Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


Тіл табиғаты жөніндегі натуралистік бағыт



бет8/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

1 Тіл табиғаты жөніндегі натуралистік бағыт. Натурализм жеке бір
ағым ретінде ғылымда ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Дарвин ілімінің әсерінен
пайда болды. Тіл біліміндегі натурализм бағыты Ресей Ғылым Академиясының
корреспондент мүшесі Август Шлейхер есімімен байланысты. А.Шлейхер –
салыстырмалы тіл білімінде тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі,
тілдердің типологиялық және генеологиялық ұқсастықтарын талдаушылардың
бірі. Неміс ғалымы А.Шлейхер дүние жүзі тілдерінің грамматикалық
құрылымын негізге ала отырып мынадай типтерге бөліп көрсетеді:


16
А.Шлейхер тіл біліміне


біршама қате концепциялар да ұсынған болатын. Оның теріс көзқарасының
бірі – тіл біліміне натуралистік көзқарасты енгізуі. А.Шлейхердің
түсіндіруінше, тіл де табиғи ағза сияқты басқаларға тәуелсіз, өз бетінше өмір
сүреді; ол да туады, өседі, қартаяды; табиғи организм болғандықтан, тіл
жаратылыс заңына бағынады, сондықтан тіл білімі жаратылыстану ғылымдар
тобына жатады, соның бір саласы.
А.Шлейхер тілдің мәні жөнінде мынадай концепцияны ұстанады:
- тіл – ойды қалыптастыратын құрал;
- тіл – жаратылыс организмдері ішіндегі ең жоғары организм.
Тілдің ойды қалыптастыратын негізгі құрал екендігі белгілі, алайда тілдің
қоғамда атқаратын коммуникативтік қызметі туралы ештеңе айтпайды.
Сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысы, синтаксистік қатынасының
жүзеге асуына байланысты дүние жүзіндегі тілдерді А.Шлейхер түбір тіл, 
қопармалы тіл және жалғамалы тіл деп үш түрге жіктей отырып, мұны тіл
дамуының үш түрлі сатысы деп көрсетеді.
2 Тіл табиғаты жөніндегі психологиялық бағыт. Тіл білімінде
психологиялық бағыт ХІХ ғ. орта кезеңінен бастап қалыптаса бастады. Оның
негізін қалаушы – неміс ғалымы Г.Штейнталь. Г.Штейнтальдың көзқарасын
А.Потебня, В.Вундт, Г.Пауль қолдады. Г.Штейнтальдың тіл мәселелерін
психологияның
заң
ережелеріне
негіздеп
шешетін
концепциялары
«Грамматика, логика, психология және бұлардың принциптері мен өзара
қарым-қатынастары» (1855), «Психология мен тіл біліміне кіріспе» (1881),
«Тілдің шығуы» (1851) деген еңбектерінде баяндалған. Бұл еңбектерінде
Г.Штейнталь тілдің өзіндік сырларын жеке адамның психикалық күйі, сөйлеу
әрекетін зерттеу арқылы ашпақ болады, «барлығының негізі – адам
психикасы» дейді. Тіл біліміне натуралистік көзқарасты енгізушілер Дарвин
іліміне сүйенсе, психологиялық көзқарасты жақтаушылар ХІХ ғасырдың
көрнекті психологі Герберт ілімін басшылыққа алады. Лингвистикалық
А.Шлейхер
генеологиялық
жіктелім
түбір тіл
қопармалы
тіл
жалғамалы
тіл
натуралистік
бағыт
табиғи ағза


17
психологизм өкілдері тілдік құбылыстарды жеке адамдардың психикалық


ерекшеліктеріне, олардың ой-санасындағы өзгеріс-құбылыстарға тәуелді етеді.
Олардың айтуынша, тілдегі заңдылық, ондағы өзгерістер қоғам мүшелеріне,
қоғамның дамуына байланысты емес, қоғамнан бөлініп алынған жеке адамға,
солардың психикасына, тіліне, ойлау дәрежесіне байланысты, соған тәуелді.
Жалпы алғанда, халық тілі, қоғам тілі деген жалған сөз. Тіл ‒ жеке
индивидуумдікі. Сондықтан тіл білімінің міндеті – индивидуумның тілін
зерттеу. Жеке индивидтердің тілін, психикалық құбылысын зерттеу арқылы
тұтас халықтың, ұлттың рухани өмірінің заңдылығын ашуға болады.
Психологиялық көзқарастардың бұл түрі тілдің қоғамдық мәнін жоққа
шығаратын «индивидуалистік психологизм» деп те аталады. Индивидуалистік
психологизм бағытын ұстанушы Г.Пауль: «Әрбір индивидуумның өзіндік тілі,
ол тілдердің әрқайсысының өзіндік тарихы бар дейтін қағида талас
туғызбайтыны шындық. Біздер қанша индивидуум болса, сонша тілдің
болатындығын ажыратуымыз керек», – дейді (1,24).


Кесте 1. Жалпы тіл біліміндегі лингвистикалық психология бағыттары
Әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалисттердің «ақиқат бар нәрсе
– тек индивуумдар тілі ғана» дейтін қағидаларына қарсы: «тіл – әлеуметтік
сипатқа ие, оны туғызушы да, қолданушы да жалпы халық, қоғам» дегенді
айтады. Әлеуметтік социологизм бағытын негіздеушілердің бірі И.А.Бодуэн де
Куртенэ «Адамзат тілінің мәні тек қана психикалығында. Тілдің өмір сүруі,
дамуы таза психикалық заңдармен шарттас» дей келіп: «Тіл тек адам
қоғамында ғана бола алатындықтан, біз онда психикалық жақтың барлығымен
қатар әлеуметтік сипаттың барлығын да әрқашан естен шығармауымыз керек.
Тіл біліміне тек индивидуалдық психология ғана емес, сонымен қатар
социология да негіз болады», – деп жазады (2,56).
Психологизм
бағыттары
Индивидуалды
психологизм
Г.Штейнталь, Г.Пауль
Әлеуметтік
психологизм
Б. де Куртенэ,
А.Потебня
Психолингвистика
(сөйлеу әрекеті)
А.Н.Леонтьев,
А.Залевская


18
Қазіргі лингвистикалық психологизмнің үлкен бір тармағы Америка


лингвистикасынан берік орын алып отыр. Америка психолингвистері тіл
білімінің негізгі міндеті –тілдік сигналдарды кодқа түсіру, сөйлеу әрекеті,
сөйлеу тілінің туындауы мен қабылдануы, ақпаратты қабылдау, оны түсіну
процестерін
зерттеумен
шұғылдану
дегенді
айтады.
Кеңестік
психолингвистикалық мектептердің негізін қалаушы А.Леонтьев жаңа ғылым
саласының пайда болуын адамзат қоғамының дамуымен, оның ішінде,
адамның жасанды интеллектуалды әрекеттердің, ғылыми танымның даму
қажеттіліктерімен байланыстырады. Интеллектуалды әрекеттің жоғарғы
психикалық қызметін атқарушы сөйлеу әрекеті және ойлау процесін жүзеге
асырушы құрал ретінде тіл жүйесі ХІХ–ХХ ғғ.психологтар мен лингвистердің
айрықша назарына ілінген мәселелер болатын. Осылайша, психолингвистика -
адамның сөйлеу әрекетін, сөйлеу коммуникациясы мен индивидуалды сөйлеу,
сөйлесу, ойлау әрекеттерін психологиялық және лингвистикалық аспект
тұрғысынан зерттейтін ғылым саласы ретінде өткен ғасырдың 50-жылдары екі
ғылыми ілімнің, лингвистика мен психология ғылымдарының тоғысуы
нәтижесінде пайда болған.
Қазақстандағы
психолингвистика
салыстырмалы
түрде
қазақ
тілтанымында енді ғана қалыптасып келе жатқан жас ғылым саласы болып
табылады. Қазақ психолингвистикасы саласында Э.Сүлейменова, Т.Аяпова,
З.Ахметжанова, Б.Хасанов, Н.Шаймерденова, Л.Екшембеева, Г.Мәдиева,
Ә.Шаяхметова сияқты тілші-ғалымдар қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгерту;
билингвизм жағдайында балалар тілінің даму ерекшеліктері; тілдік сананың
ұлттық-мәдени ерекшеліктері, сөйлеу тілінің патологиясы бойынша өз
зерттеулерін жүргізуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   129




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет