Сабақтың тақырыбы: Алкиндер. Құрылысы. Изомериясы. Номенклатурасы



Дата24.04.2017
өлшемі94,29 Kb.
түріСабақ
"Үздік сабақ" сайысына

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектептің

химия пәні мұғалімі Бекжанова Рысгул Сембайқызы
Сабақтың тақырыбы:  Алкиндер. Құрылысы. Изомериясы. Номенклатурасы.

Білімділік мақсаты: оқушыларға ацетиленнің шығу тарихы, құрылысы, алынуы мен изомериясы, номенклатурасы жөнінде жан-жақты білім беру.

Дамытушылық мақсаты: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа, білімпаздылыққа тәрбиелеу 

Сабақтың  түрі:  аралас сабақ.

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, математика,физика

Сабақтың барысы:      І. Ұйымдастыру бөлімі (сынып оқушылары конфеттер түсі арқылы топқа бөлінеді)     

ІІ. Қызығушылықты ояту (Үй тапсырмасын тексеру)

1.Алкендерден алкадиендердің айырмашылығы неде? (еселі байланыстарының санында)

2.Диендер деп қандай көмірсутектерді атайды? (құрамында екі қос байланысы бар , жалпы формуласы — Сn Н2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер)

3.Диендерге қандай реакциялар тән? (қосылу, полимерлену)

4.Алкадиендерді ашқан кім? (С.В. Лебедев 1932 жылы)

5.Каучук нешеге бөлінеді? Қайдан алынады? (табиғи, синтездік)

6.Каучукқа қандай физикалық қасиеттер тән? (катты зат, майысып, созылады, суды, газды, электр тогын өткізбейді, суда ерімейді.)

7.Резеңкені каучуктан тәжірибе жүзінде қалай алуға болады? (каучукті күкірт қосып, вулканизациялап )

8.Каучуктың өзі көп қолданылмай, негізінен резеңкеге айналдырылатыны неліктен?

9.Егер күкірт резеңкеге қажетті мөлшерден көбірек қосылса, қандай зат алынады? (эбонит)

10.Алкадиендердің сапалық реакциясы қандай? (броммен)

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын ацетиленнің ашылу тарихын таныстыра отырып, проблемалық сұрақ беремін. Оқушылар сұрақты 9- сыныпта өткен материалдарын еске түсіріп, табады.



ІІІ. Ой шақыру «Қоқыс жәшігінен табылған  жаңалық»

Қазіргі кезде кең қолданылатын кальций  карбидін  неміс химиигі Ф. Велер 1862 жылы кездейсоқ ашты.  Ол қалай болды? Велер калцийді әктен көмір қатысында тотықсыздандырып алмақшы болады. Нәтижесінде химик ешқандай металдық қасиеті жоқ қандай да бір күйген массаны алады. Өкінген Велер ол массаны қорадағы қоқысқа керексіз өнім ретінде  лақтыра салады. Жаңбыр жауған кезде Велердің лаборанты өзі лақтырып тастаған тасты массадан газ бөлініп жатқанын байқады. Ол газ Велерді қызықтырды.



Сұрақ: Күйген масса қандай зат? Одан қандай газ бөлінді?  Жауаптарынызды реакция теңдеулері арқылы дәлелдеңіз.

Жауабы: Талдау ол газдың 1836 жылы Э. Деви ашқан ацетилен екенін көрсетті. Осылайша кальций карбиді нің СаС2  сумен әрекеттесіп, ацетилен бөлетін анықталып,ашылды:

 

СаО+3С→СаС2  + СО



СаС2+ 2Н2О→С2Н2  + Са(ОН)2

Яғни, бүгінгі сабағымыз алкиндер және оңың маңызды өкілі ацетилен жөнінде болмақ.



ІV. Мағынаны тану (жаңа сабақ)

Сабаққа эпиграф «Ғылыми жаңалықтар мен болжамдардың шегін көру мүмкін емес» Д.И.Менделеев


Оқушы постерлері

І топ Алкиндердің құрылысы мен изомериясы

ІІ топ Алкиндердің номенклатурасы мен алынуы
Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы  СnH2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.  Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек – этин немесе ацетилен С2H2. Оның химиялық формуласын ұсынған – П. Бертло.(1860 жылы) Бірінші мүшесі ацетиленнен С2H2 басталатындықтан, алкиндер ацетиленді көмірсутектері деп те аталады.

Алкиндерде үш байланыс жанындағы көміртек атомы  sp-гибридтенген күйде болады. Көміртектің екі гибридтенген орбитальдарының біреуі сутек атомының  s-орбиталімен, келесісі екінші көміртек атомының  sp-  гибридтенген орбиталімен  σ-байланыстар түзуге жұмсалады да, ацетилен молекуласындағы атомдардың бәрі  180°С бұрыш жасап, бір түзудің бойында орналасады. Ацетилен молекуласындағы екі көміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі  σ-, екеуі  π- байланыстан тұрады.

Ацетиленнің изомерлері:

Көміртегі қаңқасы бойынша: НС≡С–СН2–СН2–СН3      пентин — 1

НС≡С–СН(СН3)–СН3   3-метилбутин — 1

Еселі байланыс орны бойынша: НС≡С–СН2–СН3     бутин — 1

Н3С –С ≡ С–СН3     бутин — 2

Класаралық :  НС≡С–СН2–СН3      бутин — 1           Н2С=СН–СН=СН2   бутадиен – 1,3


Ацетиленді алу:

Алканданды дегидрлеп:  CH3–CH3 → 2H2 + CH≡CH

Табиғи газдан  (метаннан) : 2CH4 → 3H2 + CH≡CH

Кальций карбидінен: CаС2 +H2O → Ca(OH)2 + С2H2

Галогентуындылардан: CH3–CHCІ–CH2CІ + 2КОH → CH3– С≡СН + 2КСІ + 2H2O
V. виртуалды зертхана

VІ. «Қанағат» тапсырмасы:  Салыстыру кестесін толтыр:


Салыстыру түрі

Этан      

Этилен

Ацетилен

Гибридтену түрі

   sp3

sp2

sp

Байланыс түрі

σ-байланыс

 


σ-байланыс,

π-байланыс



σ-байланыс, екі  π-байл

Байланыс ұзындығы

0,154 нм

0,134 нм

0,120 нм

Байланыс беріктігі

350 кДЖ/моль

620 кДж/ моль

810 кДж/моль

Құрылысы

тетраэдр

жазықты

сызықты

 

VІІ. «Талап»  тапсырмасы:   Номенклатура бойынша атау

1. СН3 – СН2 - СН2 – С ≡СН

2.СН ≡ С - СН2– СН – СН3
                               ∣          ∣
                           СН3 СН3

3. СН3 – С ≡ С – С Н2– СН3


4. С – С ≡ С – С

С



5. С - С = С– С – С

С



6. С - С = С– С – С

С

VІІІ. «Терең ой» тапсырмасы   Есеп бұрышы

Құрамында 25% қоспасы бар 500 кг кальций карбидінен ацетиленнің қандай көлемін (қ.ж.) алуға болатынын есептеңдер.      

Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі бойынша: 2С2Н2 + 5О2= 4СО2 + 2Н2О+ 2600 kДж



5,6л ацетилен (қ.ж) жанғанда бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңдер.
ІХ. "Бір айналым сөйлесу" Тақырып бойынша бір-бір сөйлемді ауызша айтып,топ жалғастыра отырып мәтін құрайды.
Кері рефлексия

Бағалау.
Үйге  тапсырма: §2.10 оқу
Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет