Орындаған: Берікболова Н. Д. Мист123 топ магистранты Тексерген: Джумажанова Г. К



бет3/3
Дата17.04.2023
өлшемі1,25 Mb.
#174723
1   2   3
Байланысты:
Семинар 10
АҒЫЛШЫН айжанdocx, Тапсырма, МОДУЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ млдуль-1 (Автосохраненный) (Автосохраненный), Сабақ 30, Сабақ 29
Оперативті жоспар - ұйымның өз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді ұйым жоспарын айтуға болады.
  • Оперативті бақылау дегеніміз- пайдаланбаған резервтерді, қойылған мақсаттарға жетудегі нәтижелерді талдау және бағалау.
  • Бақылау жоспарлау процесін аяқтап және жаңа жоспарлау шешімдеріне бастама болады. Тиімді бақылау басқарудың — жоспарлау, ұйымдастыру және мотивациялау сияқты функцияларымен үнемі байланысты болу керек. Бақылау функциясының нәтижесі жоспарды қайта құру, ұйымның басқару құрылымын жетілдіру, мадақтау жүйесін жақсарту т.б. түрінде болуы мүмкін.

Оперативті бақылау

  • Оперативті бақылау күнделікті операцияларды бақылап, қайталана береді және автоматизациялануға оңай көнеді.
  • Бақылау әртүрлі бөлімшелер жұмыстарының нәтижесі туралы информацияны жинап, өңдеп және бара береді.
  • Бақылау функциясы — мезгіл-мезгіл басшыны күнделікті жұмыстардың жағдайын, яғни жоспарды орындау барысымен таныстыру болғандықтан, бақылау функциясы мен жоспарлау функциясы арасында тікелей байланыс бар.

Бақылау процесс ретінде келесі этаптардан тұрады:


1. Өнірістік процесстерді орындау саласы және басқа операциялар салаларында стандарттарды тарайындау;
2. Нақтылы нәтижелерді нормалармен салыстырып ауытқуларды анықтау;
3. Ауытқуларды жоюға немесе жоспар мен нормаларды қайта құру арқылы іс-қимылдар ұйымдастыру.
Бақылаудың тиімділігі шешімдердің қаншалықты жылдам және дәлелді қабылданатынына тәуелді. Бақылау жүйесі тиімді болса басшының назары маңызды мәселелер шешімдерінде болады.

К.Маркс өзінің «Капиталында»: «Менеджер дегеніміз – жалдамалы қызметкер» - деген. Ал қызметкерді жалдау деген, қанаумен тең болды.
Менеджердің міндеттері:
1. Басшы қызметкерлерді іріктеп, жұмысты жүйелеп бөліп, әрқайсысының міндеттерін анықтайды;
2. Әрбір қызметкерлердің ролін белгілеп, ұйымның құрылымын құрады;
3. Еңбек ақы құрылымын анықтап, қызметкерлердің штаттық кестесін белгілейді;
4. Жұмыс барысын бақылау арқылы мақтау немесе жазалау шараларын қолданады;
5. Еңбек нәтижесіне байланысты жоғарылату, төмендету және жұмыстан босату шараларын қолданады.
Менеджер осы аталған міндеттерді орындай отырып, басқару ісінде, адамдармен қарым-қатынаста өзінің аса бағалы қасиеттерін көрсете білуі керек.
ЕСКЕРТПЕ
менеджерге мынадай талаптар қояды:
- басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы және осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс;
- басшы қуғындаушы болмауы тиіс, нағыз басшы қарамағындағыларды баулып алға тартады;
- басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс;
- басшы қатал, әрі талап қойғыш болуы тиіс;
- сынды қабылдай білуі, өзі де әділ сынай білуі тиіс;
- басшы жылы шырайлы, әдепті болуы тиіс;
- әзілдей білуі және әзіл-қалжыңды түсіне білуі тиіс, адамдардың көңіл-күйі жақсы болса, еңбек өнімділігі артады;
- табандылық пен өжеттілік;
- тәуекел етуге дайын тұру (біреуге жалтақтамай іске бел шешіп кірісу);
- болып жатқан өзгерістерді жіті қадағалау;
- байланыс орнатуға қабілеттілік (коммуникабельность).

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Основы менеджмента: Учеб. для вузов / Д.Д. Вачугов, Т.Е. Березина, Н.А. Кислякова и др.; Под ред. Д.Д. Вачугова. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Высшая школа, 2003.
  • Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. - М.: Гардарики, 2007.
  • http://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/98318
  • https://www.u-b-s.ru/personal/operativnoeupravlenie.html


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет