Өмip философиясы —



Дата08.11.2023
өлшемі15,76 Kb.
#190538
Байланысты:
фил9 (копия)
0192

Өмір және өлім. Өмірдің мәні. Эвтаназия және суицид мәселелері(өз түсінігінді айту)


Өмip философиясы — 19-20 ғасыр шекарасында Германия мен Францияда пайда болған, буржуазиялық философияның субъективті-идеалистік бағыты, кең мағынада өмірдің мақсаты, мәні туралы мәселелерді қарастыратын философия. Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады.
Адам өмірінің мән-мағынасы
• Адам өмірінің мәні оның әлеуметтік жағдайларымен айқындалады.
• Адам — белсеңді әрекет иесі.
• Адам әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады.
• Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратынадам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы —сол адамның өзі.
Өмірдің ең биік мән-мағынасы –шығармашылық сатыға көтеріліп, өз қабілеттеріңді іске асыру, соның арқасында өз тұлғаңның ерекше орнын анықтап, қанағаттану болмақ. Альберт Эйнштейн айткандай: Жетістікке жету үшін емес, ӨМІРІҢІЗДІҢ мағыналы болуы үшін ұмтылыңыз!
Ондай адамға тән нәрселер:
✓ өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен қабылдау;
✓ басқаларды өзіңді сияқты бағалап қабылдау;
✓ басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете білу, өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау;
✓ өз таңдаған ісіңді сүю, шығармашылық деңгейінде игеру;
✓ үне бойы өз қабілеттеріңді әрі қарай дамытуға тырысу;
✓ мақсат-мұратқа жететін құралдарды таңдау, жақсылық пен жамандықты, сұлулық пен айыра білу;
✓ қай жерде болмасын өзіңді қарапайым күндегідей ұстай білу; т.с.с.
Адам өмірінің мән-мағнасы жөнінде арнайы еңбек жазып құнды пікірлер айтқан ХХ ғ. Өмір сүргенавстрияның ұлы ойшылы Виктор Франкл болды.Бүгінгі адам жануарлар сияқты инстинкттің, кешегі қоғамдағы сияқты әдет-ғұрыптың талабына сай өмір сүре алмайды. Сондықтан, ол басқалар сияқтыболғысы келеді (конформизм), я болмаса, басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм). Ол оның рухани дағдарыста екенін, өмірдің мәнмағнасын әлі таба алмағанын көрсетеді.Нәтижесінде, адам “экзистенциалдық вакуумға” (өмір сүрудегі мәнсіздікке) келіп тіреледі. Ондай адам әлеуметтік аномияға (ауытқуға) ұшырауы мүмкін (нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыстыққа бару, өз-өзін өлтіру (суицид). Батыс қоғамында кең тараған жалған көзқарас ретінде В.Франкл өмір мәнін байлықтан іздеуді келтіреді
Адамның өлімі мен өлместігі. Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімді есіңнен шығарма!”,- деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде. Ұлы Платонфилософия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді,- деген болатын. Платонның ойынша, адам өз өмірін бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, өзін телегей-теңіздегі бір ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен тебіреніске әкеліп, өлім өмірдің соңында келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі жетеді. Ондай адамды өлім үрейлендіре алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет