Орындаған: Арыстанова Жайна Қабылдаған: Майтанова Нурия



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі21,65 Kb.
#93977
  1   2
Байланысты:
СӨЖ 10 апта Мүғалімнің құзіреттілігінің мәні


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті


Баяндама:
«
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ МӘНІН ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАРДАҒЫ МАТЕРИАЛДАРҒА ТАЛДАУ ЖАСАУ»



Орындаған: Арыстанова Жайна
Қабылдаған:Майтанова Нурия


Ақтөбе 2020 ж
«Еліміздің ертеңі мен бүгіні - жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»
(Н.Назарбаев)

Қазіргі заман мұғалімінің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзыретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.


«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.
Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз болаалатын білімділігі мен абыройлығы», – дейді.
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» - деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Кәсіби құзыреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама.

Педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың шарттары:


1. Әдістемелік құзыреттілік – оқытудың әртүрлі әдістерімен қарулану, дидактикалық әдістерді білу, оларды оқыту процесінде білім мен іскерлікті меңгерту үшін қолдана білу;
2. Зерттеушілік құзыреттілік – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы туралы жаңа білімді жасау үшін педагогикалық құбылысты, актілерді оқып үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану;
3. Басқарушылық құзыреттілік – өз қызметі мен оқушы қызметін басқарутәсілімен, әдісімен қарулану;
4. Ақпараттық құзыреттілік – қазіргі ақпараттық технологиямен қарулану, қажеттісін пайдалану;
5. Коммуникативтік құзыреттілік – өзінің кәсібилігін үздіксіз жетілдіру, жеке және қоғамдық өмірді дамыту.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Кәсіби құзыреттілік бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандайда бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
«Ұстаз қандай болса қоғамы сондай» деген бұлжымас заңдылыққа сай қоғамда да көкейкесті.Сондықтан да бүгінгі күннің өзекті мәселесі - педагогтердің құзыреттілігін үздіксіз дамыту. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие-білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру - өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзыретті мұғалім мектептің тәрбие-білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктерінің іске асуына ықпал жасайды.
Қазіргі таңда мұғалім құзыреттілігін үздіксіз жетілдіруде мынандай міндеттер жүктеліп отыр:
1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығының болуы;
2. Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын білуі;
3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі;
4. Компьютерлік техниканы меңгеруі;
5. Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси, және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдеріндесөйлесе білуі.
Нәтижеге бағытталған білім сапасын арттыру Қазақстанның ғана емес дүние-жүзілік қоғамдастықтың өзекті мәселелерінің бірі. Бұл мәселенің шешуі білім беру мазмұнын модернизациялау мен үрдісін ұйымдастыру тәсілдері мен технологияларын жетілдіруді, яғни білім берудің мақсаттары мен нәтижелерін қайта ой–елегінен өткізуді қажет етеді. Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім–тәрбиесіне, сана–сезіміне, дүниетанымына тікелей байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтердің кәсіби құзыреттілігінде. Олай болса, қоғам педагогтерге үлкен үміт артып, педагогикалық шеберлікті, үлкен жауапкершілікті, кәсіби құзыреттілікті талап етеді.
Кәсібилік – ұстаздың психологиялық-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, ғылыми-кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғамның жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді [4, 65]. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгеріп, білім мазмұны жаңартылуда. Қазіргі қоғам педагогтерге оқушылардың бүкіл өмірін ұйымдастыру процесіне күрделі өзгерістер енгізе алатын, олардың тұлғалық дамуына кепілдік бере алатын, шебер әрі кәсіби құзырлы мамандар ретінде қарайды. Сондықтан педагогтің іс-әрекет шеберлігін жеке әдіс-тәсілдердің жүйесі деп санаумен шектелуге болмайды. Шебер мұғалім педагогикалық тұрғыдан құзырлы болу керек. Педагогикалық құзыреттілік мұғалімнің жеке тұлғасының байлығы және оның кәсіби білімінің мөлшерімен анықталады. Мұғалімнің кәсіби білімі арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері жаңа сипатқа ие болады, қайта жанданады және шығармашылық сипаты арқылы білім беру жүйесіне жаңа мазмұн береді.
Кейбір зерттеулерде құзыреттілік ұғымы біліктілік ұғымымен теңестіріледі. Себебі құзыреттілік іс-әрекетті жүзеге асыруға деген қабілеттілікті білдіріп, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар тұлғаларға байланысты қолданылады. Мұғалімнің іс-әрекеті әр түрлі теориялық білімдерге (психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, философиялық т.б.) негізделіп, теория мен практиканы байланыстырушы қызмет атқарады. Білім мен тәжірибені терең жинақтау арқылы мұғалім кәсіби құзыреттілік сипатқа ие болады. Педагогикалық құзырлы мұғалім теориялық білімдердің қоры мен өмір қойған талаптар арасындағы қарама-қайшылықты шеше алады..
Педагогикалық іс-әрекет педагогтің жеке тұлғасына және кәсіби құзырлылығына барынша жоғары талаптар қояды. Сол талаптардың шартын орындау, оны жылдан-жылға шығармашылықпен дамытып отыру өз кәсібіне сүйіспеншілікпен, ынта-ықыласпен қарайтын әрбір педагогтің қасиетті парызы.
Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды.
Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшу болып табылады.
Сондықтан қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті құзыретті маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет