Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе



бет1/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org


Ордабекова Хафиза Арысбайқызы



Ордабекова Хафиза Арысбайқызы 
ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ 

ӘОЖ 81ˈ1 (075.8)


ҚБЖ 81.2 стд 1 – 5 я 73
О – 67
Оқу құралын баспаға Сулейман Демирел атындағы университеттің Ғылыми
кеңесі ұсынған.
Оқу құралына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР БжҒМ
жоғары және жоғары білім беруден кейінгі Респубиликалық оқу-әдістемелік
Кеңесінің «Гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары тобы бойынша грифі
берілген. Хаттама № 1 (26.01.2017).
Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор
Мәдиева Г.Б. 
филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған
профессор Кудеринова Қ.Б.
филология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған
профессор Жұбаева О.


Ордабекова Х.А. 
О-67 Тіл біліміне кіріспе: Оқу құралы / Х.А.Ордабекова
Қаскелен: Сулейман Демирель атындағы университет, 2016. – 160 бет
ISBN 978-601-7537-14-2
ӘОЖ 81ˈ1 (075.8)
ҚБЖ 81.2 стд 1 – 5 я 73
Оқу құралы студенттерге тіл білімінің нысаны және оның қарастыратын
негізгі мәселелері, тілдің таңбалық және құрылымдық-жүйелілік аспектісі
туралы білім беру, қазіргі әлемдік лингвистикада қалыптасқан жаңа ғылыми
бағыттар туралы түсінік қалыптастыруды мақсат етеді.
Оқу құралы филология факультетінің студенттеріне арналған.

ISBN 978-601-7537-14-2 © Сулейман Демирел атындағы университет




3



АЛҒЫ СӨЗ 
«Тіл біліміне кіріспе» пәні ‒ жоғары оқу орындарының филология
факультетінде дәстүрлі түрде оқытылатын жалпы лингвистикалық пән.
Пәнді оқытудағы негізгі мақсат – тілдің табиғаты, мәні және оның қоғамда
атқаратын қызметтері; тілдің әлеуметтік және таңбалық сипаты, тілдің
таңбалық және құрылымдық-жүйелілік сипаты; қоғамдық қатынастардың
тілдік жүйеге әсері туралы ғылыми ақпараттармен таныстыру; тілдік жүйенің
фонологиялық, лекскиология, сөзжасам, морфология және синтаксистік
деңгейі
бойынша
құрылымдық
және
антропоөзектік
бағыттағы
лингвистикалық тұжырымдарды қарастыру; әлем тілдерінің генеологиялық
және типологиялық жіктелімі туралы түсінік беру; тіл білімінің фонологиялық,
лексика-семантикалық, грамматика саласы бойынша тыңдаушыларға жүйелі
ғылыми-теориялық білім беру, алған ғылыми-теориялық біліміне сәйкес
болашақта зерттелуге тиісті мәселелеріне байланысты тыңдаушыларды
ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіру;
оқытудың қалыптасқан әдістемелерінің (фоно-морфо-семантикалық талдаулар,
практикалық сабақтар, студенттердің өздік жұмыстары, зертханалық
жұмыстар) негізінде студенттердің жеткілікті дәрежеде білім алуын
қамтамасыз ету. Бұл пән оқытудың жаңа технологиясы негізінде қалыптасқан
модульдік жүйеге бағытталған:
1. Тіл білімінің құрылымдық-жүйелілік, таңбалық және әлеуметтік сипаты.
2. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Әлем тілдерінің генеологиялық және
типологиялық классификациясы.
3. Антропоөзектік бағытта қалыптасқан тіл білімінің жаңа салалары.
Бірінші модуль бойынша тілдің табиғаты, мәні мен атқаратын қоғамдық
қызметі, тілдің таңбалық және құрылымдық-жүйелілік сипаты, тілдің шығуы
туралы онтогенездік және филогенездік теориялары, тіл дамуының
интралингвистикалық
және
экстралингвистикалық
факторлары,
тіл
ғылымының фоно-морфо-семантикалық және грамматикалық құрылымы
жайлы ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық ақпараттар беріледі.
Екінші модуль бойынша тілдер туыстастығы мәселесі негізінде
салыстырмалы-тарихи
тіл
білімінің
қалыптасуы,
әлем
тілдерінің
генеологиялық
жіктелімі,
дүние
жүзі
тілдерінің
грамматикалық

4
құрылымындағы ұқсастықтары мен ерекшеліктері бойынша әлем тілдерінің


типологиялық жіктелімі қарастырылады.
Үшінші модуль бойынша тіл білімінде қалыптасып отырған
антропоөзектік бағыт негізінде қалыптасқан жаңа ғылым салалары жайлы
студенттерге толыққанды ғылыми-теориялық ақпараттар беріледі.
Әрбір
дәріс
материалдары
соңынан
тақырып
мазмұнына
сәйкестендірілген практикалық тапсырмалар мен зертханалық жұмыстар
қамтылған. Лингвистикалық мәтіндер зертханалық жұмыстардың мақсат-
міндетіне, мазмұнына сәйкес таңдап алынған, атап айтқанда, тілдің
социолингвистикалық аспектісі, тілдің таңбалық сипаты, тілдің құрылымдық-
жүйелілік сипаты, тілдердің жіктеліміне байланысты тілдік талдаулар жүргізу
арқылы теориялық білімдерін практика жүзінде іске асыра білу дағдысы
көзделеді.

5



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет