Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет7/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Экстерьер коровы
1.4-сурет – Сиырдың сырт пішіні 
1.5-сурет – Ешкінің сырт пішіні 


14 
1.6-сурет – Жылқының сыртқы мүшелері: 
1 - құлақ аралығы; 2 - кекілі; 3 - маңдайы; 4 - құлағы; 5 - шәйнамы; 6 - 
кӛзі; 7 - сағалдырығы; 8 - танауы; 9 - мұрын қуысы; 10 - астыңғы, үстіңгі еріні; 
11 - жақ сүйегі; 12 - шүйдесі; 13 - жалы; 14 - мойыны;
 
15 - алқымы; 16 - шоқтығы; 17 - омырауы; 18 - арқасы; 19 - бүйірң 
(қабырғалары); 20 - шабы; 21 - белі; 22 - қүйымшағы; 23 - сербегі; 24 - 


15 
құйымшақ бітісі; 25 - құйрығы; 26 - артқы тесігі; 27 - жамбасы; 28 - жыныс 
мүшесі; 29 - жауырыны; 30 - алдыңғы саны; 31 - шынтағы; 32 - тізе буыны; 33 - 
жіліншігі; 34 - шашасы; 35 - бақайы; 36 - тұяғы; 37 - сауыры; 38 - тілерсегі; 39 - 
артқы тізе буыны; 40 - тірсек буыны; 41 - тірсегі; 42 - артқы жіліншігі 
 
1.7-сурет – Жылқының қаңқасы: 
1 - мандай сүйегі; 2 - тұмсық сүйегі; 3 - иек сүйектері; 4 - үстіңгі жағы; 5 - 
астыңғы жағы; 6 - ауыз омыртқасы; 7 - екінші мойын омыртқасы; 8 - тӛртінші 
мойын омыртқасы; 9 - жетінші мойын омыртқасы; 10 - бірінші кеуде 
омыртқасы; 13 - кейінгі бел омыртқасы; 14 - сегізкӛзі (құйымшағы); 15 - құйрық 
омыртқалары; 16 - жауырыны; 17 - тоқпан жілігі; 18 - тӛсі; 19 - тӛстігі; 20 – 
алдыңғы сан сүйектері; 21 - тізесі; 22 - жіліншігі; 23 - бақайы; 24 - топшы 
сүйегі; 25 - қабырғалары; 26 - қабырға шеміршектері; 27, 29 - жамбас сүйектері; 
28 - ұршығы; 30 - ортан жілігі; 31 - тізесі; 32 - тілерсегі; 33 - тірсегі; 34 - артқы 
жіліншігі; 35 – бақайы 
Мүйізді ірі қара малдың сыртқы пішінін бағалауда дене мүшелерінің 
жалпы үйлесімділігімен, кеудесінің кеңдігі және тереңдңгңмен, буын 
байланыстарының айқындығымен, аяқтарының дұрыс орыналасуымен, 


16 
сүйектерінің мықтылығы және жақсы дамуымен, жүнінің біркелкілігімен, 
мүйізінің жылтырлығымен, тұрқының және жыныстық белгілерінің 
дамығандығымен айғақтайды. 
Малдың сыртқы келбетін бағалағанда алдымен басы мен мойны, кеудесі 
мен шоқтығы, арқасы мен белі, сауыры мен сирақтары, тұяғы мен желінінің 
жетілуі мен түріне баса назар аударады. Малдың сырт пішінін алдыңғы 
жағынан, яғни басынан бастап артқына қарай орналасқан мүшелерін кезекпен 
сипаттап, бағалайды. Малдың ол жақ бұл жағына шығып қарап, байыптап, 
жетектеп жүргізіп, аяқ қойысы мен жүрісіне дейін алдымен жекелеп, содан 
кейін біріктіріп, тұтастандыра бағалайды (1.8-1.9-суреттер). 
А Б 
1 2 3 1 2 3 4 
1.8-сурет – Сиыр аяқтарының орналасуы 
А – алдыңғы аяқтары:
1 - кең кеуделі,е аяқтары түзу орналасқан 2 – жіңішке кеуделі, аяқтары 
жақын орналасқан 3 - тізелері жақын, тұяқтары алшақ орналасқа
Б – артқы аяқтары:
1 - кең және түзу 2 - икс тәріздес 3 – қайқы 4 
– тік 
 


17 
1.9-сурет – Сиырды қозғалысын бағалау: 
1 – Сиыр дұрыс тұрып, жүруде: арқасы түзу, жүрісі дұрыс 
2 – Сиыр жүріп, тұрғанда арқасы бүгілген: ақсаңдап, қысқа адымдап 
жүреді 
3 – Сиыр белі бүкрейген, салмағын бір не бірнеше аяғына салады 
4 – Сиыр қатты бүкірейген: кӛп уақыт тұрып, орнынан әрең кӛтеріледі, 
алдыңғы оң аяғын баса алмайды 
Қойдың сыртқы пішінін бағалауда оның мүйізділігіне, басының кӛлемі 
мен пішініне, жүнділігіне, мойнының ұзындығы мен жуандығына, мойын 
терісінің қатпарлығына, шоқтығының биіктігі мен ұзындығына, жотасының 
пішініне, сауырының ұзындығы мен еніне, кеудесінің кеңдігіне, денесінің артқы 
үштен бір бӛлігінің дамуына, құйрығының ұзындығы мен пішініне, аяқтарының 
орыналасуына, дене терісінің қатпарлығы мен жүн ерекшіліктеріне кӛңіл 
аударады. 
Жылқының сыртқы пішінін бағалағанда оның дене мүшелерін 3 топқа 
бӛледі: 1) басы, мойны, денесі (шоқтығы, жауырыны, жотасы, белі, сауыры, 
кеудесі); 2) аяқтары (орыналасуы, білезік пен бақай буындарының, алақан 
сүйектерінің, бақашықтарының, тірсек буындарының құрылысы); 3) жалпы 
бітімі, бұлшық еттері, сіңірлері, мінез-құлқы.
Мал ӛнімділігі денсаулығына тәуелді ӛзгереді. Сиыр денсаулығын сыртқы 
түрі мен мінез-құлқынан да байқауға болады. Дені сау, денсаулығы мықты 


18 
сиырдың еңсесі кӛтеріңкі, кӛзі таза, былшықтанбаған, жүні тықыр да жылтыр 
келеді. Ол жӛтелмеуге тиіс. Сау сиырдың тәбеті жақсы болады. Жүйкесі 
қалыпты, сыртқы орта жағдайларына кӛндіккіш сиыр сарқыла сауылуға 
бейімделгіш, тез иіп, жеңіл де толық сауылады. Барлық емшегінен сүт бірдей 
шығады. Ӛте сүтті сиырдың желіні толғанда емшегінен сүт тамшылайды. 
Сиыр сүттілігінің негізгі белгісінің бірі, желінінің дамуы. Сүтті сиырдың 
желіні астау немесе тӛңкерілген тегене (ванна) тәріздес дамыған, желіннің 
алды-артындағы терісі жұқа, селдір жүнді, жиырылыңқы, сүт тамырлары қатты 
білеуленген, емшектері ұзын, салалы болып келеді (1.10-1.11-суреттер).
1.10-сурет – Сиыр желінінің құрылысы: 
1 - желін; 2 - емшек; 3 – емшек үрпісі; 4 – желін терісі; 5 – альвеолалар;
6 – сүт жолдары; 7 – сүт цистерналары


19 
1.11-сурет – Сиыр желінінің түрлері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет