ОҚо шымкент қаласы «№99 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет2/2
Дата19.05.2017
өлшемі208,1 Kb.
#16534
1   2


Прозасы: «Бақытсыз Жамал» романы

Поэзиясы: «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы

«Терме» жинағы

Ағартушылық еңбектері: «Есеп құралы» оқулығы

«Оқу құралы»

«Қирағат» оқулығы

Драмалық шығармасы: «Балқия» пьесасы

Ә) «Оқылым» дағдысы

М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып,«Шешенің балаларын сүюі» өлеңін екі рет оқыту. Жетек сұрақтар арқылы өлеңнің мазмұнын ашу.
Жетек сұрақтар:

Өлеңнің негізгі тақырыбы не?

Өлеңнен ананың баласына деген қандай сезім, қасиеттері танылады?

Автор өлең шумақтары арқылы қандай ой айтқысы келді?

Өлеңнің идеясы не?

Б) Өлең құрылысына талдау (топтық жұмыс)

Өлеңнің төрт шумағын төрт топқа бөліп беріп, өлең құрылысына талдату.


В) Сатылай кешенді талдау

Оқушылар өлеңге ауызша сатылай кешенді талдау жасайды.


Сатылай кешенді талдау үлгісі

  • Авторы

  • Тақырыбы

  • Жанр түрі

  • Идеясы

  • Шумақ

  • Тармақ

  • Бунақ

  • Буын саны

  • Ұйқас түрі

  • Әдеби теориялық ұғымдар: троп және фигура түрлері

  • Түсіндірме сөздік


Өлеңнің негізгі түйіні
Түсіну (5 минут)

«Топтастыру» әдісі (топтық жұмыс)

Оқушылар өлең мазмұнынан не түсінгендерін топтастырады.


Қолдану (5 минут)

«Пирамида» әдісі (жеке жұмыс)

Оқушылар өлең мазмұнынан ана тек өмірге әкелуші ғана емес, бүкіл ғұмырын балаларының бақытына арнаған қорғаушы періштеміз екенін, т.б. екеніне көз жеткізген соң, дәл қазіргі уақытта өздерін ана алдында қалай ұстап жүргенін «Пирамида» әдісі арқылы жеткізеді. Яғни, оқушылар қазір 13-14 жас аралығында, нағыз жасөспірімдік кезеңде жүрген кездері. Мінездерінде де өзгерістер пайда болуына байланысты кейбіреулері анасының сөздерін көтере алмай қарсы шығуы мүмкін немесе керісінше анасын бұрынғыдан да түсініп, одан сайын жақсы көріп кетуі де мүмкін. Сол себепті оқушыларға өз аналарын «Мен анамды ... теңеймін. Себебі, ...» тіркесі арқылы кез келген геометриялық фигураға теңеп, неліктен теңегендерін және ана алдындағы өздерін қандай геометриялық фигураға теңейтіндерін, неліктен теңейтінін жазып шығады.

Талдау (5 минут)

«Венн диаграммасы» (топтық жұмыс)

Тапсырманы орындатпас бұрын алдымен оқушыларға бейнеклип көрсету. Бұл бейнеклип «Сәби бақыты» деп аталады. Яғни дүниеге келген барлық сәбидің бақытты болу үшін жаралғандығы өлең сөздерінде айтылса, клипте қазіргі таңдағы қоқысқа, т.б.тасталған тастанды балалардың, безбүйрек аналардың көбеіп бара жатқандығы көрсетіледі. Осы бейнеклипті көргеннен соң ананың барлығы бірдей еместігіне көздері жетіп, «Шешенің балаларын сүюі» өлеңіндегі ана туралы түйген ойлары мен «Сәби бақыты» бейнеклипіндегі көкек аналар туралы түйген ойларын «Венн диаграммасы» арқылы салыстырады.

Жинақтау (5 минут)

«Төрт сөйлем» әдісі (топтық жұмыс)

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған мәліметтері мен түйген ойларын «Төрт сөйлем» әдісі арқылы қорытындылайды.



  • «Төрт сөйлем» әдісінің үлгісі

    • Пікір

    • Дәлел

    • Мысал


    Қорытынды

Бағалау (5 минут)

Бағалау кезеңінде оқушылар ашық сұрақпен (Өлең мазмұнынан көрсетілген ана бойынан табылатын қасиеттерді қазіргі аналардың бойынан көре аласың ба?) жұмыс жасады және қазіргі таңдағы көкек аналарға өзіндік бағаларын беріп, көзқарастарын білдірді.

- Әрине, өзгеге баға беру оңай. «Жұмақ ананың аяғының астында» дегендей, біз де келешекте өз перзентерімізге жұмақ өмір сыйлап, бала алдындағы өз міндетімізді дұрыс атқара алсақ, біздің бағамыз сонда шығады. Сондықтан сендердің де келешекте бар өмірін сәбиіне арнаған аяулы ана болуларыңа тілектеспін! – деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Үйге тапсырма: (1минут)

А). М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер жинау.

Ә). Оқулықта берілген даналық ойды арықарай жалғастырып жазып келу;

«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді. ...» (қыздар жалғастырады)

«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан ол – сәби үшін ең жылы ұя. ...» (ұлдар жалғастырады)

Бағалау: (1минут)

Сабақ барысында төрт топтық жұмыс орындалғандықтан оқушылардың жұмысын формативті бағалау түрінде тек топтарды ғана бағаладым. Яғни, гүлдің құрылысын төртке бөліп, төрт топтық жұмысты ретімен сабақ барысында бағалап отырдым.Мысалы: Бірінші тапсырманы құмырамен, екінші тапсырманы сабақпен, үшінші тапсырманы жапырақпен, төртінші тапсырманы гүлімен бағаладым. Сабаққа төрт топ та өте белсенді қатысты. Соның ішінде екінші топ пен үшінші топ тапсырмаларды талапқа сай, нақты орындағандары үшін «бестік» бағасын, төртінші топ үш тапсырманы орындап, біреуінен қателескені үшін «төрттік» бағасын, бірінші топтың екі тапсырмасы нақты болмағандықтан «үштік» бағасын алды. Бұл – тек топтық баға.

Рефлексия (3минут)

Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай әсер алғанын стикерлерге жазып шығады.






Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет