Сабақ сценарийі Мұнайлы ауданы, «№13 жалпы білім беру орта мектебі»



бет1/3
Дата26.09.2022
өлшемі24,24 Kb.
#150845
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
№17-сабақ Египет пирамидалары
5В020600-Религиоведение, Египет тарихыны улетке дейінгі д уірін сипаттап бері із, ОЛИМПИАДА 5-11кл Я2 1тур, 10-2, Бұқар жырау Тілек, күз кереметі, макала алоэ, тет для инкл, Ашық сабақ Мұнай құрамы, өңдеу әдістері және өнімдері , 9 сын 5 саб, бжб №2, Әке мен бала Д.Мамырбаева, 540655, шаруашылық

Орта білім беру пәндері бойынша бейнесабақ сценарийі


Мұнайлы ауданы, «№13 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Туржупарова Гульшат

2020-2021 оқу жылы, І тоқсан


Бейнесабақ ұзақтығы-9 минут


1. Пән: Қазақ тілі
2. Сынып: 6
3 – бөлім: Әлемнің жеті кереметі
3. Сабақ тақырыбы: Египет пирамидалары

4. Сабақтың мақсаты:


6.2.1.1 –мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;
6.4.1.1 – тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.


І. Кіріспе бөлім
Тыңдалым мәтіні:
Египет пирамидалары
Дүнежүзілік мәдени дамуға үлес болып қосылатын ғажайыптарды Азия құрлығындағы жұрт та аз тудырған жоқ. Олардың мәдениеті көне және әр алуан. Бұл – өз алдына жеке әңгіме.

  • Әуелі, әлемдегі жеті ғажайып туралы айтшы, - деп өтінді Мықыр. Біліп

тұрғанымды аяйын ба, бұлданғаным жоқ.

  • Бірінші Египет пирамидасынан бастайық.

  • Оны білемін, айтпай-ақ қой, - деді ол.

  • Кәне, білсең айтшы, - дедім сынағым келіп.

  • Бес мың жыл бұрын салынған. Дүние жүзіндегі ең әйгілі, зәулім, биік

құрылыстың бірі. Египеттің билеуші –перғауындары өлген соң, өз денелерін сонда қойдырған.

  • Неге? – деймін мен.

  • Олар өздерін Құдайдың баласымыз деп санаған да, халық алдында өз

беделін көтеріп, абыройын асыру үшін, атын шығару үшін өздеріне осындай алып, зәулім ескерткіш орнаттырған. Тағы бір себебі бар, - деп ойланып қалды.

  • Қандай?

  • Олар өлгеннен кейін адамдар о дүниеге барады, онда да жарық

дүниедегідей тіршілік етеді деп түсінген. Сондықтан да мәйітті алтындатып, күмістетіп, қымбат тастармен безендірген. Осы байлықты тірі жандар ұрлап кетпес үшін пирамиданың ішкі құрылысын жұмбақ етіп, қиындатып салған да, саркофагін дәл ортасына, ең терең жеріне тыққан. Соның бірі – Хуфу (Хеопс), екіншісі – Джосер пирамидалары.
Содан кейін Мықыр әлгі пирамидалардың әрқайсысы екі тоннадан асатын екі миллион үш жүз мың төртбұрышты известняк тастан қаланғанын, әуелде оның биіктігі 147 метр болғанын, төбесі күйреп, қазірде аласарып 137 метрге түскенін айтты. Ешқандай механизм қолданбай, жүз мың құл жиырма жыл бойы осы құрылысты салғанын да есіне алды. Перғауынның атын шығару үшін күн айналып жерге түсетін ыстықта қаншама мыңдаған құлдардың зорығып, мұрындарынан қан кетіп, өмірлері үзілгенін де айтты. Ніл дариясынын ар жағындағы таудан қашалған тастарды мына жазық далаға жеткізу де оңайға түспеген ғой.

  • Оның идеясын кім берді, салдырған кім?

  • Оны білмеймін, - деп Мықыр шынын айтты.

  • Айтып отырғаның, негізінен, дұрыс, - дедім мен, - жасаған кім? Оған

дейінгі дәстүрлері қандай болып еді? – деймін.

  • Білмеймін.

  • Ендеше, тыңда, - деймін мен. – Оған дейін египеттіктер тастан құрылыс

салмаған. Шырпының қабына ұқсатып, шикі, күйген кесектен не ағаштан үй жасауды ғана білген екен. Пирамида салу идеясы, ғалымдардың болжауынша, аса дарынды Имхотептен шықса керек. Ол – үшінші әулеттің негізін салушы перғауын Джосердің замандасы. Джосер көзінің тірісінде пирамида салдырған, бірақ оның іргесі қаланған жердің асты жұмсақ болғандықтан, Имхотеп пирамиданы екінші жерден бастайды.
(Мырзабек Дүйсенов)
1. Әңгімеден нені түсіндіңдер?
2. Перғауындардың сәулет өнері таңғалдырды ма?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет