Өндірістік жарақаттану (зардап шегу) және кәсіби ауру мәселелері. Қарастырылатын сұрақтар: Жарақат және жарақат түрлері



бет1/3
Дата13.11.2023
өлшемі301,94 Kb.
#191360
  1   2   3
Байланысты:
№17-сабақ Египет пирамидалары, 5В020600-Религиоведение, Египет тарихыны улетке дейінгі д уірін сипаттап бері із, ОЛИМПИАДА 5-11кл Я2 1тур, 10-2, Бұқар жырау Тілек, күз кереметі, макала алоэ, тет для инкл, Ашық сабақ Мұнай құрамы, өңдеу әдістері және өнімдері , 9 сын 5 саб, бжб №2, Әке мен бала Д.Мамырбаева, шаруашылық

Өндірістік жарақаттану (зардап шегу) және кәсіби ауру мәселелері.
Қарастырылатын сұрақтар:
  • Жарақат және жарақат түрлері
  • Өндірістегі жарақат түрлері. Жазатайым оқиғалардың түрлері және оларды тергеп-тексеру реті.
  • Өндірістік (зардап шегуді) жарақат-тануды сараптау тәсілдері.
  • Кәсіби аурулардың себептері.

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);
5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда — жаралану, көшеде — сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады. Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет