Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Мал азықтандыру мен суару гигенасы



Pdf көрінісі
бет74/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

3.2 Мал азықтандыру мен суару гигенасы 
Шаруашылықтағы қой мен ешкі, үйірлі жылқы, ет пен сүт бағытындағы 
мүйізді ірі қара малды күнделікті таза ауада серуендетіп (моцион жасатып), 
жайылымда бағудың үлкен зоогигиеналық мәні бар. Жайылымның балауса кӛк 
шӛбі барлық мал түліктері үшін қоректік заттары жеңіл қорытылып, жоғары 
сіңірілетін, ең құнарлы да қуатты азық, кӛзі болып табылады. Кӛк балауса 
органикалық затының құрамында мал организміне қажет барлық дерлік 
құрылымдық қосындылар, минералдық заттар мен витаминдер кӛп болады. 
Жайылымдағы таза ауа мен күн сәулесі мал организміне жағымды әсер етіп
шынықтырады. Күннің ультракүлгін сәулесі әсерінен малдың терісінде Д 
дәрумені түзіліп, ӛсуі мен түрлі ауру-сырқауға тӛзімділігі артады, ішкі бездері 
мен жүйке жүйесінің қызметі күшейеді. 
Жазғы жайылымды тиімді пайдалану үшін, қойды ерте қорадан шығарып, 
күн кызғанға дейін бағады да, қатты ыстыққа ұрындырмай кӛлеңкелеу немесе 
самалды жерге, су маңында жусатады. Күн ыстығы қайтқаннан кейін қайтадан 
ӛріске шығарып, күн батып, қасқарайғанға дейін жайып, кешке қораға қамайды. 
Жылқы үйірі мен мүйізді ірі қара мал табындарын да уақтылы жайылымға 
жайып, суарады, ӛйткені, малды құнарлы азықтандырумен қатар уақтылы таза 
да салқын сумен суарудың маңызы зор. 
Мал денесі 60-70%-ға судан тұрады. Және ондағы үздіксіз жүретін 
биохимиялык реакциялар тек су ертінділерінде ғана орын алады. Мал 
денесіндегі судың 10% азаюы организмді ауыр, кері қайтпайтын түрлі 
органикалық ӛзгерістерге ұшыратса, 20% кемуі 

ӛлім-жітімге әкеліп 


141 
соктырады.
 
Мысалы, түйеден басқа 4-5
 
күн 
су ішпеген 
мал түлігі
 
ӛлімгс 
душар 
болуы ықтимал. 
Мал денсаулығын сақтап, қоректену сапасын арттырудың, ветеринарлык 
манызымен коса медициналык маңызының зор екенін ескеріп, малды күтп, 
азықтандыруды зоогигиеналык- ветеринарлык талаптарға сәйкес ұйымдастыру 
қажет. Кӛптеген жұқпалы аурулар зоонозалык, яғни мал мен адамға ортақ, 
болып келетінін ескерсек,
 "медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты 
емдейді"
деген қағиданың растығына кӛзіміз жетеді.
Мал шаруашылығының тағамдық ӛнімі таза да сапалы болмай адамдар 
денсаулығын сактау еш мүмкін емес. Мұны, әсіресе, сыртқы орта шамадан тыс 
ластанып, экологиялық жүйелердің табиғи теңдігі бұзылып, табиғи және агро-, 
ӛндірістік- биогеоценоздардағы био- химиялық қоректік тізбектер бүтіндігінің 
сақталуы қиын бүгінгі күндері ерекше ескеру кажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет