Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


Арго – адамдардың белгілі бір әлеуметтік және кәсіби шағын топтарына түсінікті тіл. Артикуляциялық база



бет104/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

Арго – адамдардың белгілі бір әлеуметтік және кәсіби шағын топтарына
түсінікті тіл.
Артикуляциялық база – белгілі бір тілге тән сөйлеу мүшелерінің дағдылы
қызметі.
Ассимиляция – дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің неғұрлым кең
тараған түрі. Сөйлеу үстінде сөздегі не сөз тіркесіндегі дыбыстар
артикуляциясы жағынан бір-бірімен қиюласып, үндесіп айтылады.
Ауыспалы мағына – белгілі қасиеттеріне қарай шындық құбылысты
білдіретін сөздің басқа бір құбылысқа атау болуынан туатын мағына. Мұндай
мағына заттар мен құбылыстардың қандай да бір ұқсастығына, шектестігіне
байланысты сөздің тура мағынасынан өрбиді.
Аферезис – алдыңғы сөздің соңғы дыбысының әсерімен келесі сөздің
басындағы дауысты дыбыстың түсіп қалуы. Бірен-саран сөз тіркестерінде
болмаса, қазақ тілінде сирек кездеседі.
Аффикс – қосымша, түбірге жалғанып, грамматикалық немесе сөзжасамдық
мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші
морфема.
Антоним – өзіне тән сапалық белгісін сақтап, бір-біріне қарсы мағынада
қолданылатын сөз.
Антропологиялық лингвистика – методологиялық негізі ретінде
«антропологиялық принципті» қолдайтын зерттеулердің шартты атауы.
Антропонимика – (грек. anthropos «адам», onyma «ат, атау») – кісі
есімдерін зерттейтін сала.
Атау (лат.nominatio «наименование») – қоршаған орта құбылыстар мен зат,
сапа, сын, әрекет атаулары, таңбалануы.
Архаизмдер (грек.archaios «көнерген») – белгілі бір дәуір үшін ескірген, өзге
сөздермен ауыстырылған немесе қолданыстан біржола шығып қалған сөздер.
Архилексема – лексикалық бірліктерді ортақ семантикалық белгілері
бойынша топтастырушы, жалпылаушы мағынасы бар лексема.


155
Арнаулы лексика - ғылым мен техниканың әр алуан салаларына қатысты


ғылыми ұғым атаулары. Арнаулы лексикаға терминдер мен кәсіби сөздер
енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   129




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет