Орал қаласының білім беру бөлімі Дарынды балаларға арналған «Логика әлемі» әдістеме құралы



бет6/38
Дата27.02.2020
өлшемі10,18 Mb.
#59094
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
0001eff5-36e70d4f
0011eb06-18977273

Көзге арналған жаттығулар.

"Мерген көз"көздің шаршағанын басуға көмектеседі. Сағат тілінің бағытымен 6 рет дөңгелек сызу және кері бағытта да 6 рет дөңгелек сызу.

" Көзбен ату " - көзді оңға-солға, жоғары-төмен бағытта қозғалту.

Гафикалық диктант.

а) Ең алдымен саусақтарымыз "амандасып " алсын. Оң қолымыздың басбармағы сол қолымыздың саусақтарымен амандасып шығады.

Содан кейін сол қолымыздың басбармағы оң қолымыздың саусақтарымен амандасады.

ә) Суретке мұқият қара. Сол жаққа дәл осындай өрнектің суретін сал.

Сабақты қорытындылау.

3-сабақ 1 сынып

Талдау және жинақтау

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі

1.Ми гимнастикасы.

«Басты шайқау» ойлау қабілетін жақсартады (30 секунд).

«Жалқау сегіздіктер» мидың белсенді жұмыс істеуіне, есте

сақтау қабілетінің дамуына кемектеседі (2-3 рет).



«Kөздi жыпылықтату» көз ауруларының барлық түріне

пайдалы. Демалып, демшығарған сайын көзді жыпылықтат.



2.Ширату

Саған кім болады?

Әкеңнің әкесі — ата.

Әкеңнің шешесі - әже.

Шешеңнің әкесі- нағашы ата.

Шешеңнің шешесі - нағашы әже.

Өзіңнен кіші қыз бала- қарындас.

Өзіңнен кіші ер бала- іні.



Тапсырма №1. Кәмпиттерді былайша боя: үлкен кәмпитті қызыл және көк кәмпиттің ортасында, ал күлгін кімпит көк кәмпиттің қасында болсын.


Тапсырма №2.Жәндіктер мен құстарды ата. Жәндіктерді қызыл қарындашпен, ал құстарды сары түспен айналдыра сыз.

Көңілді үзіліс

Сол қолыңмен желкеңнен маңдайыңа дейін және оң қолыңмен

қарыныңды сипа.

Бұл жаттығу бірмезгілде орындалады.

Келесіде қолдардың қозғалысын ауыстыру керек. Жаттығу 4

рет қайталанады.



Логикалық ізденіс тапсырмалары.

Тапсырма №3. Суреттен артық затты тауып,оны боя.

Жауабы: қарындаш



Тапсырма №4. Суретшінің қатесін түзет.

Жауабы: а) тәрелке артық, бұл жерге кесе немесе шыны аяқ

тұруы керек.

Ә) ыдысқа гүл дұрыс салынбаған.



Тапсырма №5. Жаңылыспадағы суретті төменде берілген суреттерден тап және оны боя. Жауабы: 1, 3, 4-суреттер.


4-сабақ 1 сынып

Сабақтың мақсаты:

1.Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату

2.Қиялдау,елестетуді дамыту

3.Ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Ми гимнастикасы. Өткен сабақтағы жаттығуларды қайталау.


  1. Ширату

Әкеңнің әкесін қалай атайсың? (ата)

«А» әрпінен басталатын бес ұлдың атын айт (Абылай, Айдын, Асхат, Арман, Айдар).

Өзіңдіқайдан көре аласың? (айнадан)

Иттің баласын калай айтады? (күшік)



Атасы немересін калай айтады? (немере)

  1. Тапсырма №1. Оқушыларға диалог құрғызу. Бұл адамдар бір-біріне не айтуы мүмкін?


  1. Тапсырма

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет