Орындаған: Тексерген:. Телязиоз


Аурудың өрбуi жəне өлекседегi өзгерiстер



бет6/6
Дата11.03.2022
өлшемі6,85 Mb.
#135078
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-36614
Вашков В.И. Антимикробные средства и методы дезинфекции при инфекционных заболеваниях, Абдиева Г.Ж.-4, зерт сабак, ВС 1-ші зертханалық сабақ., Балык 2-3, Презентация
Аурудың өрбуi жəне өлекседегi өзгерiстер.
Ең қауiптi құрт драшейа, ол қарынның кiлегейлi қабығы iшiнен бiрнеше iсiктердi тудырады, олардың көлемi жаңғақ, кейде тауық жұмыртқасындай болады. Iсiктердiң iшi көптеген дəнекер қалқаншалар мен бөлектенген түтiкше жолдардан құралғандары байқалады. Ондағы сарғышсұрғылт қою заттар арасынан жүздеген гельминттер табылады. Iсiктердiң төбесiнде үңгiрлi тесiктер көрiнiп тұрады. Кейде iсiктер iрiңдеп, қарынның тесiлiп кету қаупiн туғызады, құрсақ қуысының сiрi қабығы қабынып, процесс зардапты перитонитке апарып соғады. Габронемалар асқазанның кiлегей қабығына бекiнiп, оны жарақаттап, қабындырады. Кейде ойылымдар пайда болады, ас қорыту бездерi семiп кетедi. Нəтижесiнде қарынның қызметi бұзылады, қозғалу-жиырылу, сөлшырын шығару қабiлетi нашарлайды. Терiге енген габронема балаңқұрттары жаз бойы жазылмайтын iсiнген жараларды тудырады, артынан олар ойылымға айналады.
Ал өкпедегi “габронема түйiнiнiң” үлкендiгi орман жаңғағына дейiн жетедi, iшi iрiңмен балаңқұрттарға толы.
Сырт белгiлерi.
Дертке шалдыққан жылқыда гастроэнтерит, кейде түйнеу белгiлерi байқалады.
“Жазғы ойылымдар” мал денесiнiң əр жерiнен жаз айларында пайда болады.
Диагностика
  • Драшейоз бен габронемотозға диагноз қою үшiн И.П.Горшков (1944) əдiсiн пайдалануға болады. Мұның негiзi ларвоскопиялық Берман тəсiлiнен туындайды.
  • 200-300 г. жылқы нəжiсiн дəкеге орап воронкаға салады. Немесе сынама нəжiстi воронканың iшiне орнатқан темiр не пластмассадан жасалған тесiктерi тар арнайы тор үстiне қояды. Шүмегiн темiр қысқашпен қысып тастайды.
  • Воронкаға қанжылым су құйып, 6-24 сағат тұндырады.
  • Белгiленген уақыт өткен соң шүмектi ашып, тұнбадан шыны түтiкке құйып алып центрифугамен 2-3 минут айналдырады,
  • шөгiндiден микроскоп арқылы паразиттi iздестiредi.
  • “Терi габронемотозын” анықтау үшiн ойылымдардан қырынды алып зерттейдi.
  • Өлексенi жарып зерттегенде қарыннан үңгiрлi тесiктерi бар iсiктер байқалады, оларды саусақпен қысып, iшiнен драшейа құрттарын шығаруға болады.
  • Габронемалар ағзаның кiлегей қабығынан табылады, өкпедегi “түйiндерден” балаңқұрттар iздестiрiледi.

Емi
Қолданылатын дəрiлер иодтық су ерiтiндiсi, төртхлорлы көмiртегi жəне күкiрттi көмiртек. Иодтың су ерiтiндiсiн 4 мл-дей мөлшерiнде жылқыға танау-өңешке түтiк арқылы құяды. Бiрақ жануарды емдеу алдында терi астына 0,2-0,3 г морфи жiбередi.
Төртхлорлы көмiртегiнi сақа малға 40-50 мл есебiнде түтiк көмегiмен iшкiзедi. Күкiрттi көмiртек - жағымсыз иiстi, түссiз сұйық. Бұл дəрмектi желатин капсуласымен 6 мл көлемiнде үш дүркiн бередi.
“Терi габронемозын” оташылдық тəсiлдермен емдейдi.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет