталған қоймаларынмен қоса 270 автомашинасын, 15 зеңбірек, 22 мотоцикл, 50 велосипедін қолға түсірді. Үздіксіз екі аптаға созылған ұрыстар мен алға қарай жылжу кезінде дивизия 36 елді мекенді жаудан азат етті. Жау жеті мыңнан астам солдаттары мен офицерлерінен айрылды» деген жаңа хабарлама түсті.

Москва түбіндегі сәтті әскери қимылдары үшін дивизия Қызыл Ту Орденімен марапатталды, көп кешікпей «Гвардиялық» деген құрметті атаққа ие болды.

1944 жылдың жазында Балтық бойын азат ету кезінде дивизия жаудың «Пантера» мен «Рейх» деп аталатын бекініс шептерін бұзып өтуде үлкен ерлік көрсетті. Дивизия ұрыстар сала отырып, Рига шығанағына дейін барды. Латвия ССР –нің астанасы - Рига қаласын азат етті. Осы үшін «Ригалық» деген атқа ие болды. Дивизия Ригаға шабуыл жасағандар сапында немістердің Курляндиялық деп аталатын күшті тобын толық берілгенше талқандады.

Москваны ерлікпен қорғаушылардың ішінде 28 панфиловшы батырлардың ерлігі әлемге танымал. 8-ші Гвардиялық Панфилов дивизисында Лениногор қорғасын зауытының жұмысшылары Төлеген Тоқтаров и Жұмахан Батталов, Таврия ауданынан Әбил Нүсіпбаев ерлікпен шайқасты.

... 1942 жылы 9 ақпанда Төлегеннің бөлімшесі Бородино селосы үшін жаумен ауыр ұрыстар жүргізіп жатқан болатын. Тоқтаровтың жатқан окопына немістердің тұтас взводы шабуылға шықты. Гвардияшы жан-жақтан қамалаған гитлершілерге өршелене оқ жаудырды. Ұрыс кезінде Төлеген ішінен ауыр жараланса да атысты тоқтатпады. Оғы таусылып қалды. Немістің бір офицері Төлегенге қарсы жүгірді. Гвардияшы жарақатының батқанына қарамастан орнына тік көтеріліп, әлгіге қарсы жүрді. Бар күшімен құлап қалмауға тырысып, бетпе-бет келген неміс офицерін мылтықтың дүмімен бастан ұрып сұлатты, сол мезетте екінші бір фашистің оғынан мерт болды.Оның ерлігі бағаланып, өлгеннен кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ұлы Отан соғысының майдандарында ондаған мың жерлестеріміз соғысқа қатысты. Олар Сталинград пен Курск түбінде шайқасты, Кавказ бен Қырымды азат етті.

Соғыс тағдыры шешіліп жатқан Еділ бойында Манштейн армиясының қарсы шабуылына тойтарыс беруге шығысқазақстандықтар: барлаушы А. Коновалов, орудия командирі И. Прокопенко, взвод командирі Д. Коршев және басқалар ерлікпен көзге түскен Котовский атындағы атты әскер дивизиясы қатысты. Баррикада селосын қорғаған 70-ші Гвардиялық дивизия сапында да жерлестеріміз аз болмады.

Шығысқазақстандықтар Курск иінінде де ерліктің небір үлгілерін көрсетті. Бұлар - Кеңес Одағының Батырлары Хамза Мурсалимович Мухамадеев, Матвей Иванович Дмитриев, жауынгерлер А. Ф. Кимасов, М. И. Смолин және басқалары.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет