Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016


КАЛМАЧИХА - өзен, Катонқарағай ауд. Қалмақ этнонимін женский родпен  Топонимика



Pdf көрінісі
бет24/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
КАЛМАЧИХА - өзен, Катонқарағай ауд. Қалмақ этнонимін женский родпен 

Топонимика


27

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

атап, өзенге берген. Ресейдің солтүстігі мен шығысында жиі кездесетін -их(а) 

суф фиксі көбінесе өзен аттарына жалғанады. Тауды ер адамға, өзенді әйел адам-

ға теңеу әр халықта кездеседі. Демек, Калмачиха - "қалмақ өзені" деген мағына 

береді.

КАТОНҚАРАҒАЙ - е.м. Катонқарағай ауд. Кейбір жазушы, зерттеушілердің 

бұл  ойконимді  Қатынқарағай  деуінде  ешқандай  ғылыми  негіз  жоқ.  Бұл  атау 



қотан+қарағай  сөздерінен  жасалып,  орыс  тілінде  катон  түріне  бұрмаланып 

кеткен. Тура мағынасында "қойдың қотанына ұқсап топтанып, дөңгеленіп өскен 

қарағай"  дегенді  білдіреді.  Қотан  сөзі  көне  түрі  тілінде  "топ","дөңгелек","қой 

қора" мағыналарын берген. Елді  мекен орналасқан жерде топ-топ болып жіңішке 

қарағайлар  өскен  екен.  1936  жылға  дейінгі  карталарда  және  Закржевскийдің 

жолжазбасында Катон-Карагай деп анық жазылған.



ҚАЛҒҰТЫ - өзен, Катонқарағай ауд. Атаудың негізіңде монғ. галуу "қоңыр 

қаз" сөзі жатыр. Галуу+т (бір нәрсенің, мол екенін білдіретін туынды сын есім 

жұрнағы). Галлут>Галлуты>Қалғұты болып қазақыланған. Атаудың мағынасы 

- "қазды, қоңыр қазы мол өзен" болып шығады.



ҚАРАГЕМ – көл, Катонқарағай ауд. Мұндағы қара (сын есім) + гем (зат есім). 

Көне түркі тілінде қам/кем/гем/жем нұсқалы сөз "өзен", "көл", "су" мағынасын 

берген.  Қарагем  тура  мағынасында  "қара  көл"  деген  мәнді  аңғартады.  Суы 

мөлдір, терең көлдер карауытып көрінетіні белгілі.



ҚАТЫН  -  өзен,  Катонқарағай,  Қошағаш  ауд.  П.Чихачев,  Н.М.Ядринцев, 

О.Т.Молчанова т.б. зерттеушілер түркі тіліндегі қатын "ханым, әйел" мағына-

сын  да тұр деп табады. Алайда өзен атының дәл этимологиясын берген  - ал-

тайлық зерттеуші В.Н.Тадыкин. Мұзтаудан басталатын өзендердің барлығы жаз-

да ақ айран түстес болып ағатыны белгілі. Сүт түстес Қатын өзені Обь өзеніне 

құй ғанда, оны лайлап түсін өзгертеді. Ендеше түркі тіліндегі қат түбірі "қос, 

араластыр" мәнін берсе (м.: шайға сүт қат), қат+ын туынды сөзі "қосылған" де-

ген мән береді (м.: қатын - ерге қосылған, шыққан әйел" ). Сонда Қатын гид ро-

нимі "екінші бір өзенге қосылған өзен" ұғымын тудырады, сондықтан қазақтар 

Қа тын суы, алтайлықтар Қатын суу деп атайды. Қатын су "қосылған су" мәнін 

бе  ре ді де, тұнық су, жайық су секілді ұғымдармен теңеседі. Түркі елдерінің бі-

разында кездесетін Қатын топонимдері түгелдей осы мағынадан шығады. Алтай-

лықтардың Мұзтауды Қатын басы деп атайтыны «Қатын өзенінің бастауы» де-

ген мәннен шықса, Ақсуулы деп атайтыны Қатын, Берел өзендерінің жазда ақ 

айран түстес болып ағуынан деп ұққан жөн.

ҚОШАҒАШ - е.м., Таулы Алтай өлкесі. Жергілікті қазақтар қос (екі) + ағаш 

сөздерінен жасалғанын айтады. Сол өңірді зерттеген В.Л.Попов, В.Н.Тадыкиндер 

Қошағаш пен Тошантының арасындағы жазықта бір-бірінен алшақ тұрған екі 

ағаш өсетін, сол екі ағаш атауға себеп болған деседі.

19  ғасырдың  аяғында  Алтайды  сегіз  рет  аралап  зерттеген  ғалым-сахатшы 

В.В.Сапожников мүлде басқа пікір келтіреді: "Қошағаш - ағашы жоқ тақыр тау-



Топонимика


28

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

лы жерлерден көшкенде, жол-жөнекей қонатын кезде от жағу үшін отындыққа 

тастап кететін ағашқа байланысты туған Көшағаш сөзінен пайда болған", - дейді. 

Осындай отын қойып кететін бекет сияқты аялдама жерге елді мекен орнаған 

соң оны Қошағаш деп атап кеткен. 

Бұл пікірдің шындыққа жақын келетін себебі мынада. Қазақ ағаш деген жал-

пы есімді көбінде "отын" мәнінде қолданады, ал өсіп тұрған ағашты түріне қарай 

Қостерек, Қосқарағай деп жіктеп айтар еді. Тіліміздегі кейінді ықпал әсерімен 

Көшағаш>Қошағаш деп жуандап айтылуы да заңды құбылыс.

ҚҰРАҒАН  -  өзен,  асу  (2700  м),  Мұзтау.  Ауданға  көршілес,  туысқан  алтай 

тілінде құраған сөзі "қозы" мағынасында қолданылады. Биік асудан (Мұзтаудан) 

қозыдай шулап ағатын тау өзеніне берілген атау. 

МҰЗТАУ (Белуха) - тау (4506 м), Катонқарағай ауд. Алтай тауының ең биік 

шыңы. Мұз (зат есім) + тау (зат есім) түбірлерінен біріккен. Мәні "мұзы бар, 

мұзды  тау"  мағынасын  береді.  Карталарға  орысша  Белуха  деп  түсіріліп  жүр. 

Түркілердің  атамекені  болған  таудың  тарихи  аты  Мұзтау  (Мұзтағ)  еді.  Бұдан 

басқа орысша Катунские столбы, алтай тілінде Қатын бажы (басы), Ақсулы 

деген атаулары бар. Мұзтау деп ең негізгі белгісін бірінші атаған ел сол жерді 

ежелден мекендеген деген сөз. Түркі-монғол қасиетті тау деп табынған Мұзтауға 

қазір де туристер көп барады.



МҰҚЫР - өзен, төбе, Қошағаш ауд. Мұқыр сөзі түрік-моңғолға ортақ болып 

келеді де "тұйық", "мұқыл", "тоқал", "шолақ" мәндерінде қолданылады. Аласа 

бойлы тау, төбелерге; шолақ, қысқа өзендерге берілетін атау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   98




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет