Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет14/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

4. Ұжымдық оқыту технологиясы
Ұжымдық оқыту тәсілі – оқытуды оқушылардың бір-бірін оқыта алатын динамикалық жұптарда қарым-қатынас жасауы арқылы іске асырылатындай етіп ұйымдастыру. Оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың ұжымдық формасы жұмысқа бірге қатысушылардың өзара ықпалдастығын, өзара жапуапкершілігін білдіреді.
Г.Ю.Ксензова ұжымдық оқыту тәсілінің төмендегідей негізгі басымдық белгілерін атап көрсетеді:
  • қисынды ойлау және түсіну дағдылары жетілдіріледі;


  • сөйлесу барысында ойлау қызметінің дағдылары дамытылады, жадының жұмысы іске қосылады;


  • әркім өзін еркін сезініп, өзіне тән жеке қарқынымен жұмыс жасайды;


  • ұжымдық еңбек нәтижесі үшін жауапкершілігі артады;


  • жеке тұлғаның өзін лайықты бағалауы қалыптасады;


  • ақпаратты ұжымда талқылау материалды неғұрлым берік меңгеруді қамтамасыз етеді [122].


Ұжымдық жұмыстың төмендегідей белгілері бар:


  • ортақ мақсаттың болуы;


  • жұмыстың, ондағы функциялар мен міндеттердің бөлінуі;


  • білім беру процесіне қатысушылар арасында ынтымақтастық және өзара жолдастық көмек;


  • басқару ісіне: жоспарлауға, есеп беруге және бақылауға қатысу [123].


Ұжымдық жұмыстың негізгі қағидасы мен шарты: барлығы әрқайсысын жеке және әрқайсысы барлығын оқытады.


5. Деңгейлік саралай оқыту технологиясы
Ж.А.Қараев технологиясы деңгейлік саралай оқыту шарттарын есепке алатын педагогикалық жүйеге негізделген, ол шағын мақсаттарды және меңгеру нәтижелерін айқын белгілеуімен сипатталады.
Технологияның негізгі сипаттары:
  • міндетті деңгейде оқыту мақсаттарына 100% қол жеткізу кепілдігі;


  • диагностикалық тұрғыда оқыту мақсаттарын қою және оқыту нәтижелерін объективті бағалау;


  • оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу процесі жобасының болуы;


  • дидактикалық процестің тұтастығы;


  • оқытудың әдістемелік жүйесінің (оқыту мақсаты, мазмұны, әдістері, формалары және құралдары) тұтастығы;


  • әртүрлі мазмұннан тұратын блоктардан құралған оқу процесінің модульдік сипаты [124].


Бұл технологияның психологиялық негізі М.Выготскийдің оқыту барысында репродуктивті деңгейден продуктивті деңгейге өту әрекеті негізінде іске асырылатын оқушының ақыл-ой дамуының «белсенді даму» аймағынан «таяу даму» аймағына өтуі туралы теориясы болып табылады [125]. Ж.А.Қараев егер оқыту төмен деңгейден жоғарыға ұмтылу траекториясымен ұйымдастырылса, ол дамытушы сипат алады деп есептейді. Аталған технологияның алғашқы екі деңгейіне ойлау қабілетінің эмпирикалық деңгейі, ал басқа екеуіне – теориялық деңгейі сай келеді. Автордың пайымдауынша, оқу процесін деңгейлік саралау негізінде ұйымдастыру оқытуды мазмұндық тұрғыдан даралауға мүмкіндік береді. Мұндай оқыту әрбір оқушыға өзінің даму динамикасын қамтамасыз етеді.


Автордың ойынша, бұл технология төмендегідей әрекеттер негізінде 100% нәтиже кепілдігін береді:

  • деңгейлік тапсырмаларды күрделендірудің қатаң бірізділігін сақтау;


  • оқудың ішкі және сыртқы қызығушылықтарын тиімді ұштастыру;


  • оқушылар қызметін бағалаудың ерекше тәсілі [116, 4 б.].


Бағалау объективтілігі балалардың дамуын үнемі қадағалап отыратын тақырып бойынша бақылау жұмыстары, көп деңгейлі тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет