Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Малдың сырт пішіні мен ішкі құрылысы



Pdf көрінісі
бет6/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

 Малдың сырт пішіні мен ішкі құрылысы
Малдың дене бітімін сыртқы түріне, тұлғасына, түсіне, яғни 
экстерері
деп 
аталатын 
сыртқы пішіні мен интерері 
деп аталатын
ішкі құрылысымен 
бағалайды. 
Малдың сыртқы пішіні ретінде организм құрылысы мен дамуының 
анатомиялық-физиологиялық ерекшіліктерінің сыртқы орта жағдайларына 
бейімделуін кӛрсететін сыртқы түрі алынады. Малдың сыртқы пішіні мен 
организмнің ішкі ағзалары мен мүшелерінің құрылысы мен қызметі оның 
денсаулығы, ӛсімталдығы, кӛбеюшілігі мен ӛімділігін, мінез-құлқы мен жүйке 
жүйесінің бірлігі мен біртұтастығын сипаттайтын дене бітімін қалыптастырады. 
Ол бойынша малдың ӛнімділік бағытын, ӛнімділігін және ӛндіріс 
технологиясына бейімділігін байқауға болады. Мысалы, сиырдың сыртқы 
пішіні, желінінің формасы, емшектерінің салалығына қарап оның сүттілігі және 
машинамен сауу мүмкіндігі жӛнінде болжам жасауға болады.
Малдың сыртқы пішінін бағалау
түрлі әдістермен жүргізіледі. Олардың 
ең қарапайымы – малдың сыртқы түрін кӛзбен бағалау әдісі. 1,5-2 м жерде 
тұрған малды алдынан, бүйірінен, артынан мұқият қарап, сыртқы тұрқын, 
аяқтарының орыналасуын, дене мүшелерінің айқындығын (қажет болса ұстап 


12 
кӛріп), олардың бір-бірімен үйлесімдігін бақылайды да түр-тұлғасын бағалайды. 
Малдың сыртқы пішінін бағалауда басы, мойыны, шоқтығы, кеудесі, арқасы, 
белі, сауыры, аяқтары, желіні мен сыртқы жыныс мүшелерінің жетілгендігіне 
баса кӛңіл аударады. 
Тӛрт түлік малдың сыртқы пішін мүшелері 1.3-1.7-сурттерде кӛрсетілген. 
1.3-сурет – Сиырдың дене пішіні: 
1 – танауы; 2 – танау-ерін айнасы; 3 – астыңғы ерні; 4 – танау үсті; 5 – 
жағы; 6 – сыртқыт шайнау бұлшық еті; 7 – кӛз маңайы; 8 – маңдайы; 9 – 
самайы; 10 – құлақ безінің маңайы; 11 – кеңірдек маңайы; 12 – мойнының 
жоғарғы жағы; 13 – мойнының тӛменгі жағы; 14 – әукесі; 15 – кеудесі; 16 – 
шоқтығы; 17 – арқасы; 18 – белі; 19 – кеуде қабырғасы; 20 – қолқасы; 21 – 
қарын асты; 22 – жаурыны; 23 – қол жілік буыны; 24 – иығы; 25 – шынтағы; 26 
– иық алды; 27-31 – алдыңғы аяғы (27 – тірсегі, 28 – білегі, 29 – шідері, 30 – 
тұяқ үсті, 31 – тұяғы); 32 – сауыры; 33 – шонданайы; 34 – сербегі; 35 – саны; 36 
– жоны; 37 – тізе тобығы; 38 – сирағы; 39-43 – артқы аяғы (39 – тірсегі, 40 – 
тілерсегі, 41 – жіліншігі, 42 – шашағы, 43 – артқы тұяғы); 44 – құйрығы; 45 – 
желіні 


13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет