Орындаған: Жамболат. А



бет2/2
Дата01.03.2023
өлшемі94,64 Kb.
#170716
1   2
Байланысты:
ТМТ бөж Азербайжан
5 курс ЖДПН тест
Ауыл шаруашылығы
Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әртүрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзірбайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әртүрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.
Әзірбайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 59 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахчыван автономиялық Республикасы енеді. Нахчыван автономиялық Республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің құрамында болған Таулы Қарабақ автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Қарабақтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2010 жылы Әзірбайжан аумағында 9,0 миллион адам тұрды, қала халқының үлесі 52%-ды құрады.
Халықтың орташа тығыздығы 99 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкоран ойпаты мен Апшерон түбегінде халық тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Құра жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен.
Әзірбайжан — көпұлтты ел, бірақ соңғы онжылдықта орын алған ұлт араздығы салдарынан жергілікті емес ұлт өкілдері ел аумағынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Таулы Қарабақ мәселесіне байланысты Армениямен жанжал шиеленіскен жылдары көптеген әзірбайжандар тарихи отанына қайтты. Сол себепті қазіргі кезде ел халқының ұлттық құрамында әзірбайжандар үлесі артып отыр. Олар халықтың 82%-ын, орыстар 6%-ын, армяндар 5%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (лезгин, талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. Негізінен, әзірбайжан (мемлекеттік тіл), орыс және түрік тілдері басым таралған. Дінге сенушілер арасында мұсылмандар басым, сондай-ақ христиан дінінің православие тармағының өкілдері де біршама.
Cыртқы экономикаcы
Әзірбайжан Республикасының сыртқы экономикалық, байланыстарында ұзақ жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі де ұлғаюда. Әзірбайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт көлемі экспорттан асып түседі. Қазақстан мен Әзірбайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстанда Әзірбайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.

Назарларыңызға рахмет !!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет