Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет2/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Кіріспе 
 
Мал шаруашылығы халықты биологиялық тұрғыдан құнды азық-түлікпен, 
ал жеңіл ӛнеркӛсіпті багалы шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл 
шаруашылығының маңызды саласы. Аграрлық ӛнеркәсіптік кешені жан-жақты 
дамып келе жатқан тәуелсіз елімізде ежелден ата кәсіп болып келе жатқан ауыл 
шаруашылығының бұл саласы ӛзінің стратегиялық маңызын сақтауда. Бұған, 
бір жағынан, бүгінгі күнге дейін республика халқының жартысына жуығы 
ұлтымыздың түп тамыры болып табылатын ауылдық жерде тұрып келе 
жатқандығы болса, екінші жағынан, бар елдердің дүниежүзілік нарық 
қатынасына қолтықтаса араласып жатуы мәжбүр етеді. Демек, мал 
шаруашылығын қаркынды дамытудың мемлекетіміз үшін орасан зор 
экоиомикалық та, саяси да маңызы айқындалады. 
Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Кӛшпенділер тіршілігі 
тӛрт түлік мал ӛсіріп, солардың ӛнімімен күн кӛруге негізделгендіктен, 
ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр. 
Бүгінгі күнгі мал шаруашылығымен айналысатын мамандар осы ғасырлар бойы 
жиналған құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман 
талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығы мен бәсекелестігіне сай қарқынды 
түрде дамытуларыз қажет. Бұған еліміздің табиғи жағдайына жете бейімделген 
қазақи мал тұқымдарын сұрыптап, жылдар бойы жүргізіліп келген 
будандастырудан айырып, ӛзіндік қасиеттерін тазартып, жергілікті тұқымдар 
бойына қан жүгіртіп, қайта жандандырулары керек.
Мал шаруашылығын қарқынды дамытудың ғылыми негізін мал басын 
кӛбейтіп, тұқымын асылдандыру, ӛсірілетін бастарының қоректік мұқтаждығын 
толық ӛтеп, азықтандыру және ӛсуі мен ӛнімділігіне қажетті жағдай қамтамасыз 
ету мәселерін зоотехния ғылымы құрайды. Оқулық құралда мал түлігі мен үй 
құсын ӛсіруге байланысты осы ғылымның жалпы сұрақтары берілген. 
Оқулық құралда авторлар елімізідің мал шаруашылығын дамытуда 
заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып, саланы дамытудың 
ғылыми негіздерімен танысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет