Органикалық химия пәнінен 050113


Өзіндік бақылау сұрақтары



бет12/45
Дата20.06.2018
өлшемі13,06 Mb.
#43675
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45

Өзіндік бақылау сұрақтары :

  1. Көмірсутектерге қандай қосылыстар жатады?

  2. Қанықпаған көмірсутектерге қандай қосылыстар жатады?

  3. Метан,этилен,ацетилен молекуласында σ ,π байланыстар қалай түзіледі?

  4. Қаныққан көмірсутектердің қанықпаған көмірсутектердің химиялық қасиеттеріндегі айырмашылығы қандай ?

  5. Органикалық реакциялардың жіктелу негізі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Петров, Х.В. Бальян, А.Т. Трощенко, Органическая химия –М.,Высшая школа. 1981

  2. Грандберг И.И. Органическая химия. -М.,1980 г.

Дәріс №5,6 Алициклді қосылыстар.

Мақсаты:Алициклді қосылыстардың құрлысын қарастыру, алифаттты көмірсутектермен құрлысы және қасиетіндегі айырмашылықты көрсету.

Негізгі сұрақтары :

  1. Алициклді қосылыстардың құрылысы ,алу тәсілдері , номенклатурасы , физикалық және химиялық қасиеттері

  2. Изомерия түрлері Стереоизомерия : геометриялық,оптикалық, және конформациялық

  3. Табиғи алициклдер.

КАРБОЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЛЫСЫ

Циклоалкандар - қаныққан циклді көмірсутектер, жалпы формуласы СnH2n, атауы “цикло” префиксін көміртегі саны сәйкес алканның атауының алдына қосу арқылы айтылады.
Қанықпаған моноциклді көмірсутектердің атауы “-ан” жұрнағын «-ен», «-ин», «-адиен» жұрнақтарына алмастыру арқылы айтылады. Қос және үш байланыстардың орны неғұрлым төмен цифрларға ие болатындай нөмірленді

Бициклді қосылыстарда бицикло-жұрнағымен циклдердің санын, содан соң квадрат жақшамен нүктелер арқылы екі түйіндегі С атомдарын қосатын әрбір көпіршедегі көміртегі атомдарының санын, соңынан бүкіл бициклді жүйедегі жалпы С атомдарының санын көрсететін алкан айтылады.

Мысалдар:

СН2 СН2

СН СН2

СН


Н2С СН2 СН2 СН2

СН2 СН СН2 СН2

СН2

Н2С СН2

СН

бицикло [2.2.1]гептан бицикло [5,3,0]декан


Изомерия түрлері стереоизомерия : геометриялық, оптикалық, және конформациялық.

Бүйір тізбектерінің кеңістікте орналасуына байланысты геометриляқ цис -және транс изомерлерін ажыратады

Циклогексан кеңістікте «кресло» және «ванна» типтес конформациялық изомерлер түрінде болады.

ТАБИҒИ АЛИЦИКЛДЕР.

Құрамы (С5Н8)п алициклді қосылыстар терпендер деп аталады.Терпендер мына топтарға бөлінеді.1) алифаттты :мирцен,гераниол; 2) моноциклді :лимонен, ментол,цимол; 3) бициклді:пинан, камфора 4)Үшциклдіне тетрациклді терпендер:стероидтар

Өзіндік бақылау сұрақтары :


    1. Құрамы С5Н10 және С4Н8 циклоалкандардың мүмкін болатын изомерлерінің формуласын құрастыр және ата

    2. Этилциклогексанның мүмкін болатын барлық алу әдістерін және реакция шартын көрсет

    3. Циклогексан мен гександы қандай реакциялар көмегімен ажыратуға болады ?

    4. Табиғи терпендерге не жатады және олар қайда кездеседі?

Дәріс №7,8 Ароматты көмірсутектер



Мақсаты:Ароматты көмірсутетің негігі өкілі бензолдың құрлысын қарастыру, алифаттты көмірсутектермен құрлысы және қасиетіндегі айырмашылықты көрсету.

Негізгі сұрақтары :

  1. Бензол құрылысының ерекшелігі. Ароматтылық критерийі

  2. Ароматты көмірсутектердегі электрофильді орын басуды бағыттау ережесі

  3. Алкандар. Алкендер Алкиндердің және арендердің химиялық қасиетеріндегі ұқсастық тар және айырмашылықтар

  4. Көп ядролы ароматты көмірсутектер.

Қысқаша мазмұны

Бензол құрылысының ерекшелігі.

Арендер-(4n+2) π-электрондармен делокализацияланған циклдік қосарланған жүйесі бар, бензоидты көмірсутектер. Жалпы формуласы СnH2n-6 (мұндағы n≥6) құрылысы бойынша арендерді төмендегідей ажыратады:

а) моноядролы арендер (бензол және оның гомологтары)

б) көпядролы арендер (ароматты ядро саны бірден көп)

Бензол молекуласында сақина жазықтығында әрбір көміртегі атомдары өзара(sp2- sp2) және сутегі атомдарымен (s-sp2) 12 сигма байланыстар түзеді.Сақина жазықтығына перпендикуляр орналасқан, гибридке қатыспаған p орбиталдармен π байланыстар жүйесі түзіледі .

Бензол молекуласындағы σ (а)- және π (б) байланыстарының түзілу схемасы .



Ароматты қосылыстар Э.Хюккель қағидасына бағынады.

Сақинадағы π электрондар саны 4n+2 (n═0,1,2,3 т.с.с)-ге тең , қосарланған π-электрондар жүйесінен тұратын, жазық құрылымды циклді қосылыстар ароматтты қосылыстарға жатады.


Алынуы:


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет