Орындаған: Ерұзақ П. Тобы:Өко-711 Түркістан 2019ж Жоспары


ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар



бет8/8
Дата29.01.2022
өлшемі63,94 Kb.
#115607
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Педагог кәсібилігі.ПЕРИЗАТ
психология 10 апта
ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп, сабағын креативті жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады.

Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді.Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқу, «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, инновациялық оқыту, ақпарат құралдарының, мультимедиалардың көбеюі мұғалімнің еңбегінде оқулықтарды жалаң пайдалануды артқа тастады. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымдарды бала тәрбиесіне негіз етіп алуы тиіс. Оқушы ықпал ету обьектісі емес , ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет.

Қорытынды
В.А.Сухомлинский: «Барлығы да балалық шақтан басталады, жас өспірімдердің моральдық бет-бейнесі адамның балалық шақта қалай тәрбиеленуіне байланысты» — деп есептейді. Баланың дүрыс тәрбиеленуі үшін оның тәрбиесін жүзеге асыратын мүғалім, педагогқа қойылатын талаптар кәсіби құзіреттілік шарттарына сай болуы керек. Кәсіби құзіреттілікке қатысты анықтама және оның құрамды бөліктері жоғарыда аталып өтті, олардан аңғарғанымыздай маманның кәсіби құзыреттілігіне мүғалімнің бойында болуға тиіс барлық қасиеттер енеді.                                                           

Педагог маман сыныпта жүргізілетін пәндерде балаларға       берілетін барлық білімді жетік білуі, материалды түсінікті жеткізуі, оқушылардың білімін дүрыс бағалай білуі, олардың бойында тәжірибелік білімдерді қалыптастыруы.

Педагогтың кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, оқушылармен дүрыс қарым – қатынас ор-нықтыра білу, ата – аналармен тіл табыса алу, сөйлеу мәдениетін жаттықтыру сияқты қасиеттер мүғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушылары мен олардың ата – аналарына сыйлы болатына даусыз.

Өзін-өзі дамыта отырып, оқушыларды арнайы үғымдар мен терминдерді пайдаланып сөйлеуге үйрету, оқушыларды ғылымға жақындатады, әрі олардың алған білімдері негізді болады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын ояту, оларды өздігінен білімдерін жетілдіруге дағдыландыру, сабақты жүргізуде қазіргі іс -тәжірибе мен еткеннің озық тәжірибелерін шебер пайдалана білу оқытушының құзыреттілігін танытады.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. — Алматы: КазПИ,1991.

2. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. — Ал-маты: Педагогика, 2000

3. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. — Москва: Академия, 2004.



4. Кенжебеков Б.Т. Педагогика ғылымдарының.докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. Жоғарғы оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби қүзіреттілігін қалыптастыру. — Қарағанды, 2005.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет