Орындаған: Тексерген:. Телязиоз



бет5/6
Дата11.03.2022
өлшемі6,85 Mb.
#135078
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-36614
Вашков В.И. Антимикробные средства и методы дезинфекции при инфекционных заболеваниях, Абдиева Г.Ж.-4, зерт сабак, ВС 1-ші зертханалық сабақ., Балык 2-3, Презентация
Өсiп-өнуi
Ақтық иелерi-жылқы тектес жануарлар. Аралық иелерi- үй шыбындары /Musca domestica/ жəне қара шыбындар /Stomoxys calcitrans/.
Musca domestica
Stomoxys calcitrans
  • Жылқы асқазанындағы құрт ұрғашылары көптеген жұмыртқалар салады, олар түлiктiң нəжiсiне қосылып, сыртқы ортаға шығады.
  • Сыртқы ортада нəжiстегi жұмыртқалармен шыбын балаңқұрттары қоректенедi. Шыбынның личинкалары бастапқы кезде қауызшаның iшiнде болып, кейiн ересек шыбынға айналады да, ал оның денесiндегi паразит балаңқұрттары 0,5 айдан кейiн жұқтыру дəрежесiне жетедi.
  • Жылқы гельминтозға əртүрлi жолдармен шалдығады.
  • Шыбын мал танауының маңына қонған шақта, паразит балаңқұрттары шыбынның тұмсығынан шығып тез қимылдап, малдың ауызына кiредi, одан əрi азық немесе сумен бiрге асқазанға барып түседi де 1,5-2 айдан кейiн өсiп, жынысы жетiлген ересек құртқа айналады.
  • Ал кейбiр жағдайда тыныс жолы арқылы өкпеге түсiп, “габронема түйiнiн” түзедi.
  • Егер де шыбын терi жарақатына қонса, онда “терi габронемозы немесе драшейозы” пайда болады. Оларды кейде “жазғы ойық немесе ойылым жаралар” деп те атайды. Терi жарасы мен өкпеге түскен балаңқұрттар əрi қарай дамуын тоқтатады.

Эпизоотологиясы
Драшейоз жəне габронематоз Қазақстанның барлық жерiне тараған, əсiресе Оңтүстiк өңiрлерiнде жиi ұшырайды. Қолда ұстаған қорадағы малдың бұл дертпен барлық жастағысы ауырады.
Олар бұл кеселге тек жазда, шыбын ұшқан мезгiлде шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет