Орындаған: Байтасова Ғазиза Асланқызы 2020-2021 оқу жылы



бет2/2
Дата29.12.2021
өлшемі29,15 Kb.
#105984
1   2
Байланысты:
«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне үлес қосқан тұлғалар»
4 апта тапсырмасы, № 2 лекция (2)
Өзектілігі: Тәуелсіздік тізгінін өз қолына алған, ХХ ғасырдың аяғында жаңа, жас Қазақстанды аяғынан тұрғызған, тәуелсіз мемлекет құру жолында ұлы істің бар салмағын иығына артқан ұлы тұлға, тарих төрінен орын алған тұңғыш Президентіміз.

Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің арқасында тарихымыздың, ұлттық құндылықтарымыздың жаңғыруы, тіліміз бен дініміздің қайта оралуы мен ұлттық салт –дәстүріміздің жандануының мәні мен маңызын айқындау.

Міндеттері: Елбасы бағдарлаған ұлы мақсат – мұраларды жүзеге асыруда мектеп бағдарламасына енгізілген ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяларды өскелең ұрпақ санасына сіңірту мен насихаттауды басшылыққа алып, мектеп оқушыларының тарихымызды үйренуіне бағыттау.

Ұланғайыр қазақ даласы қарт тарихтың небір шежірелі сырларын қойнауында бүгіп жатыр. Бұл дала сан ғасырлар бойы ата – бабамыздың арманын жүзеге асыру жолында отаршылдық бұғауының, отызыншы жылдардағы ашаршылыққа ұшыраған, сталиндік қуғын – сүргіннің жаппай құрбандарының, Отан соғысының отты жылдары қан майданнан оралмаған боздақтардың, Тәуелсіздік жаршысы – желтоқсанда намыстарын ту еткен қазақ жастарының арманымен қатар бүгінгі көптеген тауқыметтеріміздің тамыры сонда жатыр. Рухы биік батыр бабаларымыз намысын қайраған, ғұлама даналарымыз зерделі ой түйген құтты да киелі мекен. Ақын, жыршы, күй қағандарының өнер құдіреттеріне тәнті еткен де осы жер.

1991 жыл. Азаттық! 70 жыл ұдайы қызыл идеология табанында тапталып өшуге айналған ұлт азаттық үмітіміз қайта тұтанды. Ғасырлар бойы алаш жүрегінде маздап жанған арман алауы шаттық алауға айналды. Азаттық алған халықтың алғашқы жиыны Ордабасыда ұлан асыр той болып өтті. Ордабасы табиғаттың өзі тұрғызған жасыл пирамида тәрізді. Ұшар басында көкпен тілдесіп көк ту желбірейді. Алып төбе етігіндегі жасыл жазықта иін тірескен халық, ине шаншар орын жоқ. Аспанмен таласқан Ордабасы төбесіне Қазақстанның тұңғыш Президенті қазіргі елбасымыз көтерілген болатын. Ғасырлар бойғы қазақ арманын, алаш аманатын арқалаған Назарбаев Н.Ә. текшемен көтерілгенде, алаш арманы да онымен бірге көтеріліп бара жатқандай. Көзге үйірілген жас. Теңіздей толқыған жұрт. Бақыт құшағында. Беу, дүние –ай! Сол бір азаттықтың алғашқы жылдарындағы көтеріңкі көңіл –күй – ай! Неткен ғажап күндер еді!

Көп ұзамай азаттықтың алғашқы «Қызығы мен шыжығы» басталды. КСРО – дан қалған кеңістікте экономикалық, саяси аласапыран дауыл бас көтерді. Осы тұста Қазақстан Президенті кеңестік экономикалық кеңістікті сақтау туралы дабыл қақты. Экономика болса ай санап емес күн санап құлдырап бара жатты. Президент Қазақстан халқы бос жатқан жерді бөліп алып, картоп егуге шақырды. Ең болмаса халықтың қарны ашпасын дегені болса керек. Жиған – тергені бір күнде желге ұшып, зауыттар, фабрикалар тоқтап, жұмыс орындары жабыла бастады. Қазақстанның болашығына қолды бір сілтеп көшіп кеткендер де болды.

Қазақстан Тәуелсіздгін жариялаған бетте араға 18 минут салып тәуелсіздігімізді бірінші болып Түркия мемлекеті таныды. «Қазақстанның Тәуелсіздігін тану үшін ертеңгі таңды күтіп тұра алмадық» деп жүрекжарды қуанышымен бөліскен Түркия президенті Тұрғыт Өзалды сол үшін Нұрсұлтан Назарбаев айрықша құрмет, дос тұтты. Тәй – тәй басқан Тәуелсіз Қазақстан үшін бірінші басымдық мемлекеттік қауіпсіздік болды. Тәуелсіздікті тану ересек жанның жас балаға қолұшын берумен бірдей еді. Әлі шекарасы толық белгіленіп бітпеген, әскері құрылмаған жас Қазақстандағы достық қолын алғашқы екі аптада 18 ел ұсынды. Бір жылда Қазақстан Тәуелсіздігін 108 мемлекет таныды. Тәуелсіздікке 3 ай толған кезде БҰҰ –ға мүшелікке қабылданды. Көк туы әлемнің 180 – нен астам елдердің тулары қатарында желбіреп тұрды. Президентіміз Қазақстанның халықаралық аренадағы негізгі бағытын айқындап, әлем картасында жаңадан пайда болған Қазақстан Республикасының геосаяси орнын белгіледі.

Кеңес Одағы ыдырай салысымен Елбасымыз араға екі апта салып, кеңестік республика басшыларын жинап, Алматыда ТМД қауымдастығын құрып, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын құруды жеделдетті. Бұл ұйым мүшелері сырттан басқыншылық болған жағдайда бірін – бірі қорғауға міндеттенді. Назарбаев Н.Ә. экономикасы жамбастап жатып қалған Қазақстанды бұрынғы социалистік қоғамдық меншік нысаналарын қысқа мерзімде жекеменшікке айналдыру арқылы бұл қиындықты да жеңіп шықты. Өзінің Тәуелсіз мемлекетін, егемен елін, көп ұлтты жұртын нарыққа бағыттауда және оның нақты нәтижесіне қол жеткізуде тұңғыш бола білген шынайы реформатор Н. Назарбаев өз елінің бүкіл қиын – қыстау және шарықтау кезеңдерін бастан кешірді. Елдің даңқы мен атағы үшін, бейбіт өмір сүруі үшін қызмет ету барысында жаңашыл идеялары мен бастамалары ұшан теңіз көшбасшы халықтың қолдауына үлкен сенім артты. Ядролық қарудын бас тартуда тұңғыш стратегилық көрегендік танытты.

Егемендігіміздің айрықша белгілері – ҚР рәміздері, ҚР Ата Заңының қабылдануы, Ұлттық валютамыздың айналысқа енуі, мемлекеттік шекараны бекітуі, Қазақстан қарулы күштерінің құрылуы, «Менің Қазақстаным» әнінің Елбасы сөздерімен толықтырылып, Тәуелсіз елдің ән ұраны дәрежесіне айналуы, жаңа Астананың бой көтеруі ұлттық мақтанышымызға айналды.

Елбасы тұңғыш рет бесекелестікке қабілетті экономикаға ие елу елдің қатырына кіру туралы биік мақсат қойды. Еліміздің алдыңғы онжылдықтарда дамуының ерекшеліктерін анықтайтын «Қазақсатан – 2030», «Қазақстан – 2050» стратегиялары, «ЭКСПО –2017» бүкіләлемдік көрмесін ұйымдастыруды жүзеге асыруда Н. Назарбаевтың есімімен байланысты. «Ұлт көшбасшысы» ресми атауының иесі өзінің 28 жыл еңбек жолында жыл сайын халқына бағыт –бағдар беріп, жолдау жолдап отырды. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»; «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»; «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»; «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»; «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»;


Ғұлама Ж. Баласағұни «Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей» деп тегін айтпаса керек. Отбасында ұл –қызымызға рухани құндылықтарды үнемі насихаттап, білім мен тәрбие алып отырған алдымыздағы шәкірттерімізге ұлттық сананы қалыптастыруды бүкіл қоғам болып, жұртшылық болып қолға алсақ ұтарымыз көп болар еді. Елбасы бағдарлаған ұлы мақсат – мұраларды жүзеге асыруда мыңдаған ұстаздар қауымының қатарында өскелең ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңірту, насихаттауды басшылыққа ала отырып қажырлы еңбек жасағанымыз абзал деп түсінеміз. Ұрпақ келешегіне алаңсыз болар едік. Мектеп бағдарламасына енгізілген ұлттық құндылықтар - ұлттық идеялар негізінде мектебімізде шәкірттерге ұлттық патриотизм, елжандылық, ұлтжандылық, гиманизм, адамгершілік, ұлтаралық сыйластыққа негізделген түрлі тақырыптық тәрбиелік іс – шаралар үнемі жүргізіліп келеді. Сөзімізге дәлел ретінде, дәстүрлі өткізіліп тұратын «Менің Призидентім» – президенттік сағат, «Бүгіннен нұрлы болашақ», «Келешегі жарқын, мақсаты айқын Қазақстан» тақырыбындағы тәрбие сағаттары.

Қазақтың абыройын асырып, мерейін тасытқан ел тәуелсіздігі. Сондықтан біздің басымызға бақ болып қонған Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз! Алаштың айбыны, барша қазақтың ортақ Отаны – Қазақ елінің тәуелсіздігі жолында аянбай тер төккен тұлға Н. Назарбаевтың алға қойған міндеттерін жүзеге асырудың бір жолы, мектеп ұстаздарының үлгі көрсетіп, өнеге бола білуі мектеп оқушыларын патриоттық рухта тәрбиелеуге де игі әсерін тигізеді деп сенім білдіремін.

Елбасымыз Назарбаев Н.Ә. «Еңбектеген баладан, еңкейген қартымызға дейін Отаншыл болуымыз керек», «Мен қазақпын» деп өз ұлтыңды мақтаныш тұтқың келсе, онда тарихыңды біл. Сонда ғана болашағың айқын», «Біз өткенімен де, бүгінімен де мақтанатындай ұлт болуымыз керек», «егер патриот болсаң ғана Қазақстан мемлекеті «Мәңгілік елге» айналады.» – деді.

Елбасымыздың басты мақсаты: Келешек ұрпақтың тәуелсіз, алдыңғы қатарлы елде өмір сүруі, Қазақстанның көк байрағының мәңгілік желбіреуі.

Біздің мақсатымыз: Бейбітшілік замандағы патриотизм, біздің жағдайымызда береке – бірлік, білім саласында бәсекелестік, экономикалық өрлеуге үлес қосу, қазақтар үшін ұлттық мүддені қорғау және сақтап қалуды басты мақсатымыз деп білеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Қазақстан тарихы журналы №2 2016 жыл

  2. Қазақстан тарихы журналы №1 2016 жыл

  3. Қазақстан тарихы журналы №10 2015 жыл

  4. Қазақстан тарихы журналы №11 2016 жыл

  5. Қазақстан Стратегиялық Зерттеулер Институты http://www.kisi.kz/index.php/kz/poslaniya-narodu-kazakhstana?start=20


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет