Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


Лингвистикалық география –



бет109/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

Лингвистикалық география – тілдік құбылыстардың таралған кеңістігін
зерттейтін тіл білімінің саласы. Лингвистикалық география арқылы тілдердің
тарихы мен шығу тегін ретроспектив тәсілмен зерттеуге мүмкіндік беретін
диалектологиялық, тілдік атластар жасалады.
Семантикалық архаизмдер – қазіргі тілдік қолданыста дыбыстық тұлғасын
сақтап қалған, бірақ ескі мағынада қолданылатын сөз.
Сөздік құрам (грек. lexikos «сөздік», лексика) – тілдегі сөздердің тұтас
жиынтығы. Лексика термині тілдік жүйедегі сөздердің қолданылу сипатына
қарай да қолданылады. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай
бірнеше топқа бөлінеді: әдеби лексика және диалектілік лексика;
жалпыхалықтық лексика дәне арнаулы лексика, бейтарап лексика және
эмоционалды-экспрессивті лексика;
Сема - сөз мағынасының ең кіші единицасы немесе мазмұн өрісінің ең кіші
единицасы
Тіл мен ойлау – қоғамдық қызметтің өзара тығыз байланысты, мәні және
арнайы белгілері жағынан ерекшеленетін екі түрі. Ойлау – шындық болмысты
бейнелеудің жоғарғы формасы, ол заттар мен құбылыстардың арақатынасын,
байланыстарын жинақтап танып білуге бағытталған.
Тілдің шығуы – бұл мәселе антикалық тіл білімінде тілдің мәні туралы жалпы
философиялық тұрғыда қойылған. Грек ғылымындағы тағы бір бағыт тілдің
шығуын заңды биологиялық сипатын жақтаған, екінші бағыт – оның жасанды
сипатын жақтаған.


159
Ұлттық тіл – ауызекі және жазба түрде ұлттық қарым-қатынас құралы


қызметін атқаратын тарихи-әлеуметтік категория.
Ұғым – болмыстағы заттар мен құбылыстарды жинақтап білдіретіной;
грамматикалық немесе семантикалық категория.
Фонема – сөздер мен морфемаларды бір-бірінен мағына және форма жағынан
ажыратуға көмектесетін тілдің дыбыстық жүйесіндегі негізгі типтік бірлік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   129




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет