Өмірбаяны мен атқарған қызметі Жошы ханның ұрпақтары



бет1/3
Дата13.11.2023
өлшемі362,38 Kb.
#191248
түріӨмірбаяны
  1   2   3
Байланысты:
Презентация

Жошы хан

Жошы ханның өмірбаяны мен атқарған қызметі

  • Жошы хан 1187-1227 жылдары өмір сүрген – Шыңғыс ханның үлкен ұлы, моңғол қолбасшысы. Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы
  • Шешесі — қоңырат тайпасының қызы Бөрте. Шыңғыс хан Бөртеге үйленгеннен кейін меркіттер шабуыл жасап, Бөрте тұтқынға түсіп қалады. Кейін Шыңғыс хан әйелін Керей хандығының билеушісі Тұғырыл ханның көмегімен тұтқыннан босатып алады. Жошыны Шыңғыс ханның ұлы емес деген сөз ел ішінде осы оқиғадан кейін тараған. Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді. 

Жошы ханның ұрпақтары


П. СавельевА. Ю. Якубовский, П.П. Иванов Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан — Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды". Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и ғузилдайы Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы — Тоқа Темір — Өз Темір — Қожа Бәдік — Орыс хан) болып саналады.Орыс хан өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 1368-1369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында бақыр ақша шыға бастады. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 1376-1377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет