Өмірбаяны мен атқарған қызметі Жошы ханның ұрпақтары


Орыс хан қашанда саяси жағынан Алтын ордаға тәуелсіз Ақ орданы басқаруға тура ұмтылған екен



бет2/3
Дата13.11.2023
өлшемі362,38 Kb.
#191248
түріӨмірбаяны
1   2   3
Байланысты:
Презентация

Орыс хан қашанда саяси жағынан Алтын ордаға тәуелсіз Ақ орданы басқаруға тура ұмтылған екен.

Жошы ханның кесенесі

Жошы хан күмбезі- Қазақстандағы көне сәулет өнері ескерткіші. Ескерткіш Шыңғыс ханның ұлы, Қазақ хандарының арғы атасы Жошы ханның құрметіне салынған. Жезқазған қаласынан 45 шақырым жерде, Кеңгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан. Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі(оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы,т.б) қатынасқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда 1227жылы қайтыс болған Жошыға 1228 жылы күмбез тұрғызылған болу керек. Жошы хан күмбезі порталды- күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Табаны тік бұрышты, іргесін жер астынан шығарған. Көзге айрықша түсетін нәрсе-салтанатты порталы. Күмбезді қазу жұмысы кезінде екі қабір табылды. Екінші қабір Жошының үлкен бәйбішесі керей Тұғырыл ханның інісінің қызы Бектумыштікі болуға тиіс деген жорамал бар.


Жошы хан кесенесі. Хlll ғасыр. Сарыарқа. Ұлытау

Жошы ханның жасаған жорықтары

Жошы жас кезінен көрнекті қолбасшы ретінде көзге түсті. Ол әкесі әскерлерінің жорықтарына белсене араласты. 1206 жылы Шыңғыс хан керей, найман, меркіт тағы да басқа тайпаларды бір орталыққа біріктіргеннен кейін, Жошы әкесінің тапсырмасы бойынша жасағымен 1207-1212 жылдар аралығында Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістан жерлерін өзіне бағындырды. 1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады. Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш арасалмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады. 1218 жылы Жошы жасағы Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттерді қуа отырып, Ырғыз озенінің бойында Хорезм шаһы Мухаммедтің алпыс мың әскерімен шайқасады. Жошы өзінің шебер қолбасшылық дарыны арқасында шайқасты тең аяқтады. Осы шайқастан кейін Мухаммед шаһ әскерлері Жошыға қарсы соғыс әрекеттерінен бас тартты. Осы шайқастан кейін Жошы Жетісудағы барлық қалаларды өзіне бағындырды. 1220-1222 жылдар аралығында Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Баршынкент, Жанкент тағы басқа қалаларды бағындырды. Осылайша ол Хорезм мемлекетін толығымен жаулап алды. 1223 жылы әкесінің ұйымдастыруымен өткен Құланбасы жазығында өткен құрылтайға қатынасты. Осы құрылтайда Шыңғыс хан көзінің тірісінде жаулап алған ұланғайыр өлкені үлкен әйелі Бөртеден туған төрт ұлына бөліп береді. Жошының еншісіне Ертістен батысқа қарай, Жетісудың теріскей бөлігін қамти отырып, "моңғол атының тұяғы жеткен" төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса, бүкіл Дешті Қыпшақ аймағы тиеді. Ордасы Ертіс өзені бойында орналасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет