Қорытынды аттестаттау тапсырмалары



бет14/68
Дата31.08.2022
өлшемі2,7 Mb.
#148454
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
9КЛ ЕМТ ТАПС
ыбырайтану, ахметтану 8кл, морфология, оку сауат, 11-сынып қазақ тілі БЖБ 1-тоқсан

Ә – мәтіні


Табиғат-тал бесігің

Кім болса да өзінің кіндік қаны тамған жері, туған өлкесі, оның табиғат таңғажайыптары, ерекше таулары мен орман-тоғайларымен мақтанатыны рас. Ол


– жазылмаған заңдылық. Өйткені жер бетіндегі ең сұлу, ең әдемі жер – кез келген адам үшін туған жері. Сол туған жерінің табиғат байлығы. Табиғаттың сыйға тартқан байлығын, тау-тасын, өзен-көлін ата-бабаларымыз қорғаштап, күтіп- баптап жүріп бізге жеткізді. Біз өз кезегінде ұрпағымызға бүлінбеген қалпында аманаттауымыз керек. Табиғатты аялайық, оны қорғайық деп дабыраны көп жасағанымызбен, шынайы іске келгенде тоқырайтын да сәттер болатындығы бүгінгі күннің шындығы.

Соңғы кездері екінің бірі аңшылықты әуес көріп, онымен айналысуды


«модаға» айналдырды. Әсіресе хайуанаттар әлеміне көз салушылар мен қол сұғушылардың көбейгендігі де жасырын емес. Арнаулы рейд кезінде аудан тұрғыны Б.К.ның қолындағы ұзындығы 50 метрлік балық ұстайтын торды тәркілеген мамандар, арнайы құжат толтырып, акт жазып, балықшыға балық аулаудың ережелері мен тәртібін түсіндірді. Өзенді жағалай жоғары көтерілгенде
«КАМАЗ» жүк көлігіне отын басып жатқан бір топ жігітті байқадық. Олардың да отын алуға рұқсаттары болып шықты. Заң бұзушылық байқалмады.
Табиғатты баға жетпес байлыққа теңейміз, ал оның қорғалуы мен сақталуына келгенде салғырттық танытып жататынымыз да жасырын емес. Әр адам орман мен қорықтардағы аң-құстардың, тал-теректің көбеюіне, өсіп-өнуіне себепкер болып отырса, нұр үстіне нұр. Өйткені болашақ ұрпақ алдында бабадан қалған енсіз байлық табиғаттың құрып кетпеуі бүгін біздің қолымызда болса, ертең балалар сол дәстүрді жалғап, өз ұрпағына жеткізуі үшін де мақсатты жұмыс керек-ақ.

Тапсырма


Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Табиғат ресурстарын қорғау ел болашағы үшін қаншалықты маңыздыдеген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 100-150 сөз болуы қажет.


[20]


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
(жалпы орта білім беретін мектептердегі қазақ тілінде оқытылмайтын сыныптарға) Нұсқа №1


Төменде берілген мәтінді оқыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет