Орындаған: Әмірхан Даулет Қабылдаған: Жолсейтова Мағрипа Тобы



бет2/7
Дата27.04.2022
өлшемі94,72 Kb.
#140996
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әмірхан Дәулет БӨЖ д

2.Негізгі бөлім
2003, 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары Астанада өткен Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының съездері тәуелсіз Қазақстан тарихында ғана емес, әлемдегі аса ірі халықаралық іс-шаралардың бірі болды. Форумдардың сәтті өтуі Қазақстанға үлкен саяси дивидендтер әкелді, қазіргі заманның аса өзекті проблемаларына барабар жауап беретін кемелденген мемлекет ретінде халықаралық аренадағы беделінің артуына себепші болды. Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының съезі Қазақстанның дінаралық сұхбат үдерісіне қосқан қомақты үлесі болды және төзімділік, өзара түсіністік пен ынтымақтастық қағидаттарын нығайтуда әлемдік қауымдастықтың алдында айрықша орын алды.
I-съезд. Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының Бірінші съезі 2003 жылдың 23 қыркүйегінде болып өтті. Бұл ұлағатты жиынды өткізу идеясын ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болса, бұл идеяны Әлемдік ислам лигасы, Әлемдік еврей конгресі, Ватикан, Орыс православие шіркеуі және тағы басқа толып жатқан діни бірлестіктер мен топтар, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ сияқты халықаралық қауымдастықтар құптап, қатысуға келісім берді. Сөйтіп, аталған съезге Азия, Африка, Таяу және Орта Шығыс, Америка, Канада, Еуропа елдерінен 18 делегация келді. Бірінші съездің басты басымдылықтары болып мыналар белгіленді: адам тіршілігінің мызғымас қағидаттары ретінде бейбітшілікті, келісім мен төзімділікті қабылдау; діндер, конфессиялар, ұлттар мен этностар арасындағы өзара сыйластық пен төзімділікке қол жеткізу; адамдардың діни сезімін кикілжіңдер мен әскери іс-әрекеттерді ушықтыру үшін пайдалану талпыныстарына қарсы тұру. Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының Бірінші съезінің қорытындылары бойынша «Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының Бірінші съезінің Декларациясы» қабылданды.
Съезге қатысушылар: «...Әр адамның өз дінін еркін таңдауына, танытуына және ұстануына деген өз құқығын мойындай отырып, Дінаралық үнқатысуды халықтар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді орнықтырудың аса маңызды құралдарының бірі деп санай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да мүдделі халықаралық және өңірлік ұйымдардың, сондай-ақ үкіметтердің, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өркениеттер арасындағы үнқатысуды өрістету жөніндегі күш-жігеріне қолдау білдіре отырып, Діннің бүкіл адамзаттың игілігі үшін маңызын қуаттай отырып, Дінді дұрыс түсінбеушілікті және діндер арасындағы айырмашылықты менменшіл, бүлдіруші және зорлықшыл мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде дұрыс пайдаланбаушылықты айыптай отырып, Адам өмірінің қасиетпен сыйлануына және әр адамның артықшылығына деген құрмет дәрежесінің кеміп бара жатқандығын, кедейлік, аштық, сауатсыздық, аурулар, имансыздық, сондай-ақ таза су мен денсаулық сақтауға қол жеткізудің шектеулілігі туғызатын жаһандық тұрақтылыққа төнген елеулі сынақтарды, Дауларды шешудің негізгі құралдары ретінде қанауды, қатыгездік пен зорлықты пайдалануды, Дүние құрсауында қалған, қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін қатерлі салдары бар экологиялық дағдарысты түйсіне отырып» былай деп Мәлімдеме жариялады: «Төзімділік, ақиқат, әділдік және сүйіспеншілік секілді құндылықтарды өрістету кез келген діни уағыздың мақсаты болуы тиіс, Экстремизмнің, лаңкестіктің және дін жолында делінетін зорлықтың басқа формаларының діннің шынайы түсінігімен ешқандай ортақтығы жоқ, олар адам өмірі үшін қатер болып табылады және, тиісінше, қабылданбауы тиіс, Дін төзімділік пен өзара қабылдаушылықты барлық халықтардың бейбіт қатар өмір сүруінің елеулі құралы ретінде мойындай отырып, ынтымақтастыққа көбірек ұмтылуы тиіс, Ағартушылық бағдарламалар мен әлеуметтік қатынас құралдары дін мен мәдениеттерге деген оң көзқарасты өрістету жөніндегі маңызды аспаптар болуы тиіс, Дінаралық үнқатысу қоғамдық даму мен барлық халықтардың әл-ауқатын жақсартудың, түрлі мәдениеттер мен діндер арасындағы төзімділікті, өзара түсінушілік пен үйлесімді ынталандырудың шешуші бір әдісі болып табылады, сондай-ақ жанжалдар мен зорлықты еңсеруге жәрдемдеседі, Барлық адамдар қауымдастығы жеккөрушілікті, өшпенділікті, төзбеушілік пен дәріптеушілікті еңсеруге ынталандыруы тиіс. Біз жаңа мыңжылдықта бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатымен рухани құндылықтар мен үнқатысу мәдениетін өрістету ісінде ынтымақтастықты күшейтуге тиіспіз. Біз діни айырмашылықтарды жеккөрушілік пен дүдараздықтың құралы ретінде пайдалануға жол бермеу және адамзатты діндер мен мәдениеттердің Жаһандық жанжалынан қорғау үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдыруға әзірміз, Біз адамзат үшін бейбітшілік пен прогрестіқамтамасыз ету жөніндегі және болашақтағы үйлесімді дүниенің негізі ретінде қоғамдарда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бірлескен іс-қимыл күтеміз, Біз қазақстан Республикасына және Жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа осы съезге бастамашы болып өткізгені үшін алғыс айтамыз, Біздің міндеттемелеріміз шапағатты болсын және барлық халықтарға әділдік, бейбітшілік және өркендеу сый болсын». Сондай-ақ съезге қатысушылар жер шарында бейбітшілік пен келісімді орнықтыру ісіндегі діннің рөлі туралы сұхбаттасудың жемісті сипатын назарға ала отырып және бүкіл әлем діндері өкілдерінің арасындағы сындарлы үнқатысудың қажеттілігі туралы ортақ түсінікті білдіре отырып, Съездің атауын және тұрақты хатшылықты бекітіп, съезді кем дегенде әр үш жылсайын өткізіп тұру және келесі жиынды астанада өткізу туралы Шешім қабылдады. Дүниежүзілік және дәстүрлі діндердің басшыларын бір үстелдің басына жинау айғағының өзі үлкен халықаралық деңгейдегі баға жетпес прецедент болды деуге болады. Тарихқа көз жүгіртсек, өткен замандарда діни айырмашылықтарға байланысты қырғын соғыстардың болғанын теріске шығаруға болмайды. Айқыш соғыстары соның бір дәлелі. Дегенмен, сұхбат пен келісімге келудің де үлгілері болды. Христиан дінінің әлемдік тарихында ерекше бір оқиға несториандық патриарх Тимофейдің понтификаты дәуірінде (780-819 жж.) орын алды. Дүниежүзілік діндер съезіне ұқсас шараны XIII ғасырда Қарақорымда Шыңғыс-ханның өткізгені туралы дәл емес деректер тарихнамада кездеседі. Дегенмен, дінаралық сұхбат мәселесі соңғы жүзжылдықтарда өзекті түрде көтеріле бастады. Христиандар мен мұсылмандардың алғашқы ресми кездесуі 1970 жылы 20 желтоқсанда Ватиканда жүзеге асты. Конфессиялар арасындағы келесі бір маңызды шаралар 1972 жылдың 18 шілдесінде Ливандағы ислам-христиан кездеуінде, 1974 жылдың 9-15 қыркүйегінде Кордовадағы ислам-христиан конгресінде, 1974 жылдың 11-17 қарашасында Тунистегі христиан-ислам коллоквиумында, 1986 жылы Италияның Ассизи қаласында экумендік бата жасауға көптеген дін өкілдерінің жиналуы діндер арасындағы сұхбатқа жол ашты. Ал Әлемдік және дәстүрлі діни конфессиялардың Бүкілдүниежүзілік съездерінің Астанада өткізілуі осы дінаралық сұхбатты одан ары дамыта түсті және бұл үдеріске әртүрлі дін өкілдері мекен ететін біздің еліміз де белсене араласты. Осындай халықаралық және жергілікті форумдарда дінаралық сұхбат мәселесінің көтеріліп, талқылануы қазіргі әлемде діннің өте маңызды рөл ойнайтынын, діннің ізгілік пен бейбітшілік негізінде адамдар мен қоғамды топтастыра алатынын, діннің заман талаптары мен қауіптеріне лайықты жауап бере алатынын, діннің адамгершілік мәдениетті көтеретінін, дінаралық келісімнің игілік екенін мойындауға әкеледі .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет