Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Мал тұқымы және асылдандыру ісі



Pdf көрінісі
бет16/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

1.5 Мал тұқымы және асылдандыру ісі 
Малдың тұқымдық қасиеттерін бағалау
. Малдың сыртқы пішіні мен 
дене бітімі оның жеке тұлғалық ерекшіліктері, яғни 
фенотипі
, бойынша 
бағаланса, ӛнімділігін кешенді бағалау үшін фенотпитік бағалау оның тегі мен 
тұқымдық қасиеттері, яғни 
генотипі
, жӛніндегі мәліметтермен толықтырылады. 
Малдың ӛз басының шығу тегі мен одан алнғын тұқымының сапасы (ӛнімділігі) 
оның тұқымдық қасиеттерін сипаттайды. 
Организмінің 
тұқымдық 
қасиеттері 
белоктар 
мен 
нуклеин 
қышқылдарынан (ДНҚ, РНҚ) тұратын хромосомалар деп аталатын полимерлер 
арқылы беріледі. ДНҚ молекулалары фосфат қышқылының қалдығынан, 
дезоксирибозадан және аденин (А), гуанин (Г), тиамин (Т), цитозин (Ц) 
негіздерінен құрастырылған нуклеотидтердің қос бұрамынан тұрады. ДНҚ 
молекуласы екіге бӛлінгенде бұрамы тарқатылады да, оның әр тізбегініңң 
бойында комплементарлық, яғни толықтырушылық, ережесіне сәйкес жаңа 
тізбек құрастырылады. 
ДНҚ молекуласының бір тізбегі матрица ролін атқарып, оның бойында 
цитоплазма ферменттерінің әсерімен РНҚ-ның ақпараттық РНҚ (а-РНҚ) деп 
аталатын, негіздері ДНҚ молекуласының негіздеріне комплементарлы, тізбегі 
түзіледі. Мысалы, ДНҚ тізбегінің бойындағы …Ц – Г – Т… түріндегі үш 


38 
негіздік қалдықтардан тұратын үштікке (триплетке) а-РНҚ тізбегінің … Г – Ц – 
А… үштігі түзіліп, ДНҚ молекуласындағы кодталған генетикалық (тұқымдық) 
ақпаратты кӛшіру, яғни 
транскрипциялау
, барысында а-РНҚ молекуласына 
толығымен комплементарлық ақпарат кӛшіріледі. 
Бойындағы тектік генотиптік ақпаратпен а-РНҚ тізбегі жасұща ядросынан 
цитоплазмаға шығып, рибосомаларға бекітіледі. Мұнда оныц үштіктері 
тасымалдық 
қызмет 
атқаратын 
транспорттық 
РНҚ-ның 
(т-РНҚ)
комплементарлы үштік негіздерін тартады. Бұл а-РНҚ үштіктеріне 
комплементарлы т-РНҚ молекулаларына белгілі аминқышқылдары бекітіліп, а-
РНҚ тізбегінің бойында т-РНҚ молекуласының аккумуляциялануы барысында 
белоктың кӛп пептидтік тізбегі түзіледі. Бұл үрдісті 
трансляция
деп атайды. 
Белгілі бір белгінің берілуін қамтамасыз ететін үштікті 
ген
деп атайды. 
Белоктағы барлық 20 аминқышқылының орыналасуын қамтамсыз ететін барлық 
үштіктер жиынтығын организмнің 
генети калық коды
деп атайды. 
Аталық және енелік организмдердің жыныстық жасұщаларындағы 
генетикалық коды олардың ұрықтану барысындағы ядроларының қосылунан 
пайда болған зиготаға, яғни тұқым, ұрпаққа беріледі. Малдың тұқымдық 
қасиеттерін бағалағанда оның, яғни 
пробандтың
, аталық (А) және енелік (Е) 
шығу тегі зерттеледі. Шығу тегін зерттеудің ең қарапайым әдісі ретінде тектік 
тор құрастыруды алуға болады: 
Пробанд 
Е 
А 
ЕЕ 
АЕ 
ЕА 
АА 
ЕЕЕ 
АЕЕ 
ЕАЕ 
ААЕ 
ЕЕА 
АЕА 
ЕАА 
ААА 
Е 
Е 
Е 
Е 
А 
Е 
Е 
Е 
Е 
А 
Е 
Е 
А 
А 
Е 
Е 
Е 
Е 
А 
Е 
А 
Е 
А 
Е 
Е 
А 
А 
Е 
А 
А 
А
М 
Е 
Е 
Е 
А 
А 
Е 
Е 
А 
Е 
А 
Е 
А 
А 
А 
Е 
А 
Е 
Е 
А 
А 
А 
Е 
А 
А 
Е 
А 
А 
А 
А 
А 
А 
А 
Малдың шығу тегі туралы мәліметтері бойынша оның сұрыптау мен 
жұптау ісіне қажет генеалогиясының гентотипін бағалайды. Шығу тегін 
бақылау 
арқылы 
мал 
басының 
гентиптік 
потенциалын 
тарылтып, 
бейімделішілік пен ӛнімдік қасиеттеріне кері әсерін тигізетін жақын туыстық 
шағылысуына (инбридингке) жол берілмейді. Сонымен қатар ол мәліметтерді 
мал басын асылдандыру ісінде аса кӛрнекті аталықтар мен аналықтарды 
жекелеп сұрыптау үшін пайдаланады. 
Жалпы ӛнімдік мал шаруашылығында, әдетте, ӛсіріліп отырған мал басын 
кӛзделген ӛнім бағытында селекциялауға қажетті қасиеттерін фенотиптік 
сұрыптау арқылы жүзеге асырады. Шаруашылықтағы асылдандыру ісінің 


39 
қойылған мақсатына байланысты сұрыпталған мал басын жұптастыруды 
біртоғалық, яғни 
гомогенд
і, немесе әртоғалық, яғни 
гетерогенді
принциптерге 
сүйене отырып жүргізеді. Асылдандыру ісіндегі бағытты сұрыптау мен жұптау 
нәтижелілілін арттыру үшін алынған ұрпақ сапасын бағалайды.
Мал түлігі әр түрлі бағыттағы ӛнімді тұқымдарға бӛлінеді. Мал түлігінің 
тұқымына шыққан тегі бір, физиологиялық, морфологиялық және шаруашылық 
белгілерінің ұқсастығы бар, ұрпағына ӛзінің тұқымдық белгілері мен ӛнімдік 
қасиеттерін тұрақты түрде ұзақ уақыт беріп тұратан мал тобы жатады. Бір 
тұқымға жататын малдың дене пішімі, тӛлділігі, ӛнімі, бояуы және кӛлемі 
жӛнінен айырмашылығы аз, басының саны сұрыптау мен жұптау жұмысын 
жүргізуге жеткілікті болуға тиіс. Ол үшін, П.Кулешовтың пікірі бойынша, 
тұқымда кем дегенде бірнеше мың бас мал саны болуы керек. Сонғы мәліметтер 
бойынша жер жүзінде тек мүйізді ірі қара малдың мыңнан астам тұқымы бар. 
Олар әр жердің жергілікті ауа-райы жағдайына бейімделе, сұранысы жоғары 
ӛнім ӛндіру бағытында шығарылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет