Орындаған: Тобы: Қабылдаған: Ата-аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі



Дата07.02.2022
өлшемі24,53 Kb.
#95817
Байланысты:
Документ (239)
1111, 1111

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Ата-аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:


Ата-аналармен сынып жетекшісінің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі
В. А Сухомлинский оқушылардың ата-алаларымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып “Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін”, – дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да, педагогикадық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары олардың өзара қарым-қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясын оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектептегі басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – оқушы, ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда. Бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару, т.с.с.
Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.
Сондықтан, ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтастық жұмыс істеулерін қажет етеді.
Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылыкды ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өзара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егер тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.
Дегенімен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата-аналар өз тарапынан мектепке тұрақты көмектесуге міндетті.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі:

  • баланың өмірін ұйымдасыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында;

  • баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын тиімді ұйымдастыру тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;

  • баланың әлеуметтік-дидактикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асырудың болуында;

  • баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

  • балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналар мен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;

  • баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы тануын білуі үшін;

  • балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әр түрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді біріктіру үшін;

  • сынып жетекшісі, оқушылар және ата-аналардың жағымды көңіл-күйін, өзара жағымды түсінігі мен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.

Ата-аналарнен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мәдениет деңгейін отбасының жеке басқа ықпалын, ата-ананың педагогикалық білім дәрежесінің жай-күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.
2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез-құлық нормаларын балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.
3. Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі, әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмысқа қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру, т.б. жұмыстарды міндеттейді.
4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларда, семинарларда, ғылыми-практикалық, конференцияларда, ана-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерді насихаттау.
Ата-анамен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық бімімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата-аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық және психологиялық зерттеулер нәтижесі ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда.
Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет  ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық, ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.
Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсаруды көздейді.
Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды: балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданылады:

  • сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жарық саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с);

  • жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысын өткізу, т.б.);

  • балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне, т.б.;

  • мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

  • өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

  • балалардың аула клубтарын құруға;

  • мектеп және сынып кеңестерінің жарыстарына;

  • мектеп немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысуға, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

  • мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау, т.б.

Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналар иедеясын қалыптастыру, кеңес беру, бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұймыдастыруға кеңес беру, қолғабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады.
Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері, т.б.).
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс, тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және білімдерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағатын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде “ата-аналарды тәрбиелеу” деген ұғым пайда болуда. Ондағы көздеген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында, айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан, олар мұғалімдердің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасына тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі қоғамның дамуы осы бағытта жана талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бар тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиеленуін және дамуын міндеттейді. Егер мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл міндеттер шешімін табады. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.
Ата-аналармен жеке кездесу
Сынып жетекшілерінің, мұғаліндердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығуы мен бейімділігі, отбасымен,, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.
Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жаксы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін шақыруға тура келеді.
Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру  сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп басшыларының, борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді Осы күні олар мектепке келіп, оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педахогикалық кеңестер алады.
Ата-аналар жиналысы
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі залалдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. С. Әбенбаев «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы, 2004 ж.

  2. Н.Н. Болдырев «Класс жетекшісі» Алматы, «Мектеп» 1980 ж.

  3. С.С. Тілеуова, Әліпбек А.З. «Педагогика» Шымкент 2006 ж.

  4. И.Н. Болдырев «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы» Алматы, 1987 ж.

  5. Е.Ебдразақов «Класс жетекшілері үшін тәрбие жұмысын жоспарлау» Қазақстан мектебі.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет