Орындаған : Ибрагимова Д. Қабылдаған: Сарыбаева Ә



бет8/10
Дата07.02.2022
өлшемі99,02 Kb.
#97799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ибрагимова Диана ФЕШӘ СӨЖ1

Сұрақ-есептер мен сурет-есептер тығыз жалғасады. Бұларда сұраққа ауызша жауап беру немесе есепке қойылған сұраққа жауап болатын суретті салу талап етіледі. Мұндай есептерді шығару оқушылардың зейінің, бақылағыштығын және графиктік сауаттылығын дамытуға әсер етеді.

  • Сұрақ-есептер мен сурет-есептер тығыз жалғасады. Бұларда сұраққа ауызша жауап беру немесе есепке қойылған сұраққа жауап болатын суретті салу талап етіледі. Мұндай есептерді шығару оқушылардың зейінің, бақылағыштығын және графиктік сауаттылығын дамытуға әсер етеді.
  • Сандық есептер – бұл есептерде қойылған сұрақтардың жауабын есептеулерсіз алуға болмайды. Мұндай есептерді шығарғанда сапалық талдау да қажет, бірақ оны процестегі қандай да бір сандық сипаттамаларды санау арқылы сапалық талдаумен (анализмен) толықтырады. Сандық есептер қиындығына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай есептер деп күрделі емес анализ бен жай есептеулерді қажет ететін, әдетте бір-екі амалмен шығарылатын есептер аталады. Мұндай есептерді шығару (азғантай мөлшерде) енді ғана оқып үйренілген заңдылықты нақтылау үшін қажет. Олардың неғұрлым оңайларын ауызша шығаруға болады.
  • Сандық есептерді шығару үшін: арифметикалық, алгебралық, геометриялық, графиктік тәсілдер қолданылады.
  • Есеп шығарудың арифметикалық тәсілінде арифметикалық амалдар қолданылады және есептеуде шамамен арифметикадан есеп шығарғандай жүргізіледі. Есептерді шығарудың алгебралық тәсілі формулалар мен теңдеулерді қолданумен шектеледі. Геометриялық тәсілде – геометриялық теоремалар, ал графиктік тәсілде графиктер пайдаланылады.
  • Мәтіндік есептердің қатарына абстрактілі есептерді жатқызуға болады, бұл күнделікті өмірде бақыланған құбылыстар мен процестер сөз болатын есептер, өндірістік – техникалық мазмұнды есептер және тарихи мазмұнды есептер. Кейде мәтіндік есептер қатарына «қызықты есептер» (занимательные) де жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет