Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет5/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

Зерттеу көздерi: зерттеу тақырыбы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың, психологтардың, дидакт ғалымдар мен әдіскерлердің ғылыми еңбектері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бiлiм туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасы, гуманитарлық бiлiм беру тұжырымдамасы, этникалық мәдени бiлiм тұжырымдамасы, БҰҰ-ның баланың құқын қорғау конвенциясы, Қазақстан Республикасының бiлiм беру стандарты, модульдiк оқыту технологиясы, жалпы бiлiм беретiн орта мектептегi пән мұғалiмдерi мен сынып жетекшiлерiнiң педагогикалық тәжiрибе жұмысы, автордың педагогикалық зерттеушiлiк өз тәжірибесi.

Зерттеу жұмысының әдiстерi:
  • философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердi оқу және талдау жасау;


  • озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және талдау;


  • мектеп құжаттары мен педагогикалық үрдiстерге талдау жасау;


  • сауалнамалар, топтық және жеке әңгiмелесулер; жеке тұлғаны зерттеу әдiстемелерi; жеке тұлғаның таным процестерiн, интеллектуалдық-танымдық және қажеттiлiк-себептiлiк аясы деңгейiн анықтау;


  • жүргiзiлген тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыс нәтижелерiн салыстырып, мониторингтiк жүйеде жинақтау.




Зерттеу кезеңдерi:

Бiрiншi кезеңде (1996-1998 жж.) - зерттеу тақырыбы таңдап алынып, бұл жөнiндегi философиялық, әлеуметтiк, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды. Зерттеудiң ғылыми бағыттары анықталды. Оқу процесiн гуманизациялаудың, оқушы шығармашылығын дамытудың өзектiлiгiне сараптама жасалынды.

Екiншi кезеңде (1998-2003 жж.) - тәжiрибелік-эксперименттiк жұмыстың бағдарламасы дайындалып, жеке тұлғаның таным процестерi, оқу себептiлiгi, мектепке, пәнге деген көзқарасын зерттеу әдiстемелерi топтастырылды. Мектеп ортасы мен оқушының нақты кезеңдегi даму деңгейi анықталды (мектептiң техникалық базасы, мамандардың сапалық құрамы, психологиялық микроклимат: әкiмшiлiк-мұғалiм, мұғалiм-оқушы, оқушы-оқушы, оқушы-топ жүйесiндегi өзара қарым-қатынастар). Мұғалiмдер үшін жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу туралы педагогикалық-психологиялық, оқу процесiне және жеке тұлғаға бағытталған модульдiк оқыту технологиясы бойынша ғылыми-әдiстемелiк оқыту жүйесi құрылды. Оқу процесiне оқытудың белсендi түрлерi енгiзiлдi. Оқу процесiн басқару және бақылау орталығы құрылды. Жеке сыныптарда педагогикалық консилиум өткiзiлдi, зерттеу әдiстемелерiне түзетулер мен толықтырулар енгiзiлiп, тәжiрибеден өткiзiлдi. Оқушының жеке тұлғасының қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мүмкiндiк туғызатын модульдiк оқыту технологиясы енгiзiлдi. Оқыту процесiн гуманизациялаудағы оқушының шығармашылығын дамытуға бағытталған тәжiрибе-экперименттiң әсері анықталып, тәжiрибеде дәлелдендi және оның өлшемдері анықталды.

Үшiншi кезеңде (2003-2005 жж.) - зерттеу материалдары талқыланып, байқаудан өттi. Алынған материалдар талданып, педагогикалық әдiстемелiк ұсыныстар жасалды, алынған нәтижелер өңделiп, жүйеге келтiрiлдi. Диссертацияны рәсімдеу жүзеге асырылды. Мектеп басшыларына, пән мұғалiмдерiне, сынып жетекшiлерiне және әдiскерлерге нұсқаулар дайындалды. Зерттеу нәтижелерi диссертация түрiнде рәсiмделдi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет