Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет18/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

1.6
 
 Мал өсіру әдістері
 
Мал ӛсіру әдістері
. Мал басын ӛсіруде тазақанды (таза) ӛсіру әдісі мен 
будандастыру әдістері қолданады. Тазақанды ӛсіруде - бір тұқымға, ал 
будандастыруда - әр тұқымға жататын малдарды шағылыстырады. Олардан 
алынған ұрпақты будандар (метистер) деп атайды. Тұқымдық қасиеттері 


41 
кеңейтілген будандардың 1-ші ұрпағы 
гетерозис
құбылысының арқасында ата-
енесінен кӛрі жылдам және жақсы жетіледі. 
Мал ӛсіру әдістері деп белгілі бір мақсатпен шағылыстыратын малдың 
тұқымдық және түрлік тегін ұрпақтан ұрпаққа ұластыра жалғастыратын жұп 
тандау жүйесін айтады. Кез келген мал түлігін ӛсіру әдісінің негізгі түпкі бір 
мақсаты ұрпақтан ұрпаққа жүйелі түрде жұп таңдау жұмыстарын жүргізу. Мал 
ӛсірудің негізгі биологиялық мәні малдың физиологиялық, морфологиялық 
және ауыл шаруашылық ӛнімдерінің ерекшеліктерінің даму дәрежесін 
жетілдіріп, әр малдың генетикалық ӛсу деңгейін дұрыс пайдаланып кӛздеген 
мақсатқа жету. 
Бір-бірімен шағылыстырылатын малдың тұқымдық және түрлік 
ерекшеліктеріне қарай мал ӛсіру әдістерін таза тұқым ӛсіру, будандастыру және 
түраралық будандастыруға бӛледі. Таза тұқым ӛсіру - ұрпақтан ұрпаққа бір 
тұқымның ғана малын ӛзара шағылыстыру арқылы, будандастыру - тұқымдары 
бӛлек малдарды шағылыстыру арқылы, түраралық будандастыру (гибридтеу) - 
малдың екі түрін шағылыстыру арқылы жүргізіледі.
Будандастырудың 5 әдісі бар. Оларға тұқым түзуші немесе зауыттық 
будандастыру, 
сіңіре 
(аудара) 
будандастыру, 
араластыра 
(түзетуші) 
будандастыру, ӛнеркәсіптік будандастыру мен кезек будандастыру жатады. 
Түсініктілігін арттыру үшін оларды кестелеп бейнелейді. Ол кестелерде малдың 
шығу тегіндегідей ұрғашы аналық бастарды дӛңгелекпен белгілеп сол жаққа, ал 
еркек аталық бастарды тӛрт бұрышпен белгілеп оң жаққа қояды. Ұрғашы 
бастарды арнайы – ♀ белгісімен, еркек бастарды – ♂ де белгілейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет