Онтология және дін: Мына видеодәрісті міндетті түрде көріп шығыңыз


Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады



бет2/4
Дата12.03.2022
өлшемі20,41 Kb.
#135369
1   2   3   4
Байланысты:
3 дәріс Онтология және Дін
00053fea-223d9caa, 3 дәріс Дін
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырмашылығы бар, бірақ өзара қабысқан, тығыз байланыста тұрған мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
1) заттар (денелер) және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғи заттар мен процестер және адамдар жасаған заттар мен процестер болмысына бөлінеді, өзімен-өзі объективті өмір сүреді;
2) адам болмысы: заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
3) рухани (идеялық) болмыс – адам жан дүниесі мен санасы;
4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестерге жіктеледі.
Болмыс категориясы-философиялық ойлаудың негізі. Онымен адам осы өмірдің, адамның орнын, заттар мен процестердің тіршілігін айқындап бере алады.
Болмыс-бұл өзінің жиынтығындағы обьективті және субьективті шындық. Болмыс бұл тіршілік ететіннің барлығы. Басқа сөзбен айтқанда, болмыс-таза тіршілік, ешбір себебі жоқ. Болмыс өзіне-өзі себеп. Обьективті реалдық дегеніміз-табиғат заттарының әлемі, физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстар мен адамның әлеуметтік заттар әлемі, яғни материалды, социо-табиғи әлем. Субьективті реалдық дегеніміз-адамның, оның санасының, руханилығының психикалық күй әлемі. Болмыстың негізгі түрлері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет